Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқытудың маңызы



бет16/23
Дата21.01.2022
өлшемі467 Kb.
#113043
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23
Байланысты:
Пернеханқызы Балнұр

А а дыбысы мен әрпі.

Оқулықтағы тақырыптық сурет бойынша әңгіме жүргізіледі. Алма туралы оқушылар өздері әңгімелейді. Алма ағашында көп алма бар. Алма пісті, т.б.

- Олай болса, алма деген сөз қандай дыбыстан басталады? – дейді мұғалім.

- Онда а дыбысын айтып көрейік.

А дыбысының артикуляциясын дұрыс қолданып, а дыбысын дұрыс айтуға үйрету қажет.

А дыбысы қандай әріппен таңбаланатын көп әріптің ішінен оқушылардың өздеріне тапқызу қажет. Мынау – бас әрпі, ал мынау кіші әрпі деп бірден ажыратып көрсеткен жөн. Оқулықта а-ның бас әрпі мен кіші әрпі баспаша әрі жазбаша жазылған, сол бойынша барлық бала қосылып хормен қайталайды.

Полотноға Аа әрпі ілінеді. Алма сөзін буынға бөліп көрсету керек (Ал-ма). А дыбысы сөздің басында және соңында естілетінін балалар өздері тұжырымдап айтады.

- Алма сөзінде неше буын бар?



- Екі буын бар?

- А дыбысы қандай дыбыс?

- А дыбысы дауысты дыбыс.

- Олай болса, дауысты дыбысты мынадай шартты қызыл түсті дөңгелекшемен белгілейміз!

А-ны бірнеше рет хормен созып қайталау керек.

Алма, алмұрт, анар сөздерін буынға бөлдіріп, а дыбысының қай буында тұрғанын өздеріне тапқызу керек. Алма сөзінде а дыбысы сөздің басында және соңында келеді. Алмұрт сөзінде а дыбысы сөз басында келеді. Анар сөзінде а дыбысы сөз басында, сөз ортасында келеді.

Осыдан оқушылар өздері мынадай қортынды шығаруға тиіс:



  1. а дыбысы барлық буында болады;

  2. а дыбысы сөз басында, ортасында, аяғында да келе береді.

Аа әрпін жазуға үйретуден бұрын Аа-ны жазудың жазба үлгісін көрсетіп, а-ның бас әрпі мен кіші әрпінің элементтерімен таныстыру қажет. Алдымен қаламмен ауада бірнеше рет жаздырып, жаттықтырып алып, дәптермен жұмыс жүргізу қажет. Дәптерде жүргізілген штрихтарды бастыру арқылы жазуға үйренеді. Бұрын жазу дағдысы бар балалар екінші жолға өздіктерінен жазып жаттығады. Дәптердегі суреттерге сәйкес берілген сөздердегі а әрпін бастырып жүргізеді. А әрпінің сөздің қай жерінде келгенін аңғарады.

Сабақты кесте арқылы бекітуге болады.

А – дауысты дыбыс. А дыбысты сөздің барлық буынында келеді. Сабақта «Әліппе серігінің» материалдары да пайдаланылады.

Өткен сабақты еске түсіріледі.

Жаңа сабақ бойынша оқушылардың назарын суретке аударамыз.

- Суретте нені көріп тұрсыңдар?

- …

Қыз балаға А дыбысынан басталатын ат қоямыз.



- Айша не істеп тұр?

- …


Енді алма сөзін буынға бөлеміз. Бірінші буынды және екінші буынды оқушылардың өздеріне атату керек. А дыбысы сөздің қай буынында келетінін таптыру қажет.

Оқулықтағы жеке-жеке бейнеленген суреттер бойынша жұмыс.



Асқабақ, қауын, қарбыз, ананас, банан, алхоры сөздерін буынға бөлдіріп, әр сөздегі буын санын анықтатып, а дыбысының қай буында тұрғанын таптыру керек. Осы жұмыстың нәтижесінде оқушылар а дыбысының сөздің барлық буынында болатынына көз жеткізеді.

Оқулықтың жазу жолындағы а әрпінің жазба түрін оқыту қажет. Бұл а әрпінің баспа және жазба түрін ажыратуға себебін тигізеді.

Дәптермен жұмыс.

Мұнда а-ның бас және кіші әріптерінен көркем жазуға дағдыландыру, суреті арқылы берілген сөздердегі бос орындарға а әрпін жаздыру кездейді.

Кеспе әріптер мен буындарды пайдалана отырып, а дыбысы бар сөздер құрау а дыбысының сөздегі орнын анықтайды.

Бұл сабақта оқушыларға а дыбысының сөз ішіндегі орнын анықтау, а әрпінің баспа және жазба түрін ажырата алу, а-ның бас және кіші әріптерін көркем жаза білуге үйрету көзделеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет