Бастауыш сыныптарда «Қоршаған орта» пәнін оқыту әдістемесі пәнінің дәрістері 1-Дәріс. Тақырып


-Дәріс. Тақырыбы:Бастауыш мектептегі бетбұрыстар



бет29/55
Дата20.06.2020
өлшемі284,22 Kb.
#74077
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   55
Байланысты:
ДӘРІС

5-Дәріс. Тақырыбы:Бастауыш мектептегі бетбұрыстар

Лекцияның мақсаты:Қазақстанда 1965 жылдардан бастап білім беру мәселесінде болған бетбұрыстарға шолу жасай отырып, бастауыш сыныптарға енген жаңа пәннің мақсатын ашу.

Жоспары:

  1. Жаңа буын оқулықтарын дайындау.

  2. Жаңа буын оқулықтарын дайындауға қойылған талаптар.

Қазақстан Республикасы мектептерінің алға басып өркендеуінде орыс мектептерінің ролі күшті болғанмен өмір талабы біртіндеп, әр елдің өз ана тілінде жазылған төл оқулықтарының жарық көруін және онда әр республика өз табиғатын оқытудың керектігін керек етті. 1968- оқу жылына дейін табиғаттану тек 4 -сыныптарда ғана оқытылып, онда М.Н. Скаткиннің ғана оқулығы пайдаланылып келді. Ал, табиғаттан білім беруге арналған жеке тақырыптар 1-3 сыныптарда ана тілі пәнінің мазмұнымен бірге қамтылды. КПСС Орталық комитеті мен Министірлер Советінің "Жастардың жаппай орта білім алуды аяқтау және жалпы білім беретін мектепті одан әрі дамыту туралы " қаулысында мектептегі оқу –тәрбие жұмысын онан әрі жетілдіру оқытудың теориялық, идеялық саяси дәрежесін арттыру міндеттелді. Осы тұрғыдан бастауыш оқыту бағдарламалары тағы да үлкен өзгеріске ұшырады. Бастауыш сынып оқушыларына жан-жақты білім беруде, олардың қоғамға деген көзқарасын қалыптастыруда, елдің өркендеген экономикасын түсіндіруде табиғаттану материалдарын оқытудың мәні зор екені белгілі. Себебі оқушылардың нақты нысандарды оқу барысында ғылыми- материалистік тиянақты ойлары қалыптасады. Мектепке жаңа келген оқушының қоршаған ортадан азды-көпті хабары болатыны сөзсіз. Міне осы түсініктері тоқырап қалмай, олардың қоршаған ортаға қызығушылығын арттыру мектептің міндетінің бірі. Осыған байланысты60-70- жылдар арасында Реаспубликада педагогикалық бағыттағы зеттеулер жүргізіле бастады. Алдыңғы қатарлы педагогтер мен әдіскерлер және тәжірибелі мұғалімдер тибиғаттану пәнін бастауыштың ең алғашқы сыныптарынан-ақ, оқыту керектігін сөз етті. Бірақ, табиғаттану материалдарын бұрынғыша ана тілі пәнінің құрамында қалдырған жөн бе, әлде жеке пән ретінде оқытылған тиімді ме, деген сұрақтар туды.Мұнымен қатар егер табиғаттану жеке пән ретінде оқытылса, оны қай сыныптан бастаған жөн деген де мәселелер туды.

Осыған орай Совет елінің әр Республикасында бастауыш білім жүйесін қайта құруға негізделген зерттеулер жүргізілді. Бұл жұмысқа СССР Педагогикалық ғылым Акедемиясы, РСФСР Оқу министірлігі, Әр Республиканың мұғалімдер білімін жетілдіру институттары, соның бірі болып, Қазақтың Ыбырай Алтынсарин атындағы педагогикалық ғылыми зерттеу институты да қатысты. Осы 1965- жылдан бастап мектептерде жүргізілген бақылаулар мен эксперименттік зерттеулер нәтижесінде мына жағдайлар байқалды:

1.Осыған дейінгі ана тілі оқулығының құрамында беріліп келген табиғатқа қатысты материалдардың мазмұн жағынан жаратылыстану пәнәне қойылатын талаптарға сай еместігі. Себебі, ана тілінде табиғат жайында берілген материалдардың көпшілігінің мазмұны әдеби ұстанымға лайықталып, өлең, әдеби әңгіме, тақпақ, жұмбақ түрінде берілген.

