Бастауыш сыныптарда «Қоршаған орта» пәнін оқыту әдістемесі пәнінің дәрістері 1-Дәріс. Тақырып



бет1/55
Дата20.06.2020
өлшемі284,22 Kb.
#74077
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55
Байланысты:
ДӘРІС


Бастауыш сыныптарда «Қоршаған орта» пәнін оқыту әдістемесі

пәнінің дәрістері
1-Дәріс. Тақырып: «Қоршаған дүние пәнін оқыту әдістемесі» педагогикалық ғылым.

Жаратылыстану әдістемесінің революцияға дейінгі даму бағыттары .
МАҚСАТЫ: Бастауыш сыныптарда қоршаған дүниені оқытудың орыны мен маңызын ашу. Жаратылыстануды оқытудың тарихи кезеңдеріне шолу жасау.

Жоспары:

1.Қазіргі таңда білім беру үдерісіне қойылып отырған талаптар.

2. Қоршаған ортадан білі м беру –педагогикалық пәнге жатады.

3. Қоршаған орта пәнінің әдістемесі оқушыларды дамытудың жолдары мен әдістерін үйрететін пән.

4.Жаратылыстану әдістемесінің революцияға дейінгі даму бағыттары .
Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан- 2030» стратегиялық бағдарламасында және жыл сайынғы халыққа Жолдауларында да бүкіл халқымыздың мұң-мұқтажын шешуді көздей отырып, елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіс екенімізді атап көрсетіп, нақты бағыттарды белгілеп, қазіргі таңда қол жеткен жетістіктерімізді онан әрі күшейтуді жүктеп отыр. Әсіресе, 2011 жылғы 31- қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Жолдауында еліміздегі білім беру мәселесіне баса көңіл бөліп, «Сапалы білім беру Қазақстанның индустрияландыруының және иновациялық дамуының негізіне айналуы тиіс» деп көрсеткен (1). (НА.Назарбаев «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» 2011 31-қаңтар,/ Дала мен Қала №4,(384) 5 бет). Әрине, елбасының мектептердегі білім беру мәселесіне баса көңіл аударуы қазіргі таңда туындап отырған жаһандандыру саясатының күшейіп, елмен- елдің арасындағы байланыс дамып, халықаралық экономиканың кірігу мен техниканың күнбе –күн өркендеуі, өндіріс салаларына ғылым жетістіктерінің енуі бүкіл білім беру жүйесін реформалауды, білім беруге керекті құралдар мен техниканы жетістіре түсуді талап етіп отыр. Мұндай білім беруді күшейтуге байланысты қойылып отырған талаптарды жүзеге асырудағы ең негізгі шешуін табуды керек ететін мәселелердің бастысы мектептегі оқушылардың дамуын қамтамасыз ететін мұғалімдер қауымының білім мен біліктік деңгейін күшейту.

Бұл мақсаттың орындалуы сапалы маман дайындау мәселесін жоғары деңгейге көтеруді қамтамасыз ету үшін, оларға керекті оқулықтармен және оқу-әдістемелік құралдармен жоғарғы оқу орындарын қамтамасыз етумен тығыз байланысты.

Сондықтан да педагогтер дайындайтын оқу орындары кәсіптік пәндерден стандарт талабына сай оқулықтар дайындауды қолға алуға тиіспіз. Сондай мемлекеттік тілде жазылған оқулықтарды керек ететін 050102 «Бастауыш мектеп педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша жеке пәндерді оқытудың әдістемесін беру мәселесі.

Мұндағы болашақ мамандарға бастауыш сыныптарда оқытылатын сегіз пәннің теориялық негізін және оларды оқыту әдістемесін меңгеріп шығару күрделі де жауапты да мәселе. Себебі осы кезге дейін бұл пәндердің көбінің қазақ тілінде берілген оқулықтары болған емес. Сондай арнаулы оқулық керек ететін пәннің бірі қазіргі таңда мемлекеттік міндетті білім стандартына еніп отырған «Қоршаған орта пәнін оқытудың әдістемесі» курсы.

