Қолданылатын әдебиеттер:
1. 1.Қ.Аймағамбетова, « Дүниетану» оқулықтарына әдістемелік нұсқау (1-3 сынып бойынша), Алматы, «Атамұра», 1997-2000 жж.
2..В.П.Горощенко, И.А.Степанов, “Методика преподавания природоведения”, М.,”Просвещение”, 1984г.
Алдыңғы қатарлы озық тәжірибені мектеп өміріне ендіру.
Лекцияның мақсаты: Алдыңғы қатарлы озық тәжірибелер туралы жалпы түсінік бере отырып, студенттердің озық тәжірибелерді іріктеуіне жағдай жасау.
Лекцияға керекті құралдар:
Лекцияның жоспары:
1.Алдыңғы қатарлы озық тәжірибелер туралы жалпы түсінік.
2.Озық тәжірибелермен танысу жолдары.
Озық тәжірибелерді іріктеу және іс жүзінде қолдану.
Лекцияның барысы:
Қол жеткен педагогикалық жетістіктердің өмір талабына қажеттілігі мен тиімділігі оның мектептің іс-тәжірибесіне ену мүмкіндігімен өлшенеді. Мектептің іс-тәжірибесіне енген жаңа жүйелер мен ұсыныстар педагогтік тұжырымдардың меншігіне айналып, практикада қолдану барысында өзінің оөміршеңдігін көрсетумен бірге әлде де жетілдіре түсу кезеңінен өтеді.
Педагогикалық жетістіктердің мектеп өміріне енуі екі түрлі жолмен жүзеге асатынын осы проблеманы зерттеушілер атап көрсетіп отыр. Олардың қатарында А.А.Арламов, А.Н.Бойко, Н.В.Кухарев.
а) ғылым мен практиканың байланысын күшейту үкіметтің арнаулы қаулы-қарарларының негізінде дайын бағдарламалар, оқулықтар, оқу кешендерінің мектеп өміріне енуі. Бұл мектептегі білім беру ісін жандандыруға қойылған жаңа талаптарды қамтамасыз ету мақсатымен мемлекет тарапынан жасалатын шаралар негізінде ендіру жолы.
ә) Педпгогикалық зерттеу нәтижелерін мектептердің және басқа білім беру ұғжымдарының қалауы бойынша өз іс-тәжірибесіне енгізуі.
Бұл екі жағдайда да ендіру - ғылым мен практиканың бірлігін күшейтумен қатар бірнеше келелі мақсатты жүзеге асырады:
а) ендіру - информациялық, яғни, жаңалыты көпшілікке тарату, хабарлау қызметі;
ә) теори мен практика байланысын күшейте отырып, ендірілген жұмыс нәтижесінде үнемі басшылыққа алатын құжатқа айналады;
б) ендіру - коммуникативтік қызмет атқарып, ғалымдар мен тәжірибелі мұғалімдердің, жалпы педагогтар қауымының қарым-қатысына шешуші әсер етеді.
Ендіру қай жолмен жүзеге асырылса да, оның нәтижелі болуы бірнеше жағдайға байланысты:
-педагогикалық жаңалықтардың (бағдарлама, оқулық, оқу-әдістемелік кешендері) өмір талабына сәйкестігі, мектептегі оқыту ісіне қажеттілігі;
-ұсынылған бағытты жүзеге асыруға педагог кадірлердің дайындығы;
-мектептің оқу-материалдық базасының сәйкестігі.
Осы жағдайларғы орай ендірілетін жетістіктерді мектеп өміріне ұсынумен бірге оны жүзеге асыруға байланысты ғалымдар мен зеттеушілер тарапынан істелетін істер жүйесі шешіледі.