2.Ана тілі сабағанда мұндай материалдардың жаратылысқа қатыста тұстарын ашудан гөрі оқу пәнгіне тиісті талаптарды ( түсініп, мәнерлеп, жүргізіп оқу сияқты талаптар) орындауға баса көңіл бөлінетіндігі белгілі. Себебі, ана тілі талаптарын қамтамасыз ету және табиғаттану материалдарының ғылыми мәнін ашуды бір сабақ барысына сиыстыру мүмкін емес. Осы туралы белгілі әдіскер ғалым М.Н.Скаткин былай дейді

" Большинство учителей 1-3 классов не проводит никакой работы с учащимися по изучению природы, мотивируя это отсутствием в учебном плане специальных уроков естествознание"13

3.Табиғатқа қатысты материалдар топсаяхатпен, тәжірибе жасаумен,заттық сабақтар ұйымдастырумен байланыспайтындығы.

4.Жаратылыстану материалдарының өлкетану жұмыстарымен байланыссыз оқытылатындығы.

1968-жылға дейін табиғаттану тек 4-сыныпта ғана оқытылып, 1-3 сыныптарда қоршаған дүние туралы материалдар әр пәннің әсіресе, ана тілінің құрамына еніп, мәтін мазмұндарының табиғи және ғылыми жағынан гөрі әдеби көркемдік жағы басым болғандықтан, оларды оқыту барысында көбіне табиғат ерекшеліктеріне қатысты ғылыми жағы ашылмай қалып отырды. Солдықтан да ол кездерде табиғаттануды оқытуда басым орын алуға тиісті жаратылыстану пәндеріне лайықты әдістерді (бақылау, тәжірибе, практикалық әдістер ) сабақ барысында қолдану жағы әлі де болса, жақсартьып жаңартуды керек ететіндей жағдайда қалып келді.

Мұндай жағдай табиғат заңдылықтарын, оның жеке заттарын оқушыларға ғылыми тұрғыдан түсіндіруге кедергі жасап келді. Бастауыш сынып оқушыларының табиғат жайында ғылыми түсініктерінің төмен дәрежеде болуы жоғыры сыныптарда оқытылатын химия, биология, физика пәндерін оқуда әсерін тигізбей қоймады. Міне осы жағдайлардың бәрі ескеріліп, бастауыш буынның 2-сыныбынан бастап, табиғаттану пәнін оқыту көзделіп, сол мәселе алдын ала эксперименттен өтіп, 1968-жылы Қазақстанда бірінші рет өз өлкесінің материалдарына негіздеп білім беруге бағытталған . "Табиғаттану" (Авторлары: Қ.Аймағамбетова, Б,В. Муканов) 1969-жылы 3-сыныпқа арналған "Табиғаттану" (Авторлары Ә.Бірмағамбетов, Т. Көргулин) 1970-жылы 4-сынып "Табиғаттану" (Авторлары: К.Жүнісова, ) оқулықтары жарық көрді. 1-сыныпта табиғаттану жеке пән ретінде оқылмағанмен, оқушылар өзін қоршаған ортада бақылаулар жүргізіп, оның нәтижесін қорытып, табиғат және еңбек күнтізбесін жүргізу арқылы жаратылыстық ұғымдар алып, оны жергілікті өлкетану материалдарымен байланыстыру негізінде оқушылардың табиғат туралы білімін кеңейту жолдары бағдарлама талаптарыныда ашып көрсетілді.

Еліміз егемендік алғаннан кейін Үкімет шешімімен өз жеріміздің табиғат ерекшелігін , халықтың әдет –ғұрпын, салт-дәстүрін, тілін ескере отырып төл оқулықтар шығару мәселесін шешу міндеті туындады. Осы тұрғыда Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігінің шешімімен авторлар ұжымы тағайындалып, бастауыш сыныптың барлық пәні бойынша жаңа бағдарламалар жасалып, төл оқулықтар шығару қолға алынды. Осының нәтижесінде 1996-жылы оқу жоспарлары да қайта қаралып, бастауыш буында 1-сыныптан бастап "Дүниетану" оқулықтары 1997-жылдан бастап жарық көрді. Қазіргі таңда бұл пән жеке кіріктірілген курс ретінде бастауыш буында бірінші сыныптан бастап оқылатын болды. Сондықтан да бастауыш сыныптарға арналған оқулықтар берумен қатар сол оқулықтардағы материалдарды өз мәнінде жаратылыстану пәндеріне тән әдістермен оқытудың жолдарын талдап көрсету, оларды жүзеге асыратын оқу -әдістемелік кешендер беру авторлар ұжылының үлесіне тиді.. Бастауыш сыныптарды бұл пәнді оқыту өте күрделі және жан-жақты дайындықты керек етеді. Себебі пәннің мазмұны биологиялық пәндердің кіріктірілген негізін құрайтын болғндықтан, сабақ беру барысында тәжірибе, бақылау, сарамандақ жұмыс түрлері басым қолдануға тиіс. Оқытып білім беру барысында биологиялық пәндерге тән сабақ түрлері және оны жүзеге асыратын әдістер мен тәсілдер басым орын алмақ.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет