Қайда?
Балалар мектепке барады.
Балалар кітапханаға барды.
Балалар серуенге шықты.
Қайдан?
Балалар мектептен келді.
Балалар кітапханадан келді.
Балалаар серуеннен қайтты.
Балалар стадионнан келді.
Бұдан соң мектепке, кітапханадан сияқты сөздердің қандай сұрақтарға жауап беретін сөздер екені анықталады. «Мектепке деген сөз қайда? Деген сұраққа жауап береді» деген жауаптар алынады да, ондай сөздер қимыл, іс-әрекеттің болған жерін (мекенін) білдіретіндігі туралы практикалық түсініктер беріледі.
Мұндай сөйлемдердің байланыс схемаларын жасату.
Балалар мектепке келді
Неден? Сұрағына жауап беретін сөздердің қатысымен жайылма сөйлемдер құрастыру.
Нан ұннан жасалады.
Киім матадан тігіледі.
Айран сүттен жасалады.
Шырын жемістен даярланады.
Кейде мұндай сөйлемдердің не? сұрағына жауап беретін сөздерін (бастауышын) нені? Сұрағына жауап беретін сөздермен ауыстырып, мынандай жайылма сөйлемдер жасауға да болады.
Нанды ұннан жасайды.
Киімді матадан тігеді.
Айранды сүттен жасайды.
Шырынды жемістен даярлайды.
Келесі кезеңде сөйлемдердегі асты сызылған сөздердің қандай сұрақтарға жауап беретіндігі түсіндіріп, әр сөйлемдердегі сөздердің саны анықталады. Сөз байланыстарының схемасы жасалады:
Киім матадан тігіледі. Киімді матадан тігіледі.
Қашан? Сұрағына жауап беретін сөздердің қатысымен жайылма сөйлемдер құрастыру.
Жоғарыда берілген сөздерге қашан? Сұрағына жауап беретін сөздерді қосып, мынандай жайылма сөйлемдер жасауға болады:
Балалар бүгін серуенге барды.
Балалар кеше стадионға жиналды.
Балалар қазір доп ойнауға кірісті.
Берілген сөйлем түрлерімен жұмыс істеу барысында қашан? Сұрағына жауап беретін сөздер тауып, ондай сөздердің қимыл, іс-әрекеттің жасалған мезгілін білдіретіндігі туралы түсінік беріледі. Сөйлемдегі сөздердің байланыс схемалары жасалынып, сөз байланысы сұрақтар арқылы анықталады.
Болат бүгін мектепке ерте келді.
Етістік баяндауышы жайылма сөйлемдер түрін бұрын әрі қарай жалғастыра беруге болады. Алайда 1-сынып оқушылары осы берілген материал бойынша да сөйлем жасау туралы біршама бастапқы мағлұматтар алатын болады.
Қорыта келгенде, адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауы жеке сөз арқылы емес, сөйлем арқылы іске асады. Ойды байланысты түрде басқаға жеткізу, оқушыда сөйлеу дағдысын қалыптастыру сөйлемді, сөйлемнің құрылысын, сөйлем құрайтын негізгі тұлғаларды білмейінше мүмкін емес. Ойды байланысты түрде білдіру тікелей сөйлеммен байланысты. Ал сөйлем сөз тіркестерінен құралады. Сөздердің бір-бірімен тіркестірмей, байланыстырмай, сөйлем арқылы ойды жеткізу мүмкін емес. Сондықтан синтаксистің негізгі тұлғалары оларды оқыту, оларды сөйлеуде қолдануға жаттықтырудың маңызы өте күшті.
Сөйлем синтаксисін оқытуда мұғалім оқушының сөйлем құрылысын, сөйлемдегі сөздердің бір-бірімен мағыналық, грамматикалық байланыста тұратынын, сөздердің сөйлемдегі орнын білдіруді мақсат етеді.
Ана тілінің заңдылығын, қазақ тілінде сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін білуі және сөйлемде сөздердің сол тәртіп бойынша орналастыруға жаттығуы, дағдылануы керек.
Бұл дағдыны оқушыда қалыптастыру үшін мұғалім ауызша, жазбаша жаттығу жұмыстарын молынан жүргізуі қажет. Анықтауыш анықталатын сөздің алдымен қолданылады. Анықталатын сөздер есім сөзден болған бастауыш, толықтауыш зат есімнен болған пысықтауыш пен баяндауыш.
Жас жігіт осы институтты осы маусымда бітірген, жақсы маман еді.
Пысықтауыш бастауыштан кейін, баяндауыштан бұрын, пысықтауыш баяндауыштың алдынан қолданылады. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі негізінен тұрақты, оқушы оны білуі керек. Сөздің сөйлемдегі орнын біліп, оны сөйлеуде қолданып жаттығу – оқушының сөйлемді дұрыс құрап, дұрыс сөйлеуге жаттығуы үшін керек.
Сөйлемнің жасалуы бастауыш пен баяндауышқа байланысты екені белгілі, бастауыш пен баяндауыштың бір-бірімен жақ арқылы қиысатыны да – белгілі құбылыс. Бастауыш пен баяндауышты қиыстыратын жіктік жалғауы. Қазақ тілінің жақтық категориясы әлдеқайда күрделі. Баяндауыштың жақтық категориясы болып саналатын жіктік жалғауларын білмейінше, бастауыштың қазақ тілінде қалай байланысатынын, сөйлемдегі орнын білу дұрыс сөйлеу үшін өте керек.
Демек, сөйлемнің негізгі болып саналатын бастауыш пен баяндауышты байланыстыратын, жақ арқылы қиыстыратын қосымшаны білдіру керек.
Эксперименттің бірінші кезеңі – анықтау кезеңі деп аталады. Онда «Дыбыс пен әріп» тақырыбы алынды. Оның нәтижесін төмендегі кестеден көруге болады.
1 «А» сыныбында «Дыбыс пен әріп» тақырыбын өту барысында әр түрлі әдіс-тәсілдердің тиімділігін тексере отырып, дидактикалық материалдарды қолдана отырып, оқушылардың білім деңгейін анықтадық.
Достарыңызбен бөлісу: |