Бастауыш сыныптарда «Қоршаған орта» пәнін оқыту әдістемесі пәнінің дәрістері 1-Дәріс. Тақырып


Ойын әдісін дүниетанудан білім беруде қолдану



бет41/55
Дата20.06.2020
өлшемі284,22 Kb.
#74077
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   55
Байланысты:
ДӘРІС
ДӘРІС , ДӘРІС , Тәрбие жоспары 34 сағат
Ойын әдісін дүниетанудан білім беруде қолдану

  1. Ойын әдістері туралы жалпы түсінік.

  2. Ойынның түрлері.

  3. Қоршаған ортадан білім беруде қолданылатын ойындар.

Дүниетанудан білім беру кезінде ойын түрлерін пайдаланып сабақ ұйымдастыру мұғалімнің шеберлігін керек етеді. Ойын бұл балалардың көңіл- күйін көтеруге бағытталған әрекет деп қарауға болмайды. Ойын кезінде оқушылар мәселені бірлесе отырып шешеді, бір-бірімен тығыз қарым-қатысқа түседі және ойын әрекеті біртіндеп оқу әрекетіне ауысады. Ойынды сабақ барысында қолдану арқылы оқушылардың белсенділігін, қызығушылығын, ізденушілігін арттыруға мүмкіндік туады. Оқу ойыны басқа ойыннан өзінің алдына қоятын педагогикалық мақсатымен айқындалады. Дүниетану пәнін оқыту барысында оқушыларды қызықтыратын ойын түрлерін пайдаланумен қатар, оның тек қызықты жағына ғана көңіл аударып қоймай, ойынның білім, жаңа ұғым беруге итермелейтін, жетелейтін жағына көңіл аударуға тиістіміз. Мәселен, ойын жұмбақтар, шарадалар, викториналар, шытырмандар сияқты түрлерін пайдалануға болады.

Ойынды ұйымдастырудың бірнеше түрі бар: өткен тақырыптарды қайталап, оқушылардың меңгерген білімінің деңгейін анықтауға арналған ойындар; оқушылар шығармашылығын дамытуға арналған ойындар; өз алдына жаңа технология ретінде қолдану арқылы жаңа ұғым беруге арналған ойын түрлері т.б. Ойын кезінде оқушылардың оқу әрекетіне ынтасын жоғарылайды. Мұндайда оқу әрекеті ойынның ережесіне бағынады. Сабақтың дидактикалық мақсаты оқушылардың алдына ойынның міндеті түрінде қойылады. Оқу материалы ойынның құралы ретінде пайдаланылады.

Қандай жағдайда да ойын түрлері оқушылардың өзіндік белсенділігін және өмір тәжірибесін сол сабақ үстінде қолдана отырып, ой қортуларына, тілін дамытуға, күнделікті байқағандарын пайдалануға жағдай жасайтындай болуға тиісті. Ойынның құндылығының өзі сонда-ойын үстінде оқушылардың шығармашылық қабілетін, интелектісін аңғаруға мүмкіндік туады. Ойын үстінде оқушы өзін -өзі басқаруға, өзін-өзі бағыттауға, өз мүмкіндігін көрсетуге мол мүмкіндік алады. Ойынның күші де сонда бұл оқушылар арасындағы жарысты туғыза отырып, олардың тек жеңіске жетуді көздеуіне әсер етеді. Олай болса ойын кезінде оқушы ойы ұшқырланып, бүкіл болмысын ойынның мақсатына, оның қортынды нәтижесіне жетуге бағыттайды.

Дүниетану пәнінен ойынды өсімдіктер және жануарлар бөлімдеріне енетін тақырыптарды өткенде кеңінен қолдауға болады. Сол арқылы әрбір өсімдіктің, жануардың ерекшелігін, қасиетін анықтайды. Олардың пайда зиянын қортындылайды. Сол сияқты ауа райы, пайдалы қазбалар тарауларында да ойын технологиясын кеңінен қолдануға жол ашылады. Сонымен қатар ойын түрлерін географиялық картаның түрлерімен жұмыс жасау барысында пайдалануға мол мүмкіндік бар. Құрлықтар мен мұхиттарды, биологиялық нысандарды анықтауда географиялық, топографиялық, биологиялық лотоларды пайдалануға жол ашылады. Мұндай ойындар барысында оқушылардың бұрын алған ұғымдарын тұжырымдап, олардың материалды саналы меңгеруіне жағдай туады.