Біздің еңбектеріміз жоғарыда көрсетілген ендіру үнемі бірінші жолмен, яғни, оқу министрлігінің бұйрығы арқылы жүзеге асып отырады. Бұл жағдай сол кездерде Ы.Алтынсарин атындағы ғылыми-зерттеу институтында (1961-1980) қызмет атқаруымызға байланысты оқу-ағарту саласында болған қайта құрулардың әр кезеңінде білім жүйесіне үкімет қойған талаптарды орындауға тікелей қатысудан туындайды. Білім беру саласының басшы орындарының тапсырмасы жоспарға енгізіліп, оны іс жүзіне асырудың жолы іздестірілді, соған сәйкес зерттеулер жүргізілді.
Әсіресе, мектептің бастауыш буынында болған өзгерістер “Бастауыш сыныптар және мектепке дейінгі тәрбие” бөлімінің тікелей қатысуын керек етті. Ал, автор осы бөлімнің меңгерушісі қызметін атқарғандықтан, бұл жүргізілген зерттеулер мен орындалған жұмыстардың үнемі басында болуына тура келді.
1960-70 жылдарда оқу-ағарту ісін жетілдіру, білім мазмұнын өмірмен байланыстырып, өлкетану принципіне енгіздеу талаптары туған кезде бастауыш буын бағдарламалары түгелімен өңделіп, қайта құрылды. Осы тұста бастауыштың 2-сыныбынан бастап “Табиғаттану” пәні енгізілді. Оның бағдарламасы да, оқулығы да республикамызда алғаш рет жарық көріп, бастауыш сыныпта білім беру құжаттарының біріне айналды. Б.В.Мукановпен бірлестікте дайындалған эксперименттік оқулық институттың және оқу министрлігінің әдістемелік кеңестерінен өтіп, 1968 ж жарық көрді. Сол жылдағы оқу министрінің бұйрығы бойынша оқулықты мектеп өміріне енгізіп, оның мазмұнын байқаудан өткізу туралы шешім қабылданды. Сөйтіп оқулық 15000 данамен басылып шығып, Алматы, Шымкент, Жамбыл, Ақтөбе, қарағанды обылыстарының біраз мектептерінде байқау оқулығы ретінде қолданылды. Бұл оқулық екі жыл байқаудан өткенде оның негізгі оқулық дәрежесіне көтерілуі үшін бірнеше проблемаларды шешуге автор тікелей қатысты.
“Табиғаттану” жеке пән ретінде бастауыш сыныпқа бірінші рет енгендіктен, оны ендіру формаларын, құралдарын, әдістерін айқындап, бұл іске мұғалімдерді дайындау міндеті туды. Сонымен қатар, оқулықпен жұмыс істейтін педагогтердің білімін, білік деңгейін байқау, оларға көмек, әдістемелік кеңес беру жақтары қарастырылды.
Н.В.Кухаревтің пікірі бойынша – мектеп өміріне ендірілетін бағыттың тиімділігін педагогтер қауымына дәлелді жеткізе білу істің нәтижелі болуының басты шарты. Сондықтан да, оқулық авторы ретінде мектеп өміріне ендірілуге ұсынылған жұмыстың нәтижелі болуы үшін істелінетін жұмыс көлемінің айқын жоспары жасалды:
а) оқулық енген облыстық, аудандық мұғалімдер білімін жетілдіру бөлімінің әдіскерлерін оқу-әдістемелік дайындықтан өткізу;
ә) мұғалімдер қауымына оқулықты қолданудың әдіс-тәсілдеріне байланысты лекциялар оқып, сабақ үлгілерін көрсету;
б) әр тоқсан бойынша оқылатын сабақтардың және топсаяхаттардың үлгі жоспарын жасап, эксперименттік мектептерге жіберіп отыру;
в) мұғалімдерден келіп түскен пікірлерді қорыту. Олардың ұсыныстарын өз жұмыс барысымызда ескеру;
г) мектептердегі жұмыстың барысын және нәтижесін бақылап отыру үшін, ұғжымның өз ішінен жауапты адам тағайындау, оның есебін тыңдап отыру.
Осы жоспар бойынша мектептердегі оқыту эксперименті жүргізілді. Бұл эксперименттің барысында ұсынылған жүйенің оқушылардың білімі мен білігінің қалыптасуындағы тиімділігі де байқаудан өтті. Нәтижесі оқушылар білімін тексеру барысында жинақталды Осындай жұмыстардың нәтижесінде 2-сынып “Табиғаттану” оқулығы жетілдіріліп, өңделіп, негізгі оқулық ретінде 1970 жылы қайта басылып шықты (89 000 дана). Соның негізінде “Табиғаттану” бастауыш сыныптарда оқылатын негізгі пәндер қатарына қосылады. Бұл ендіруде де Оқу министрлігінің шешімімен жүзеге асты. Жыл сайын өңделіп, жетілдіріліп отырған оқулық 1997 жылға дейін республиканың барлық мектептерінде қолданылып келді.
Оқулықтың жарық көруімен байланысты қосымша оқу құралдары да дайындалып, мектеп тәжірибесіне ендірілді. Олар: “Оқулыққа әдістемелік нұсқау”, “Табиғат және еңбек календары”, “Жылдың төрт мезгілі диафильмі”.
“Табиғаттану” пәнінің мектепте білім беретін пәндердің айналу деңгейі автордың түрлі облыс мектептерінде болып, мұғалімдермен кездесу сабаққа қатынасу, оны талдау, республиканың педагогикалық оқулықтардың басқару жұмыстары кезеңінде үнемі назарында болады.
1984 жылғы “Мектеп реформасы” білім беруді алты жастан бастау тиімді деп тапты. Осыған орай бүкіл КСРО бойынша бастауыш сыныптардың оқу жоспарына “Айналамен таныстыру” пәні енгізілді. Пәннің бағдарламасын, дидактикалық құралдарын, оқытуға керекті әдістемелік нұсқауларын дайындау республикалық педагогикалық ғылыми-зерттеу мекемелерінің үлесіне тиді.
Осы жұмыстар нәтижесінде “Айналамен таныстыру” дидактикалық құралы 1986 жылы 56 500 данамен жарық көріп, мектептерге таратылды.
“Айналамен таныстыру” бағдарламасы ұсынылған кезде “Табиғаттану” пәні мектептерде он алты жылдан астам уақыт оқытылып, мұғалімдердің бұл пәнді оқытудың әдіс-тәсілдері жөнінен айтарлықтай мол тәжірибе жинақтаған кезі болатын. Оқушыларға айнала қоршаған орта жайында білім беру барысында жүргізілетін бақылаулардың түрлерін меңгеріп, табиғи заттарды жинап сабақта пайдалануды күнделікті іске айналдырған мұғалімдер қатары республикамызда көптеп саналатын. Сондықтан, алты жастағы оқушының жас ерекшелігін ескере отырып, оларға айнала қоршаған ортадпн берілетін ұғымның нақтылығын, көрнектілігін, өмірмен байланыстылығын қамтамасыз ету мұғалімдер қаумына қиындық келтірген жоқ.
Ендіру - педагогика ғылымының жетістіктерін, не алдыңғы қатарлы озық тәжірибені басшылыққа алып оқытуды арнаулы мақсаттылықпен жүргізетін мұғалімнің ерекше іс-әрекеті. Озық тәжірибені не теориялық ұсыныстарды іс-жүзіне ендіру мұғалімнің тікелей келісімімен жүреді. Ендірудің өз мәнінде жүзеге асырылуы мұғалімнің теориялық та, әдістемелік те дайындығына тікелей байланысты екенін Н.В.Кухарев дұрыс көрсеткен /301,9/. Педагогикалық жетістіктерді мектептің і-тәжірибесіне енгізуді зерттеген А.А.Арламов, А.Н.Бойко, Н.В.Кухарев ендірудің бірнеше белгісі болу керектігін айтады:
а) ендірілетін оқулық, бағдарлама, оқу құралдарының, яғни, оқу әдістемелік кешеннің мектеп өміріне қажеттілігінен туындайды;
ә) ендіруге арналған материалдардың түсіндірмелі нүсқауларының болуы;
б) ендірілетін еңбектердің осыған дейінгі практикамен байланысы және оқу-тәжірибесін жаңаша құруға себі тиетіндей деңгейде болуы;
в) ендірілетін жұмыс мектептердің іс-тәжірибесі арқылы өңделіп, жетіліп, педагогтердің шығармашылығы мен құзырлылығына әсер ететіндей болуы.