Осы кезге дейін бұл пән бойынша қазақшаны былай қойғанда орысша да оқулықтар жазылған емес. 1980-90 жылдар жарық көрген В.П.Горошко, И.Д.Степановтың және В.М.Пакулова мен В.И.Кузнецовалардың орыс тіліндегі табиғаттануды оқыту әдістемесі деген методикалық құралдарынан басқа оқулық берілмей келді. Қазіргі таңда бастауыш сыныпта бұрын тек табиғат жайында білім беретін табиғаттану пәні кеңейтіліп, тереңдетіліп, оның орнына оқушыларға қоршаған орта пәні оқытылатын болды. Ол пән адам, табиғат, қоғам деген үш бөлімді білріктіре отырып, оқушыларға қоршаған дүниенің біртұтастығы жайында ғылыми ұғым қалыптастыруға арналады. Қоршаған орта пәні орта мектепте оқытылатын бүкіл жаратылыс ғылымдарының бастама негізін осы бастауыш мектептен бастап қалауға арналған. Сондықтан ол өте күрделі пән. Мұны оқыту үшін мұғалімнің жаратылыстану ғылымдарының теориялық негізін меңгеріп, енді соның білім берудегі әдістемелік тұстарын толық қарастыра білуі керек. Сондықтан да бастауыш сыныптарға маман дайындауға арналған мемлекеттік міндетті жоғары білім стандартында теориялық пән «Жаратылыстану негіздері» және әдістемелік пән «Қоршаған ортаны оқыту әдістемесі еніп отыр.

Бастауыш сыныптардан бастап оқушыларға жаратылыстану пәнінің негізін қалайтын қоршаған ортадан білім беруді көздеп, ол туралы оқытуды мақсат етіп қоюдың ғылыми философиялық мәні бар. Себебі, жасөспірім балалардың ақыл –ойы, сана- сезімі әрдайым өздері күнделікті көріп- біліп жүрген нысандар төңірегінде жан-жақты білім алу барысында біртіндеп жетілдіріле отырып дамиды. Сана адамға ғана тән бола тұра, оның дамуы бүкіл нақты нысандарды танып біліп, оқып түсіну арқасында жүзеге асады. Ақыл-ойдың дамуы және саналы болу ми қызметінің жемісі, соның нәтижесі. Сана- нақты маңайда бар, өмірде, қоршаған ортада кездесетін дүниенің бейнесі. «Сананың мәнінде білім жатыр. Ал оны туғызатын танымдық ізденіс. Әр тнәрсені білуге, ұғынуға талпыныс, ізденіс, сайып келгенде, сананы құрастырады»- дейді философ Д.Кішібеков (2). (Д.Кішібеков, Ұ. Сыдықов. «Философия». Алматы.» «Ғылым.».- 2005. 359. б.

Осы тұрғыдан қарасақ, бастауыш сыныптағы қоршаған орта туралы оқушыларға білім беру ерте бастан –ақ оқушының көз алдына нақты дүние құбылыстары мен заттарын көрсетіп, бақылатып, таныстырып, сол туралы ғылыми ұғым беріп және оларды әдеби тілмен сипаттау арқылы олардың ой өрісін, ғылымға деген сенімін арттыру көзделеді.

Сыртқы дүниені қабылдауға, сезінуге, біртіндеп ол туралы толық ғылыми ұғым қалыптасуға көмек ету қоршаған ортадан білім беру мәселесін дұрыс жолға қоюмен байланысты. Сондықтан да, қазіргі таңда бастауыш сыныптарға қоршаған ортадан білім беруді жүзеге асыратын болашақ мұғалімдерді маман ретінде дайындауға аса көңіл бөлініп отырған жағдайда бұл пәннің әдістемесінен жоғарғы оқу орнына арнап оқулық беру алда тұрған мақсаттардың бірі ретінде қаралады.

Республикамызда соңғы жылдары болып отырған орта мектептегі білім мазмұны мен жүйесін қайта құру мәселесін де өз дәрежесінде жүзеге асыратын мұғалімдер қауымы екені белгілі. Осыны ескере отырып, болашақ мамандарды әрбір пәнді оқыту әдістемесімен толық қаруландырып шығаруға тиіспіз.

Қоршаған орта пәнін оқыту әдістемесін толық түсініп пайдалануы үшін алдымен осы пәнді бастауыш сыныптарда оқыту мәселесінің даму тарихын, оған үлес қосқан жақын және алыс шетелдердегі және Қазақстандағы әдіскер ғалымдардың еңбектерімен таныстыра отырып, олардың алдыңғы қатарлы қағидаларының осы кезге дейін білім беру жүйесінде орын алып отырғандығын талдай кетуге көңіл бөлеміз. Сонымен қатар, қазіргі таңда орта білім жүйесіне еніп отырған өзгерістерді және білім беруде қолданылуға тиісті белсенді әдістер мен жаңа технологияларды да талданады.

Қоғамның алдына қойып отырған міндеттері мен мақсаттарының ең негізгісі– білім беру жүйесін сапалы түрде түбегейлі жаңартып, болашақ жастардың үйлесімді дамуына бағытталған жаңа үлгідегі мектеп құру.