Ойынды оқушылардың білімін бақылауға арнап та ұйымдастыруға болады. Мұндай жағдайда оларға түрлі көрнекіліктерді пайдалана отырып тапсырмалар беріледі.Мәселен, өсімдіктер жиынтығының ішінен дала өсімдігін тап, Қылқан жапырақты өсімдіктерді ажырат,оларға сипаттама бер; пайдалы қазбалардың ішінен отын есебінде пайдаланатынын тауып, ол туралы жұмбақ құрастыр; жеміс пен жидек туралы жұмбақ айтып, ол жемісті жиынтықтың ішінен тап т.б. оқушылар құлшына кірісетін тапсырмаларды құрастыруға болады.

Кейде табиғат зоналары туралы оқып үйренудің алдында түрлі табиғат көрінісін сипаттайтын карточкалар дайындап, оның қай зонаға жататынын оқушылардың өздеріне анықтату арқылы олардың белсенділігін арттыратын ойын ұйымдастру мүмкіндігі туады. Мәселен, «Ағаштары жапырақсыз, өзендері сағасыз, көлдері жиі құрғап қалатын, кейбір жануарлары жаз кезінің өзінде ұйқыға кететін, үнемі құрғақ жауын борайтын өте ерекше өлке –бұл қай зона? Неге олай деп ойлайсың?. Мұнда қандай жануарлар тіршілік етеді?; «Қысы өте суық және ұзақ, жазы қысқа. Ағаш өсімдіктері қисайып, жерге төселіп өседі. Топырағы мәңгі тоң болып жатады. Бұл қай зона? Ол зонада тіршілік ететін жануарларды биологиялық лотодан көрсет; «Жан-жағың теп –тегіс. Қайда қарасаң да төңкерілген аспанды көресің. Қай жаққа қарай жүрсең де не тау, не жота кездеспейді. Жер бетін қаптаған түрлі-түсті гүлдер, алуан түрлі шөп өсімдіктері. Неше түрлі дала тышқандары өз тіршілігмен айналысуда. Бұл қай зона? Бұл зонаның жануарларын лотодан тауып көрсет.т.б. осы сияқты шешімін керек ететін сипаттамалар мен қатар енді осы зоналарды картадан көрсету де тапсырылады. Біраз жаттыққаннан кейін мұндай жұмбақ ойындарды оқушылардың өздері де құрастыра алады.

Ойын арқылы оқушылардың білімі тиянақталып, өмір тәжірибесі молаяды. Ойынды шебер және орынды қолдану мұғалімнің ізденуін талап етеді. Ол үшін мұғалім алдымен тақырыпты таңдап алады да, енді осы тақырыпқа байланысты қандай ойын ұйымдастыруға болатынын ойластырады. Ойын кейде сабақ барысында аз ғана уақытты алатын жеке әдіс ретінде қолданылса, кейде бүкіл бір сабақты ойын сабағы ретінде ұйымдастыруға да болады. Мұндай жағдайда ойын әдісі білім берудің түріне , яғни формасына айналып кетеді. Себебі, тақырып бойынша жаңа білімді меңгеру тек ойын жүйесі бойынша іске асады. Ойланып қолданылған ойын арқылы оқушы жаттығады, өзінің қабілетін шыңдайды. Ойынның құндылығына кезінде К.Д.Ушинский де, Н.К.Крупская да үлкен мән берген болатын. Ал қазіргі таңда мектеп өмірінде сабақтарда ойынды пайдаланудың құндылығы көптеген ғылыми зерттеу жұмыстарының көзіне айналды. Мәселен, жоғарғы сыныптарда химия сабағында ойын элементін пайдаланудың педагогикалық психологиялық негізін Н.К. Ахметов зерттеді. Сол сияқты ойын психологиялық –педагогикалық тұстарын зерттеген Қазақстандық ғалымдарымыз баршылық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет