СергейАндронникович Павлович (1884-1976) белгілі әдіскер-биолог, әсіресе бастауыш сыныптардағы жаратылыстану пәнін оқытуда көрнекілікті пайдаланудың жолдарын талдаған.Автордың негізгі еңбектерінің қатарына" Бастауыш сыныптарда жаратылыстануды оқыту тәжірибесі" (Практика преподавания естествознания в начальной школе), "Өлі табиғат туралы алғашқы білімді қалай беру керек" (Как преподавать начальные знание о неживой природе), " Мектеп жаратылыстануындағы көрнекіліктер жүйесі" (Осистеме наглядности в школьном естествознании), "Табиғаттану оқулығы. Негізі және оқыту әдістемесі" (Книга по природоведению. Основы и методика преподавания) т.б. С.А.Павловичтің аса көңіл аударған мәселесі сабақты көрнекілікпен қамтамасыз ету жолдары және көрнекілікті дайындау әдістері болды. Оқушылардың өздеріне жасатуға болатын көрнекілік түрлерін және жаратылыстану сабақтарының кабинеттерін жабдықтау, түрлі приборлар мен модельдерді жасау туралы айтылған нұсқаулары мен еңбектерінің әлі күнге дейін құндылығы жоғары.