Пән: сауат ашу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
2-бөлім «Менің мектебім»
|
Мектеп: №42ОМ
|
Күні:28.10.2016
|
|
Сынып: 1а
|
|
|
Сабақтақырыбы
|
«Менің мектебім» У дыбысы және әрпі
|
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
1.1.1.1 Өзгелерді тыңдайды, түсінеді және кейбір тұстардың не туралы екенін біледі
1.2.9.1 әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушы орындай алады: Өзгелердің сөзін тыңдау, түсініп кейбір тұстарының не туралы екенін айту;у дыбысы бар сөздерді,буындарды оқу, жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазады.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады кеспе әріптерден сөз құрастыру,сөздегі дауысты, дауыссыз дыбыстарды анықтайды, тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіреді, сөздің буыннан тұратынын түсінеді және сөздегі буын санын анықтайды
Кейбір оқушылар Оқиғаны ретімен жай сөйлемдерді қолданып баяндауға үйренеді (мұғалім көмегімен) у дыбысы бар сөздерді табады,жазады.У дыбысының дауысты,дауыссыз екенін ажыратады,кеспе буындардан сөздер құрастырады
|
Жетістік критерилері
|
Оқушылардың келесі қабілеттерін бағалау:
|
Сөздік қор
|
Өз мектебін сипаттау арқылы сөздік қорларын молайту.
|
Құндылықтарды дарыту
|
Оқушылардың топта жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру, сыныптасының сөзін тыңдауға үйрету,шыншылыдыққа баулу.
|
Пәнаралықбайланыс
|
Сөздердегі буын санын анықтау арқылы математика пәнімен байланыстыру.
|
Алдыңғы меңгерілген білім
|
Өз үйі туралы айтып үйренді.Сөздерді буынға бөлу, дауысты дауыссыз дыбыстарды анықтап үйренді,сөздік диктант жазуды меңгерді.У дыбысы мен әрпі
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақта жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
Оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру.
Шаттық шеңбері. «Мектебім» әнін тыңдау.
Балалар сендерге өлең ұнады ма?
Өлең не туралы?
Сендер мектепке не үшін келесіңдер?
Олай болса, Қазақ тілі әлеміне» саяхатымызды жалғастырып У дыбысы және әрпімен танысамыз.
|
|
Сабақортасы
|
Слайд №1. Аралық тақырып «Менің мектебім» бойынша балалардың ойын, тілін дамыту.
Балаларға мектептің суреті көрсетіледі.
Мектептегі қандай орындарды білесіңдер?
Суреттер көрсету: сынып бөлмесі, кітапхана, мәжіліс залы, асхана дәрігер бөлмесі, бассейн,/
(Т) Жол картасымен жұмыс
Мектеп асханасына баратын жол
Мектеп күзетшісіне баратын жол
Дәрігерге баратын жол
Спортзалға баратын жол
Далаға шығатын жол карталарын ұсыну. Оқушылар мектептегі түрлі орындарға қалай баруға болатынын көрсетеді, түсіндіреді сипаттайды.
Әңгімелеу барысында бірінші, алдымен, сонан соң, келесі,оңға,солға, алдында, артында ортасында деген ретті білдіретін сөздерді пайдалануына назар аудару.
Жолсызба туралы сұрақтар қою
(Қ)Оқушылардың дауыстап сенімді сөйлеуіне байланысты, бақылау арқылы бағалау.
Сұрақтар:
Мен бірінші қай жерге жетемін? Кітап сөресіне ме? Есікке ме?
сынып бөлмесінен кейін қайда барамын?
Кімнің есінде қалды, қай бағытқа бұрыламын?
Ал,балалар біз өткен сабақта қай дыбыспен таныстық?
(Т, Қ) Ойын «Адасқан әріптер»
Мақсаты: оқушылардың қызығушылықтарын арттырып,У дыбысы мен әрпі туралы білімдерін анықтау..
Шарты: әр топқа адасқан әріптер беріледі.
1 топ. /партада орындайды/
2 топ. /партада орындайды/
3 топ. /Тақтада орындайды/
4 топ. /Ойын алаңында/
5 топ. /Тақтада орындайды/
сөзін құрастыру керек.
/Сөздерді есте сақтау үшін қайталайды/
Құрастырған сөздері бойынша әңгімелейді.
Сергіту сәті. «Көңілді күн»
– Балалар, назар аударыңдаршы, осы сөздер қандай әріптен басталып тұр?
– Ал кейбір сөздерде у дыбысы сөздің ортасында және соңында кездеседі.
Дәптермен жұмыс.
Балаларға У әрпінің жазылу үлгісін көрсету.
(Ө)Тыңдалым/жазылым. Берілген 6 сөздің үшеуін қатесіз жаза алады.
У дыбысы бар сөздер айту.
Тау, ту, толу, ну, ору, палау.
|
https://www.youtube.com/watch?v=Vwa5zBMF_WU
|
Сабақтыңсоңы
|
(Қ)Оқушылардың тыңдағанын және түсінгенін тексеру үшін сұрақтар қою.
Ойын «Ыстық орындық»
– Балалар, у дыбысы қандай дыбыстар қатарына жатады?
– у әрпі неге ұқсайды?
Қай сөздерде у дыбысы кездеседі?
|
|
|
|
|
| |
|
Достарыңызбен бөлісу: |