Бұл арқылы білім беруде бірінші орынға оқушының білім, білік дағдысын емес, оның тұлғасын қалыптастыру және оның білім арқылы дамуын қойып отыр. Жеке тұлға қалыптастыру деген сөздің мәніне тоқталатын болсақ, бұған Г.К.Селевконың берген анықтамасы жақын келетін сияқты (3)

( Современные образовательные технологии. Учебное пособие для пед. Вузов Иипк-М.: Нородное образование, 1988-255 с.). Ол «Жеке тұлға- адамның психикалық, рухани мәні, ол жинақталған әртүрлі қасиеттар жүйесі» -деген анықтама береді. Бұл жиынтыққа адам бойындағы барлық қасиеттер енуге тиісті: адамның өзіне және қоршаған ортаға деген қатысы; мінез-құлқы; қажеттілігі; шығармашылығы мен қабілеті; сыртқы жағдайларға тигізетін әсері т.б.

Мұндай мақсатты жүзеге асырудың алғашқы қадамы бастауыш буыннан басталатыны белгілі. Сондықтан да қазіргі таңдадағы ізденістердің бір саласы–12 жылдық орта білімге көшу болып отырған жағдайда, бастауыш буынның да мазмұны мен құрылымы өзгеріске ұшырамақ. Бұл өзгеріс бастауыш сынып оқушылары алты жастан бастап мектепке келіп, төрт жыл көлемінде орта білімнің алғашқы сатысын аяқтауды көздейді. 12-жылдық орта білімге көшу мәселесі бірнеше себептен туындауда:



  1. Еліміздегі білім беру мазмұны мен құрылымын дүниежүзілік деңгейге көтеруді көздеу;

  2. Қазіргі таңдағы мектепке дейінгі балалардың психологиялық тұрғыдан алғанда мектептегі оқу ісіне дайындығының жеткіліктігі.

  3. Болашақтың міндеті-білімді тұлға қалыптасыруға бағыттап беру міндетінің күшеюі.

Еліміздегі 12 жылдық орта білімге көшу мәселесінің өте жоғары деңгейде шешілуі еліміздегің білім саласын түбегейлі қайта құрумен де байланысты.Қазіргі таңдағы зерттеулер нәтижесі білім беру мәселесі бойынша оқушылардың денсаулығын сақтай отырып, жекебастың және қоғамның қажеттіліктерін жүзеге асыруды көздеуге тиістілігін көрсетеді.

Оқушының жекебасының дамуы тек өмір тәжірибесімен, бағдарламалық білім көлемін меңгерумен ғана шектелмей, оның оқу әрекеттерінің қалыптасуымен, білімге құштарлығымен, оның ізденушілігінің дамуымен, өзін-өзі тәрбиелеуге дайындығымен, өздігінен білім алуға талпынысымен, сана-сезімінің және айналамен қарым-қатыстық дағдысымен айқындалу керектігі ескерілмей келді. Оқушылардың орта негізгі мектепте оқи алатын деңгейін анықтау олардың шығармашылық деңгейінің дамумен тығыз байланысты болмақ.

12 жылдық орта білімге көшудің бірнеше тиімді жақтарының бар. Олар:


  • 6 жасар баланы мектепке тарта отырып, оларды әлеуметтендіруге жағдай туады. Басқаша айтқанда бала ұжымдық ортада оқып-тәрбиелену арқылы қарым-қатынастық, ақпараттық, ғылыми-ізденушілік құзыреттіліке ие болады;

  • 12 жылдық мектептің оқу жоспарында пәнаралық кіріктіруді жүзеге асыру арқылы дүниенің біртұтастығын, оны бір-бірімен байланыста қарауға мүмкіндік алады;

  • оқушының денсаулығын сақтау мақсатымен, білім негізін жеңілдете отырып беру қарастырылады;

  • 12 жылдық білім кезінде 9-10 сыныптарды бітіргеннен оқушылардың көпшілігі колледжге түсіп, орта арнаулы мамандыққа ие болады. Бұл олардың ерте бастан қоғамдық жұмыспен айналысуына және өмір тәжірибелерінің молаюына жағдай жасайды. Колледж бітірген жасөспірімдер мамандық таңдауға және икемдігіне қарай іс-әрекет жасауға мүмкіндік алады; білім беру ұйымдарының әртүрлілігіне ( лицей, гимназия, колледж т.б.) қарамастан, олардың бәрі де аяқталған жалпы орта білім беруге бағытталады;

  • 12 жылдық жалпы орта білім беруде жоғарғы сынып оқушыларының таңдауы бойынша пәндер молынан енеді.12 жылдық білім беру жүйесінде 11-12 сыныптарда бағдарлы оқыту орын алады. Мұнда оқушылардың өз икемдіктері мен бейімдіктеріне қарай тереңдете оқыту жүзеге асады да, ол болашақта жастардың қалаған жоғарғы оқу орынына түсуіне дайындық есебінде жүзеге асады.

