Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқытудың маңызы



бет14/23
Дата21.01.2022
өлшемі467 Kb.
#113043
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23
Байланысты:
Пернеханқызы Балнұр

Тақырыбы: сөйлемді сөзге, сөзді буынға ажыратуға жаттығу.

Көрнекі құрал: Әліппе кітабының алғашқы беттеріндегі жеке суреттер

Сабақтың барысы: Жеке суреттерді қарап оларды атау.

Сұрақ- жауап арқылы суретте көрсетілген заттардың әрқайсысына лайықты сөйлемдер құрату. Мысалы, - Үйрек қайтеді? – Үйрек ұшады деген сөйлемде неше сөз бар? – Үйрек ұшады деген екі сөз бар. Бірінші сөз қайсысы? – Бірінші сөз – үйрек. Жақсылап тыңдап отырыңдар, мен бірінші сөзді нешеге бөліп айтар екенмін. Үй –рек. Нешеге бөліп айттым? – Екіге бөліп айттыңыз. – Бірінші бөлігі қалай ? – Бірінші бөлігі – «үй». – Екінші бөлігі ше? – Екінші бөлігі – «рек».

Осылайша екінші сөз (ұшады) де талданады. Енді бұл сөздерді балалардың өздері айтады. Сонан кейін буынның мәнісі, әр буынды айтқан сайын ауыздың ашылуы мен бірге иектің ілгері қарай қозғалатындығы түсіндіріледі. Иектің қозғалысын байқату үшін сөзді буынға бөліп айтқанда алақанды иектің астына ұстау арқылы тәжірбие жасатып көруге болады. Иек екі буынды сөзде алақанға екі рет, бір буынды сөзде бір рет тиетініне олардың көздері жетеді.

Сонымен, бүгінгі сабақта не үйрендік?-Сөйлем құрастырдық, сөйлемдегі сөздерді буынға бөліп үйрендік. Енді суретке қарап, жақсылап тыңдап отырыңдар. Мен сөздің бірінші буынын айтамын, сендер қалған буынды жалғастырып айтып тұрыңдар: та-уық, ба-ла-пан, күр-ке-та-уық, т.б.

Біз өткен сабақта не туралы әңгімелесіп едік? - Өткен сабақта біз «Көліктер» туралы әңгімелескенбіз

Көліктер қайда жүреді?



  • Көліктің қандай түрлерін білесіңдер?

  • Ұшақ, тік ұшақ, автобус, т.с.с.

  • «Көлік жолда жүреді» деген сөйлемде неше сөз бар?

  • «Көлік жолда жүреді» деген сөйлемде үш сөз бар

Олардың қандай сөздер екені қайталанып айтқызылады және сол сөздер буынға талданады.

Үйге екі – үш буыннан құралған сөздер ойлап келу және бақшада істеген жұмыстары туралы әңгіме айтуға дайындалу тапсырылады.

Әліппе кезеңі-сауат ашудың негізгі кезеңі. Бұл мерзімде сауат ашудың басты мақсаты-оқу мен жазуды үйрету жүзеге асырылады. Сондықтан оны «сауат ашу кезеңі» деп те атайды. Сөздерді оқу мен жазу үшін тілдегі барлық дыбыстар мен әріптер оқытылады. Бұл жөніндегі ойландыратын мәселе –сауат ашуды қандай дыбыстардан, қандай буындардан және қандай сөздерден бастау керек екендігі. Сауат ашу, әрине, ең оңай дыбыстардан, ең оңай сөздерден басталуға тиіс. Өйткені «оңайдан қиынға қарай жүру» жалпы оқу теориясының өзекті принципі.

Басқа тілдердегі сияқты, қазақ тіліндегі ең оңай дыбысталатын дыбыстар –дауысты дыбыстар. Олай болатын себебі-дауысты дыбыстардың кіші жастығы оқушылардың қабылдауын жеңілдететін мынадай ерекшеліктері бар:



  1. дауысты дыбыс өздігінен дыбысталады;

  1. дауысты дыбыс буын жасайды;

  1. дауысты дыбыс жеке тұрып та буын бола алады, ал мұның өз дыбысты бөліп алып, дыбыстық талдау-жинақтау жұмысын жүргізуге мүмкіндік береді (а-та, ә-же, е-лік, о-рақ, ө-рік, ұ-лу, ы-дыс, і-ні);

а) дауысты дыбыс буын құрамындағы дауыссыздардың дыбысталуына негіз болады (бұл жерде дауыссыз дыбыстардың дауысты дыбыссыз өздігінен дыбысталмауы ескеріледі).

ә) дауысты дыбыстың буын соңында келуі буындарды сөзге жинақтауға бірден-бір қолайлы жағдай тудырады. Ондай буындар тұйыққа тірелмей, сөз еркін буындалып оқылады.

б) сөзді буындап оқу дегеннің өзі-дауысты дыбыстар негізінде оқу деген сөз, өйткені дауысты дыбыссыз буын жасалмайды.

Сауат ашудың дыбыстық талдау-жинақтау әдісі бойынша сөз жеке дыбыстарды бөлек-бөлек айту арқылы оқытылмайды, буынға бөлініп оқылады. Өйткені дыбыстап оқу дегеніміз-алфавиттегі әрбір әріптің жеке дыбысталуын өзара қосып оқу деген сөз. Мұндай жағдайда ешқандай сөз дыбыстарын жасай алмаған болар едік. Мысалы: тақта дегенді: «тыақытыа» деп айтаредік. Олай болатын себебі-қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстар тек дауысты дыбыстардың көмегімен дыбысталатыны жоғарыда сөз болған. Сондықтан сөзді оқудың өлшемі-буын. Демек, сауат ашу кезеңінің өзекті мәселесі-сөзді алдымен буындап оқуға үйрету. Буынға бөлу – жас оқушылар үшін күрделі әрі ауыр жұмыс, себебі буын жасау сөздегі дыбыстарды ретімен бір-біріне қоса салу арқылы орындалмайды, ана тілінің буындық жүйесіне негізделіп жүргізіледі..

Қазақ тілінде буынның негізгі екі түрі бар: бірі дауыстыға аяқталған буын (ашық буын), екіншісі дауыссызға аяқталған буын (тұйық буын), бұған «бітеу буын», «күрделі бітеу буын» дегендер де жатады. Аталған буын түрлерінің әрқайсысы сауат ашу барысында сөзді буындап оқуға түрлі ықпал етеді.

Дауыссызға аяқталған буын дауысты дыбыс сияқты еркін созып айтуға келмейді, тұйық айтылып, буын соңындағы дыбыс кілт тоқталады, дауыс тынады: ат-тар, ас-тық, ар-қар. Оларды буын ыңғайында дыбыстау үшін үстеме тәсілдер қолдану керек болады (буындағы дауысты мен соңғы дауысыздарды қайталап айту т.б.)

Дауыстыға аяқталған буын дауысты дыбыс сияқты созылып айтылады, сөзді буындап айтуды оңайлатады, созылыңқы буын өзінен кейін келесі буын бар екенін аңғартады, яғни алғашқы буын, келесі буынның қосылып айтылуын тілеп тұрады. Мұндай жағдай буындарды бір-бірімен оңай қосылып, сөзді тұтас құрастырып оқуды жеңілдетеді. Сауат ашуға да керегі осы. Дауыссыздан дауыстыға қарай оқу, дауыссыз дыбысты дыбыстауға, келесі буынды қосуға мүмкіндік береді. Қазақ тілінің буын құрлысына байланысты айтылған бұл ерешеліктер сауат ашуды ашық буыннан бастаудың тиімді екенін көрсетеді. Осыған орай «Әліппе» оқулығы да ашық буынды оқытудан басталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет