Василий Александрович Сухомлинский (1918-1970) Советтің атақты педагогі. Оның бүкіл өмірі балаға жүрек жылуын беруге арналған. Кез келген оқушының жүрегінен орын алу үшін үнемі нақты деректьерге негізделген жарқын образдарды олардың көзалдына елестетудің маңыздылығын айтып қана қоймай іс жүзінде дәлелдеген мұғалім. Оқушылардың қоршаған ортада болатын заттар мен құбылысты бетпе-бет көруі, бақылауы, олардың себебін іздеуге талпынуы, байқағандарына сүйеніп, қасиеттері мен белгілерін салыстыруы арқылы алған білім ғана бала ойын оятып, жүрегін тербетеді дейді.
В.А. Сухомлинский баланың қиялын, арманын, сезімін оятуға жағдай жасай білген. Баланың жан дүниесін түсініп, олардың ақыл-ойының дамуына, білімге қызығушылығының арытуына жан-жақты әсер еткен. Ол алғашқы сабақтарды далада, табиғат ортасында өткізуді уағыздаған.
Достарыңызбен бөлісу: |