  • бағдарлы оқыту бірнеше бағытта жүргізіледі: жыратылыстану; матиматикалық; гуманитарлық; өнер т.б.

12 жылдық орта білімге көшу бүкіл білім беру жүйесіне үлкен педагогикалық бағыттағы өзгерістер енгізеді. Мәселен, бұл мерзімге көшу барысында мектепке алғаш келетін оқушының жас өзгерісіне байланысты берілетін білімнің мазмұны жеңілдетіліп, олардың жас ерекшеліктеріне сәйкестендіріледі. Білімді меңгерту үшін оны оқытуды ұйымдастыру формасы мен оқыту әдістері де жетілдіруді, белсенді технологияларды кеңінен қолдануды керек етеді. Бастауыш сыныптарда ойын әрекетіне көп көңіл бөлініп, сабақ барысында оқушылардың ойын әрекетін күшейте отырып, біртіндеп оқу әрекетіне көшуін қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар білім беруде белсенді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруды көздеп, олардың шығармашылықпен іс-әрекет етуіне жағдай жасау жағы қарастырылады. Бұл әр сынып оқушыларының жас ерекшелігіне сәйкес жүйелі ойын дамытатыныдай тапсырмалардың жиі қолданылуын, оларды ізденіске итермелейтін жағдаяттардың жасалуын керек етеді.

Жан- жақты дамыған жеке тұлға дайындау мәселесін шешу білім беруді жеке тұлғаға бағыттауды жүктейді. Жаңа замандағы жаңаша оқыту арқылы оқушылардың әлеуметтік ортадағы қарым-қатысын қалыптастыруға көңіл бөлінуін көздейді. Себебі, кез келген іс-әрекет еңбек негізінде, адамның қарам-қатыс қажеттілігінің нәтижесінде пайда болады.Қарым-қатынас мәселесін көптеген психологтар өз зертеулерінің арқауы ете отырып, білім алуда оқушылардың өзара және үлкендермен қарым-қатысының алатын орынына ерекше мән береді. Психологтар А.А.Болдаев және М.И.Лисиналардың пікірінше іс-әрекет пен қарым –қатынас бірлікте қалыптасады. Сондықтан да жеке тұлға қарым-қатынас негізінде қалыптасып, дамиды деп қарайды.

В.Н.Мясищев болса, адамның қатынастыры танымдық , еріктік, эмоцианалды компоненттердің қатысуымен сипаталатындығын айтады.Ғалымның пікірі бойынша қарым-қатынас әрбір жеке тұлғаның мәнін ашатын әрекет бола отырып, адамның мінез-құлқын ұйымдастыруға жәрдем етеді деп қарайды.

Бірақ мұндай біржақты тек адамның қарым-қатысы арқылы дамуға баса көңіл бөлуді С.Л.Рубинштейін сынап, қарым-қатынас баланың қоршаған ортаға деген қарым-қатысы арқылы олардың өмірінің обьективті шынайы өзегін құрылады дейді. Сол арқылы балада ғылыми, көркемдік, адамгершілік қарым-қатыстың қалыптасатындығын айтады.

Баланың өсіп дамуында құрдастырымен қарым-қатыста болуымен қатар, үлкендермен әсіресе, мұғаліммен қарым-қатысы негізінде оқу іс-әрекетінің жүзеге асатындығын дәлелдейді.Осы қарым-қатыста екі түрлі қарама-қайшылық туындайды. Оның біріншісі- ересектердің талаптарына мойынсыну, бағыну міндетінің көрінісі; екіншісі-

Жеке бастың дербестігі, ынтасын құқығын қорғау, дербестік пен тәуелсіздік сезімінің пайда болуы. Бұл қарама қайшылықтарды дұрыс түсініп, бала өмірін дұрыс ұйымдастыруға жағдай жасағанда ғана олардың оқуға деген қызығушылығы артады. Егер, мұғалім жаңа іс-әрекеттерді орындауға баланы неғұрлым дұрыс үйрететін болса, оқушының оқуға деген ынтасы солғұрлым арта түседі, оның бойында оқуға деген жаңа жағымды мотивация қалыптасады. Бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғасының дамуы көбіне оқу іс-әрекетіне байланысты түрькінің бағыттылығымен айқын- далады. Оқушыға адамзат мәдениетінің жетістіктерін табыс ете отырып, олардың психологиялық дамуын қамтамасыз етуге болады.

