Бірінші зона, бұл баланың бүгінгі таңда қолы жеткен сатысы, ал мұғалім бұған қанағаттанып қалмауы керек, оқушыны болашақтағы, яғни екінші даму зонасына қарай жетелеуі керек дейді.
Екінші зона, ол өте жақын тұрған зона, оған жетуге баланың бұрын алған білімдері негіз бола алады, тек олардың оқу әрекеттерін күрделендіріп, түрлендіру қажет деп нұсқайды. Сондықтан да, тұжырымдамада бұл талаптардың қойылып, осыған сәйкес білім мазмұнының ұстамдарын айқындап берілуі орынды құбылыс.
Оқыту барысында мына мәселелер жүзеге асырылу жағы қамтамасыз етіледі:
-оқыту приципі;
-оқыту әдісі;
-білім беру формасы;
-сабақтың құрылысы;
-оқыту құралдары;
-білім тексеру әдістері. Осының бәрі мұғалімнің іс жүзінде жүзеге асыратын мәселелері болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |