Білімді берік меңгеру принципі. Білім-біліктің оқушыларда берік сақталуына әсер ететін факторлар. Білім-біліктің оңай меңгерілуіне мүмкіндік беретін логикалық тәсілдер: салыстыру, жүйелеу, талдау, синтездеу, қорытындылау т.б. Ой жүгіртуге бағытталған амал-тәсілдердің оқушылардағы ойлау операцияларына әсері, бұларды оқушылардың жас ерекшелігіне қарай бейімдеу. Білімді берік меңгеру принципінің өзге оқыту принциптерімен ұштастырылуы.
Қоршаған ортаны оқытуда пәнішілік және пәнаралық байланысты пайдалану принципі.
Принциптің қалыптасу тарихы, оның педагогикалық өндірісте қолданылуы. Я.А. Коменскийдің бұл бағыттағы көрнекті еңбегі. Биологияның химия, физика, экология, география және өзге де салалармен «түйісу нүктелері», осындай байланысты дамытудың оқытуға деген қолайлы әсері. Қоршаған ортаның гуманитарлық саламен байланысы, кейбір зерттеулер мен болжамдардың моральдық жағы, осы мәселе төңірегінде қоғамдағы ой-пікірлер. Мектептік биологияны оқытуда пропедевтикалық, шекаралас пәндерден алынатын білім-білікті нәтижелі пайдалану. Мектептік биология – пропедевтикалық пәндерді есептемегенде, өзара ажырамастай байланысқан 5 пәннен тұратын, кешенді курс. Осы тұрғыда оның пәнішілік байланыстың ескерілуінің маңызы. Бүгінгі таңдағы жалпы білім беретін мектептерге арналған биология оқулықтары мен ОӘК-леріне пәнішілік және пәнаралық байланыстардың сақталу жағдайы. Мұндағы биология пәні бойынша МЖБС-тың, оқу бағдарламаларының рөлі.
Достарыңызбен бөлісу: |