Сонымен 12 жылдық орта білімнің негізі бастауыштан бастала отырып, жеке тұлғаны дамытудың да алғашқы негізі де осы бастауыш сыныптан қаланатыны белгілі.

Сондықтан да 12 жылдық білім беруде жеке тұлғаны дамыту мақсатымен білім мазмұнын да, оны ұйымдастыру түрлерін де және білім беру әдістерін де жекебастық сапаны дамытуға, оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне бағыттау керектігі туындайды.

Жоғарыда 12 жылдық білімге көшудегі бастауыш сыныптың алатын орынына баса көңіл бөліп отырған себебіміз, біздің ұсынғалы отырған әдістемелік оқулығымыз келешекте 12 жылдық орта білімге көшу жүйесі арқылы жұмыс атақаратын бастауыш сынып мұғалімдеріне арналғалы отырғандығынан.

Бастауыш сыныптарға баланы 6 жастан бастап қабылдауға байланысты ізденістердің алғы шарты ретінде белгілі орыс ғалымдары Д.В.Выготскийдің, В.В.Давыдовтың, А.В.Запорожцтың т.б. психолог педагогтардың бастауыш сыныпта білім берудің педагогикалық, психологиялық негіздерін талдайтын еңбектері мен қатар, Республика пдагог- ғалымдары, психологтар мен әдіскерлерінің В.К.Павленко, Қ.Аймағамбетова, Х.Т.Шериязданова т.б. 1980 жылдардан бастап алты жастағы баланы мектеп жағдайында оқытудың мазмұны мен әдіс-тәсілдерін зерттеуге арналған жұмыстары негізінде туындап отыр.

Бастауыш сыныпта білім беру жүйесінде осы кезге дейін орын алап отырған қарама-қайшылықтар аз емес. Ол қарама-қайшылықтар біріншіден, оқушылардың бастауыш сыныпты аяқтап, орта мектепке көшу кезінде байқалады. Себебі, бұл тұста оқушының білім көлеміне ғана көңіл бөлініп, оның жекебас сапасы мен өзіндік "Менінің" қалаптасу деңгейін анықтаудың көмескі қалатындығы көзге түседі.

Баланың дамуы тек өмір тәжірибесімен, бағдарламалық білім көлемін меңгерумен есептелмей, оның оқу әрекеттерінің қалыптасуымен, білімге құштарлығының дамуымен, өзін-өзі тәрбиелеуге дайындығымен, білім алуға өзіндік талпынысымен, сана-сезімі және эрудициясымен айқындалатын- дығы назардан тыс қалатындығы сезіледі. Жалпы алғанда әр түрлі пәндер бойынша алған білім көлеміне қарап, баланы дамыған деп айту қиын. Осы кезге дейін бастауыш сыныпта оқытып, білім берудің жетекші мақсаты оқу, жазу, есеп шығару, қоршаған дүниеден білім беру, осының негізінде оларды орта мектепте оқуға дайындаумен шектелді.

Қазіргі таңда оқушыларды дамыту мәселесі бағдарлама мазмұнында арнайы қаралып, айқын көрсетіліп отыр. Шын мәнінде білім беруді оқулықтармен, оны оқытуды жұзеге асыратын әдістемелік құралдармен және қосымша материалдармен қамтамасыз етіліп, сонымен қоса оқыту бары-сында қолданылатын әдіс-тәсілдер оқушыларды дамыту мақсатына бағытталса ғана, бағдарлама талабы шешімін таппақ. Бастауыш буынды бітірген оқушынының даму деңгейін бірнеше жағдайдан байқауға болады:

- бастауыш мектеп оқушысының өздігінен білім алу, өзгергіш ортада кездескен жағдаяттарға сәйкес әрекет етіп, дұрыс шешім қабылдау мәдениеті мен эрудициясына қарап;

- бастауыш сынып оқушыларының оқу, білім алу, даму талаптарына сәикес іскерлігі, өздігінен жұмыс істей білуі, өзін-өзі басқаруы, белсенділігі, жауапкершілігі, білімін жалғастыруға дайындығы сияқты негізгі оқу әрекеттеріне қарап.

Оқу мен дамудың арасындағы сәикестік реттелгенде ғана оқушыны дамыған деп айтуға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет