Бастауыш сыныптар педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша болашақ маман дайындауға қойылып отырған талаптар.
Кеңестік дәуірде бастауыш сыныптарда жаратылыстанудың оқытылуы.
Совет дәуірі кезінде алғашқы жаратылыстару оқулықтарының оқытыла бастаған кезі туралы және онда негізінен қандай мәселелерге көңіл аударылғандығы жайында ұғым беру.
Жоспары:
Қазақ мектептерінде жаратылыстару пәндерінің оқытыла бастау кезеңі.
Жаратылыстануды оқытуға байланысты жарық көрген қаулы-қарарлар.
3.Алғашқы әдістеменің жарық көруі.
4. Жаңа жаратылыстанудың мақсаттары.
Революциядан кейін бүкіл халықтың сауатын ашу, әсіресе, артта қалған халықтардың сана-сезімін көтеру совет елінің негізгі мақсаттарының бірі болды
1918-жылы 28- тамызда халық ағарту қызметкерлерінің Бүкіл Ресейлік І-съезі болды. Мүнда жалпыға бірдей білім беру мәселесі қойылды. Халық ағарту комиссариятына білім жүйесін жөндеу, өз ана тілінде оқыту, мектептерде оқылатын пәндердің ара-салмағын анықтау мәселелері тапсырылды. Міне осы тұста мектептерде берілетін білімді жаңа қоғам жетістіктерімен, табиғатпен байланысты жүргізу керектігі айтылды.
Совет мектебінің алғашқы кезеңдерінде әр пән бойынша жеке-жеке бағдарламалар және оған лайықты оқулықтар шығару оңайға түскен жоқ. Әсіресе қазақ мектептері үшін бұл мәселелер көпке дейін шешілмей келді. Мұндай жағдай оқушыларға жүйелі білім беруге қиындық келтірді.
Қазақ мектептері алғашқы күннен бастап Ресей халық ағарту органдарының шығарған оқу бағдарламалары мен оқулықтарын пайдаланды. 1921-жылы РСФСР Оқу халық комиссариатының бекіткен бағдарламасы Ленинградтық және Москвалық әдіскерлердің дайындауымен жарық көрді.Бұл бағдарлама бойынша оқушыларға табиғаттан, қоршаған ортадан білім берудің керектігі көзделді. Бағдарламаны қазақ мектептері пайдаланған кезде өз жерлерінің ерекшелігіне қарай икемдеуге мүмкіндік берілді.
1922- жылдан бастап, жеті жылдық білім беруге арналған оқу бағдарламасы жарық көрді.3 бастауыш сыныптарда Отантану, география, дүниетану, жаратылыстану пәндері оқылатын болды.
1924-жылы Қазақстан ғылыми қызметкерлерінің І-съезі болды. Мұнда Мемлекеттік ғылыми совет (ГУС) жасаған жаңа бағдарлама жобасы талқыланды.4 Бұл бағдарламалар әрбір пәнге жеке-жеке берілді. Соның бірі-табиғаттану болды. Бұл бағдарламаның негізгі бағыты- адамның еңбек әрекеті, оның табиғатқа тигізетін әсері, қоғам мүддесі үшін табиғат күшін бағындыру мәселелерін оқып үйрету болды. Табиғат жайында берілетін материал үш бөлімнен ( табиғат-еңбек-қоғам) тұрды. Мұнда көзделген мақсат: адамның қайта құрушылық әрекетін аша көрсетіп, оның қоршаған дүниені өзгертудегі ақыл-ойының ролін таныту.
Бағдарламаның "Адам және табиғат" бөлімі бойынша бірінші жылы- жыл мезгілдері туралы оқытып, екінші жылы-ауа, су, топырақ, мәдени өсімдіктер және маңайда кездесетін жануарлар туралы оқыту көзделді. Ал үшінші жылы туған өлке табиғатына бақылау ұйымдастыру және адам дене құрылысы туралы оқып үйрену қарастырылса, төртінші жылы- адам денесімен танысу жалғасып және Ресейдің және басқа елдердің географиясы оқытылды. Ал бағдарламаның "Еңбек" бөлімінде өз отбасының шаруасымен таныстырудан бастап, ауылдың, қаланың, туған өлкенің, мемлекеттің халық шаруашылығына дейін басқа елдердің де шаруашы лық түрлерімен таныстыру қарастырылды.
Бағдарламаның "Қоғам" бөлімінде мектептен бастап, ауылдың, қаланың мемлекеттің қоғамдық мекемелері туралы, адам баласының бұрынғы өткен өмірі мен қазіргі жағдайы туралы материалдар қамтылды.Сонымен қатар Ресейдің және басқа мемлекеттердің қоғамдық құрылыстарымен де таныстыратын болды. Бұлайша берілген мазмұн негізінде кіріктіре оқыту мақсаты көзделді. Сондықтан да, табиғаттану жеке пән ретінде оқытылған жоқ. Кіріктіре оқыту мақсатының әсері табиғаттану пәнінің мазмұнына ғана әсер етіп қоймай, оны оқыту әдісіне де әсер етті. Оқыту негізінен еңбек және топсаяхат түрінде ұйымдастырылды. Мәселен, тұқымның құрылысын, оның өніуіне әсер ететін жағдайларды оқыту үшін, оқушылар тікелей тұқым сорттайтын өндірісте жұмыс істейтіндей болу керек. Сол сияқты басқа да өндіріс орындарына топсаяхатқа шығу арқылы түрлі білім алуға болады деп қаралды.
Табиғат жайында берілетін материалдарды оқытуды өлкетану жұмысымен байланыстыра жүргізу керектігі айтылғанмен, бұл мақсатты орындау жағы мектептерде жеткіліксіз жүргізілді. Себебі бұған керекті материалдар жоқтың қасы болатын. ГУС бағдарламасы бойынша әрбір берілетін білім комплексті тұрғыда оқытылу керек екендігі айтылды. Бағдарламада көрсетілген бұл талаптарды жүзеге асыратындай мұғалімдердің мүмкіндігі болмады. Сондықтан да, білім беру жүйесінде оқытудың әдістемелік жақтарынан көптеген қателіктер кетті. Комплексті бағдарламаның жүзеге асырылуы туралы Н.К.Крупская былай дейді “ Унас начали связывать что попало с чем попало и комплексность выливалась часто довольно в нелепую вещь. Задумана была как увязка между знаниями, как мост разными знаниями, а стали связывать что угодно с чем угодно, стали делать массу неверных искусственных увязок“5
1930-жылы шілдеде Орталық комитеттің “Жалпыға бірдей міндетті бастауыш оқу“ туралы қаулысы шығып, осыған байланысты мұнда көңіл аударылған мәселелердің бірі-политехникалық білім беруді күшейту болды. Сүйтіп, 1931-жылы “Бастауыш және орта мектеп туралы“ үкімет тағы қаулы қабылдады. Білім беруден кеткен кемшіліктерді жөндеу, бағдарламаларды қайта қарау одақтас республикалар халық комиссариаттарына тапсырылды. Қаулыда осы кезге дейін мектептің жіберіп отырған негізгі кемшілігі- оқушылардың жалпы білім негіздерін меңгере алмай отырғандығы, соның салдарынан техникумдар мен жоғарғы оқу орынына түсетін сауатты адамдардың дайындалмай келгендігін ашып айтты.
1932-жылы “Бастауыш және орта мектептегі оқу программалары мен жұмыс тәртібі“ туралы тағы да қаулы қабылданды. Міне осыдан бастап бастауыш сыныптың әр пәніне арнаулы сағат берілді. Жаратылыстану бойынша сағат саны молайды. Жаратылыстануды тек сөздік әдіс негізінде оқытуды тоқтатып, оны зерттеу әдісін кең қолдану арқылы оқыту керектігі айтылды. Мұндай жағдайда оқушылардың өзіндік жұмыстарының басым ұйымдастырылуы, бақылау, эксперимент жүргізу, олардың нәтижесін қортындылак жағына көңіл бөлу көзделді. Жоғарыда көрсетілген қаулы нәтижесінде жаратылыстанудың мазмұны да өзгеріп, ғылыми- материалистік тұрғыда оқытуға көшті.
Осытұста қазақтың әдіскерлері де бастауыш сыныпқа арналған оқулықтар жаза бастады. О.Сарбатырұлы мен Құлымбетұлының “Жаратылыстану“6 оқулықтары жарық көрді. Бірақ бұл оқулықтар орыс оқулықтарының үлгісімен жазылып, солардың мазмұнынан қашықтап кете алмады.
Бастауыш буынның Революциядан кейінгі бастауышта табиғаттанудың оқытылу мәселесіне үлес қосқан педагог-әдіскерлер де аз болған жоқ. Солардың қатарында:
Достарыңызбен бөлісу: |