Оқытудағы саналылық принципі. Саналылық принципінің мән-мағынасы, оны сақтаудың оқушылардың танымдық іс-әрекеттеріндегі маңызы. Саналылық принципінің оқытудың нәтижелілігімен байланыстылығы. Саналы түрде оқудың ББД-ны еркін пайдаланудағы рөлі. Сырт көзге оп-оңай, қарапайым ғана болып көрінетін принциптің бүгінгі күндегі өзектілігі, саналы түрде білім алуға қол жеткізу – оқуға, кәсіби іс-әрекетке, айналып келгенде, өмірге деген дұрыс, нық көзқарастың қалыптасқандығының айғағы. Плагиат – «шығармашылық ұрлық», оның кері салдары. Шығармашыл, адал еңбектің қоғам үшін қажеттілігі, оның жемісі. Тек оқушылардың ғана емес, мұғалімдердің де саналылық принципін ұстануының керектігі, оның оқу-тәрбие беру процесіндегі көрінісі.
Достарыңызбен бөлісу: |