Тақырып бойынша конспект:
Бастауыш сыныптарда өлеңдерді оқыту.Өлеңдердің тәрбиелік мәні.
Өлеңнің басты ерекшеліктері:
Өлеңдерде шындық өмір және адамдардың көңіл күй сезімі, әсерлі түрде жинақталып беріледі.
Өлең әдемі көркемдеу амалына сүйенеді, өмірді жинақы бейнелейді. Сезімнен айырылған өлең өзінің өміршеңдік қуатынан да айырылады.
Өлеңдегі бейнелі ой басқа жанрларға қарағанда күштірек.
Өлеңнің мазмұны ықшам, тілі дәл, анық ,бейнелеу қуаты күшті, бояуы қанық болып келед
Тақырып бойынша конспект:
Шағын жинақты мектептің бірнеше өзіне тән тиімді жақтары да бар:
- балалардың саны аз, сондықтан мұғалім әрбір оқушыны, оның қызығушылығын арттыруына, отбасын тез, жақсы тануына көп мүмкіндік бар;
- дәптер тексеруге, жеке-дара өздік жұмысқа арналған жаттығулар іріктеуге аз уақыт жұмсалады;
- оқушылардың тәртіп бұзушылығы аз болады;
- оқушылар бірінші сыныптан бастап, өз бетімен жұмысқа бейімделеді;
- бір оқу бөлмесінде күнделікті бірге болғандықтан, жоғары сынып (3-4) оқушылары кіші сынып оқушыларына көмек береді;
- әрбір баланың білім деңгейлерін анықтап, олардың білім, білік, дағдыларының деңгейлерін көтеруге мүмкіндік мол;
- аталмыш мектеп мұғалімі пәнаралық байланысты жүзеге асыруға, кеңінен қолдануға тырысады;
- оқушылар әртүрлі сыныпта оқығанымен, олардың назарын бір пәннің мазмұнындағы ұқсас тақырыптарға аударуға мүмкіндік жасалады;
- оқушылардың бірін-бірі тексеруін, өзін-өзі тексеруін және бағалауын жүзеге асырылады;
- үлкен сынып оқушысы төменгі сыныптың жұмысын тексеріп бағалау арқылы өз білімін іс жүзінде қолдануына мүмкіндік туады.
Өлеңнің тілі ырғақты әуенді буыны ұйқасына сай болады. Қазақ өлеңінің құрылысы шумақтан, тармақтан, буыннан, бунақтан, ырғақтан, ұйқастан тұрады. Өлең мәнерлеп оқылады. Мәнерлеп оқыған өлең түсінікті, еске сақтауға қолайлы, жаттауға жеңіл болып келеді.
Прозалық талдау мен поэзиялық талдауды салыстырып көрелік: Мысалы. «Анау үйдің құдасы келіп жатыр» дейміз. Құда үйдікі ем ес, ол үйден адамдардың үй мен үй иесінің арасы жақындығынан, бірінің орнына бірін айтамыз. «Ауыл ұйқыда жатқанда» дейміз. Ауыл мен ауылдағы екеуінің арасында жақындық барлығынан, адамның орнына ауылын айтамыз.
Өлеңді оқыту тәртібін шамамен былайша беруге болады:
Өлең оқылмас бұрын оның мазмұнына қарай әңгіме өткізіледі. Онда өлең жолдарында кездесетін оқушы түсінігіне қиын сөздердің мағынасы түсіндіріледі.
Егер өлең көлемі өте ұзақ болмаса, онда мұғалім үлгі ретінде мәнерлеп оқып шығады. Осы кезде оқушылар өз кітаптарынан іштей бірге оқып отырады.
Оқушылар дауыстап, мәнерлеп, дұрыс оқиды.
Өлең мазмұны талданады. Көлемді өлең бөлімдерге бөлініп талданса, ал қысқа өлеңдер тұтас талданады.
Өлең мазмұны бойынша сұрақ-жауап әдіс қолданылады.
Өлеңді екінші рет, қорытындылау мақсатында оқуға дайындық жұмысы жүргізіледі (оқу техникасы, мәнерлеп оқу, дауыс сазы, хормен оқу, жеке оқушыға оқыту, т.б.).
Достарыңызбен бөлісу: |