Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқытудың маңызы



бет11/23
Дата21.01.2022
өлшемі467 Kb.
#113043
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23
Байланысты:
Пернеханқызы Балнұр
титул, Қазақша стандарт, Аятул курси суреси, essenzholova (pdf.io), essenzholova (pdf.io), Аятул курси суреси, аллельді емес гендердің әрекеттесуі, ескерту, КЕШЕН, А.Ж. глосарии, А.Ж.сөж, Жырау, СКЖ 111-81 Нурбеков Рауан Жасанды интеллект көмегімен криптографиялық жүйелердің тұрақтылығын талдау, 2
Синтетикалық әдіс. Бұл әдіс бойынша оқытқанда, балаларға әуелі әріп көрсетіледі, әріптің дыбыстық мәні үйретіледі, әріптердің буын, буындардан сөз құрастырылады. Оқыту процесі осылайша қосу тәртібімен жүреді де, құрастырған буын да, сөз де қайталаған дыбыстарға ажыратылмайды, яғни талдау жасалмайды. Егер әріптерден буын құрастыру жұмысы ғана жүргізілсе, әріптік жинақтау әдісі, ал, оқушыларға бірден буындар көрсетіліп, қосып оқытылатын болса, ол буындық жинақтау әдісі деп аталады.

Аналитикалық әдіс. Бұл әдіспен оқытқанда, балаларға әуелі тұтас тақтада жазылған сөз көрсетіледі, ол буындарға бөлінеді. Сөзді буындарға ажыратып, буындарды дыбыстарына зер салмастан жаттатып үйрететін әдісті буындық талдау әдісі деп атайды. Мұнда да буындар қайтадан жинақтайды. Буындар жаталады.

Аналитика-синтетикалық оқыту әдісі сөзді оның құрамды элементтеріне ажыратып, одан кейін сол сөз бөлшектерін қайтадан құрастырып, тиісті сөзді бастапқы қалпына келтіру түрінде жүргізіледі. Бұл әдіс те қолдану ерекшеліктеріне қарай буындық және дыбыстық болып бөлінеді. Егер сөз тек буынға ғана талданып, одан қайта тұтас сөз құрастырылса, онда буындық талдау-жинақтау әдісі делінеді. Егер сөз буындарына ғана емес, одан әрі дыбысқа дейін ажыратылып, сол дыбыс әріптерінен буын, буындардан барып тұтас сөз жинақтауды дыбыстық талдау-жинақтау әдісі деп атайды.

Енді сол әдістердің әрқайысысына қысқаша сипаттама берейік.



Әріп қосу әдісі. Ежелгі Греция мен Римде бұдан екі мың жыл бұрын пайда болып, оқу, жазу мәдениеті қалыптаса бастаған халықтардың көбіне тараған ең көне әдіс саналады. Бұл әдіс Россия мектептерінде он алтыншы ғасырдың ортасынан он алтыншы ғасырдың ортасынан он тоғызыншы ғасырдың орта шеніне дейін үш жүз жыл бойы қолданылды .Әріп қосу әдісінің негізгі объектісіне әріп алынады. Әріп қосу әдісімен сауат ашуға үйрету жұмысы орыс мектептерінде төрт сатылы тәртіппен жүргізілген , Әуелі әріптер алфавит бойынша түгелдей жаттатылады. Әріптер екі славян сөздерімен аталады. Мынсалы: а-аз, б-буки, в-веди, г-глагол т.б. Әріп аты болатын сөздің бірінші әрпі белгілі бір әріппен сәйкес келетіндігіне қарай бұл әдісті азбука әдісі деп атаған. Ал қазақ жеріндегі ислам дініне негізделген медреселерде азбука әдісіне ұқсас Әліпби әдісімен оқытқан. Мұнда да әріп аттары сол әріппен басталатын сөзбен аталатын .[12,53 б.].

Екінші сатыда буындар жатталады. Бұл жұмыс алдымен екі дыбысты ашық буын, содан соң тұйық буын, ақырында үш дыбыстан құралған ашық буынды жаттау жолымен жүреді. Балалар мұғалімнің әріп аттарын атап буын құрауына ілесіп айту жаттығу арқылы көптеген буынды жатқа алып дағдыланған. Мысалы: бу-ки-аз-ба; веди-,аз-ва; глаголь, аз-га т.б. Осылайша, дауысты дыбыс әрпінің атына дауыссыз дыбыс әріптерінің дыбыс әріптерінің атын тіркестіріп буын құрап үйретеді.

Үшінші кезекте балалар ежіктеу жолымен тұтас сөзді оқиды. Мұнда оқушылар әріп аттарын айта отырып буын құрайды, содан кейін құралған буындарды айтып, олардан пайда болатын сөздерді оқиды. Мысылы: трава сөзі былайша ежіктеліп оқытылады. Твердо, рцы, аз-тра; веди, аз-ва – трава. Осы тәсілмен қазақша алма сөзі былайша оқылар еді: аз, люди-ал; мыслети, аз-ма – алма.

Төртінші сатыда буындарды әріптен құрамай-ақ тікелей оқыған. Одан әрі жатқа алған буындар арқылы құрастырылған сөздерді тұтас оқиды. Бұл ретте әуелі екі әріпті буыннан құралған сөздерді, одан кейін үш әріпті буындардан құралған сөздерді оқиды. Осы сатыдан өткенде, балалар кез келген сөзді оқи алатын болады. Алайда оқушылар бұл оқу дағдысын екінші оқу жылында ғана меңгереді.

Әріптен буын құрастыруды меңгерген үшінші кезеңде ғана сабақты тәуір үлгеретін балаларды кітаптан көшіріп жазуға үйрете бастаған. Жазуға үйрету жұмысы оқуға байланыстырылмай бөлек жүргізілген.

Бірте-бірте оқуға үйретудің жеңілдеу жолы іздестіріледі. Сөйтіп әріптердің атын айтпай-ақ бірден буынды оқуға, буындарды тікелей әріптердің атын айтпай-ақ бірден буынды оқуға, буындарды тікелей қосып сөзді оқуға көше бастайды. Осы тәжірибеден туындап буын әдісі шығады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет