Тұтас сөз әдісі. Тұтас сөз әдісі алғаш Англияда 19 ғасырдың екінші жартысында пайда болады. Соңынан Америкада кеңінен қолданылады. Сондықтан оны «американдық әдіс» деп те атайды. Ағылшын тілінің табиғи ерекшелігі бойынша сөздің айтылуы мен жазылуы арасында өзгешелік күшті болады. Онда сөз ішіндегі кейбір дыбыс екі не үш әріппен таңбаланып жазылады. Сол себепті көп құрамды сөздерді дыбыстық жүйемен оқыту қиынға түседі. Ал, осы тілдің және бір ерекшелігі тілдегі сөздің 80 процентіне жуығы бір құрамды, яғни бір буынды сөзден тұрады. Мұндай сөздердің жазылуы айтылуынан онша көп өзгешеленбейді, сол жағдайға қарап ағылшын тілінде хат таныту үшін тұтас сөзді оқу біраз женілдік келтіреді. Демек ағылшын тілінде хат таныту үшін мағына бермейтін буындарды көп құрамды сөздерден ажыратып оқытқаннан гөрі, мағынасы бар бір құрамды (буынды) сөздерді ұқтыру әлде қайда тиімділік келтіреді. Осы себептерден ағылшын тілінде сауат ашу үшін дыбыстық әдістер де, буын әдісі де қолданылмайды, тұтас сөз әдісін пайдалану дәстүрге енеді. [6,25 б.].
Тұтас сөз әлісі орыс мектебінде 1905 жылдан бастап ешқандай талғамсыз қолданыла бастайды. Бұл әдіс орыс тілінің табиғатына мүлдем қайшы келеді. Себебі, біріншіден, орыс тілінде бір құрамды сөз өте аз кездеседі, екіншіден, орыс сөзінің айтылуы мен жазылуы көп ретте бірегей жақын ұқсас келеді. Сондықтан орыс тілінде хат тануды дыбыстық талдауға негіздеп оқыту тиімді әдіс болады. Ал, совет мектептерінде комплексті оқу жүйесі енгізілген 1922-1935 жылдарда тұтас сөз методы қолданылды. Бұл әдіс комплексті оқуға қолайлы болғанмен, балалардың сөз мағынасын түсінуіне, оның дыбыстық мәнін айырып, әріпттік элементтерін тани алуына өте қолайсыз. Оқушылар сөзді тек сырт түріне қарап көру қабілетімен ғана таниды. Сауат ашу жолы өте қиын әрі тым ұзаққа созылады. Балаларға арналған оқу материалдары өте шұғыл түрде күрделінедіріле береді де, әлі оқу дағдысы, білім дәрежесі дұрыс қалыптасып болмаған оқушыға көп құрамды бүтін сөзді тұтас қалпында бірден танып оқу тым қиынға түседі. Сөзге дыбыстық талдау-жинақтау процесі жүрмегендіктен, балалар жазғанда, әріп тастап кетеді, сөйтіп шала сауаттанады. Оқуда да жаңсақтық жібереді. Сөзді көз қаныққан тұрпатына қарап жобамен оқитын болған соң, саналы ұғым ала алмайды.
Бұл әдістің осылар сияқты көптеген қолайсыз жақтары мұғалімдерді қатты ойландырады. Сөйтіп олар тұтас сөз методынан бірте-бірте бас тартып, сөзді дыбыстық талдау жолымен оқу тәсіліне көше бастайды.
Сауат ашу кезеңі негізінен үш кезеңге бөлінеді:
Әліппеге дейінгі дайындық кезеңі
Әліппе кезеңі
Әліппеден кейінгі кезең
Әліппеге дейінгі кезеңнің мақсаты – оқушыларды сауат ашуға даярлау. Сондықтан да оны «даярлық кезеңі» деп те атайды. Дайындық кезеңінде оқушыларды бір ұжымға ұйымдастыру жұмысына баса назар аударылады. Өйткені 6-7 жасар баланың мектепке, оқуға түсуімен байланысты, жаңа жағдайға, жаңа адамдарға үйрену, олармен қарым-қатынасқа түсу балаларға басында әжептәуір салмақ түсіреді. Мұнда балалардың барлығы бірігіп, әсіресе бір – бірінен сұрап, анықтау арқылы орындайтын тапсырмалар беру, олдарды жақындастырады. Сонымен қатар балаларды біріктіруде, ойын ерекше роль атқарады.
Сауат ашудың даярлық кезеңіне оқу бағдарламасы бойынша екі апта (14 сағат) бөлінеді. Аталған мерзім ішінде сауат ашудың кезеңінде орындалуға тиісті міндеттер түгел жүзеге асырылуға тиіс. Мұның ең алғашқысы - 1-сыныпқа оқуға келген балаларды мектеппен таныстырып шығу. Ол мынадай тәртіпте жүргізіледі:
а) мектеп үйін, ондағы сынып бөлмелерін, оқушыларға арналған ойыншықтар бөлмесін, спорт залын, шеберхана, кітапхана, асхана, мектеп ауласы т.б. осы сияқты орындарды көрсетіп, олардың өтейтін қызметін түсіндіру;
ә) мектептегі оқушыларға қойылатын талаптар мен ережелерді, күн режимін түсіндіріп, оларды бұлжытпай орындауға баулу; мектеп мүлкін және таза ұстау туралы алғашқы түсініктер беру; мұғалімдер мен мектептің басқа да қызметкерлерін құрметтеу, оларға сәлем беру, ізеттілік пен сыпайылық көрсету дәстүрлерін сақтауға үйрету;
б) оқу бөлмесі – сыныппен таныстыру; сынып мүліктері; парта, стол, тақта, орындық, шкаф, көрнекі құралдар мен дидактикалық материалдар, техникалық құралдар, оларды күтіп ұстау; сақтау;
в) оқу құралдары мен таныстыру; оқушылардың алғашқы кітабы- «әліппе» оқулығымен таныстыру, оны жыртпай, кірлетпей күтіп ұстау жайында түсінік беру;
г) сабақ туралы түсінік беру; берілген тапсырмаларды ұқыпты орындау; сабаққа белсене қатысу, мұғалім сөзін көңіл қойып тыңдау;
ғ) партада дұрыс отыру, дәптер мен қалам қарындашты дұрыс пайдалану ережелермен таныстыру; оқушылардың саусақтарын жазуға даярлау жаттығуларын жүргізу;
д) мектептегі тазалық гигиенасын сақтауға үйрету;
е) мектептегі, сыныптағы оқушылар ұжымы туралы алғашқы мағлұматтар беру.
ж) оқушылардың физиологиялық психологиялық ерекшеліктері мен сауат ашуға дайындық дәрежесін есепке алу.
Сауат ашудың даярлық кезеңінде қойылатын негізгі бағдарламалық талап оқушылардың тілі мен жалпы ой өрісін дамыту арқылы оларды сөзге дыбыстық талдау – жинақтау жасау жұмысына баулу, міндеттерін жүзеге асыруды көздейді. [35,19 б.].
Даярлық кезеңінде, оқушыларға мейілінше оңай, аз сөзді сөйлем құрылымдары үйретілуге тиіс. Басқаша айтқанда, сөйлемді түсіндіру «жеңілден ауырға қарай» деген дидактикалық принцип негізінде жүргізіледі. Осыған орай, алдымен – екі сөзді сөйлемдер, одан әрі үш, төрт … сөзді сөйлемдер үйретіледі.
Дайындық кезеңінде балалардың зейінін, ерік, қиял т.б. ерекшеліктеріне баса назар аударылады; 1-сынып оқушылары бір нәрсені зейін қойып, тыңдай алмайтыны сияқты, өз қиялдарын да бақылай алмайды. Олардың қиял мен шындықтағы заттардың, құбылыстардың арасындағы айырмашылық көп болады.
Даярлық кезеңде оқушыларды жазу жұмысына даярлауға жете мән беріледі. Ондай жұмыстың түрлері:
Әр түрлі еркін сызықтармен өрнектер сыздыру;
Негізгі әріп элементтерін сызуға жаттықтыру;
Баспа әріптерін кубиктерімен таныстыру; баспа әріптермен оңай әріптерді, сөздерді жаздыру.
Дайындық кезеңіндегі сабақтардың жүйесін былайша көрсетуге болады: «Сөйлем және сөз» тақырыбына арналған сабақ (ауызша)
1.Мұғалімнің ертегі айтып беруі.
2.Айтылған ертегі бойынша сұрақ – жауап түрінде әңгімелесу.
3.Тыңдағандарын оқушылардың өздеріне айтқызу.
4.Әңгімені сөйлемге ажырату
5.Сөйлемдердегі сөздерді табу
6.Ертегідегі ең қызық суреттелген жерлерді балаларға айтқызу
Ертегіні диалог түрінде рольге бөліп айтқызу
«Сөз және буын» тақырыбы бойынша сабақ (ауызша)
Әліппенің алғашқы беттеріндегі суреттер бойынша әңгіме жүргізу
Оқушылардың айтқандарын сөйлемге талдау
Сөлемдерді сөзге талдау
Сөздерді буынға талдау
Сөздің басқа немесе соңғы буындарын жауып қойып, оны оқушыларға тапқызу.
Әңгімелеген заттардың суреттерін салу немесе ермексаздан жасату.
1.Жұмбақ жасырып, оқушыларға шешкізу; осы жұмбақ пен оның шешуі бойынша әңгімелесу.
2.Әңгімені сөлемдерге, сөйлемдерді сөздерге, сөздерді буындарға талдатқызу.
3.Дыбыспен таныстыру (а-ра, ал-ма, а-ғаш, а-па т.б. сөздерді талдай отырып «а» дыбысына көңіл аударылады).
4.Таныс дыбыстан басталатын сөздер ойлату
5.Айтылған кейбір сөздердің суретін салғызу.
Әріп элементін жазуға үйрену сабағы
1.Балалардың қарындаштарын, дәптерлерін дайындау
2. Оқушыларды жазуға даярлау. Қарындашты қалай ұстау керектігін көрсетіп, саусақтарын бүгуі, жазу, ауаға жазғызып жаттықтыру.
3.Бүгін дәптердің бір бетіне жалауша салатындарын айту.
4.Тақтаға жазып көрсету және оны қайта ауаға жызып көрсету.
5.Балаларға дәптерлеріне жазғызу.
Сөйлемді сөзге, сөзді буынға ажыратуға жаттығу сабағының үлгісі.
Достарыңызбен бөлісу: |