Қорыта айтқанда, айналамен таныстыру, табиғаттану, қоршаған орта пәндері бойынша жарық көрген оқулықтар мен оқу әдістемелік кешендерінің бәрі де Қазақстан мектптернің оқу-тәрбие жүйесінен өз орнын алады. Олардың мектеп практикасына енуінде нәтижелі болуы үшін керекті жағдайлар жасалды.
Қортынды:
Білім беруді түрлендіріп, оқытудың тиімді әдістерін қолданудағы басты мақсат - оқушылардың білім сапасын көтеру. Білімді меңгерудің сапалылығына жету. Бұл ұгым процесінің үш кезеңінен өтуге тиіс: бірінші кезең оқушы берілген мәліметті (білімді) саналы қабылдап, есте сақтайды; екінші кезеңде сол алған білімін үлгі бойынша қолдануға төселеді; үшінші кезеңде меңгерілген білімнің сапалылығын байқатады. Алған білімді өзіне бұрын таныс емес жаңа жағдайда қолдана білуге жетсе, меңгерудің осы үшінші кезеңін - шығармашылық деңгей деуге болады.
Кез келген сабақта білім меңгеру жолында оқушылар алғашқы екі кезеңнен өтеді. Ал қазіргі кезде қойылып отырған талап - оқушылардың білім меңгерудің шығармашылық деңгейіне жетуін қамтамасыз ету. Сондықтан да біз оқыту әдістерін ұсынғанда осы дамытушылық мақсатты көздейміз.
Бастауыш сыныптарда арнаулы панді оқыту жолымен оқушылардың дүние танымдық білімін қалыптастыру, оларға адам, табиғат, қоғам арасындағы қарым-қатынасты жете ұғындыру мәселелері - үкіметтің білім беру ісіне арналған бүкіл қаулы-қарарларында, тұжырымдамалар мен білім стандартында айқындалған.
Қоршаған дүние пәнін басқа пәндермен кіріктіре оқыту арқылы оқушылардың қисынды ойының дамуына, сөздік қорының молаюына, ой қорыту дағдыларының қалыптасуына әсер етіп, олардың шығармашылығының дамуына мүмкіндік туады - деген қорытындыға келдік.
Қоршаған дүниені оқытуда білім беру формаларын саралау білімнің өмірмен, жергілікті табиғатпен байланысын қамтамасыз етуге, жүйелі бақылаулар жүргізеге, оның нәтижесін сабақта пайдалануға, сөйтіп өлкетану принципін жүзеге асыруға мүмкіндік береді деп есептейміз.
Оқушылардың ізденушілігін тудыратын, өздігінен жұмыс атқаруға негіз салатын оқыту әдістерін қолдану олардың шығармашылығын дамытатындығын көрсетті.
Оқыту процесінде оқу-әдістемелік кешенін бір-бірімен сабақтастықта пайдалану “Қоршаған дүние” пәнінің ғылымилық, дамытушылық маңызын көтереді.
8.Дүниетанымдық қағидаларды тарихнама тұрғысынан зерттеу, адам баласы дүниетанымының қалыптасып, дамуы барлық тарихи кезеңдерде толастамай жүріп отырғанын дәлелдейді. Сонымен бірге, әр кезеңде дүниетанымдық көзқарастың әр түрлі болғаны, оған себеп– қоғамның, ғылым мен техниканың даму деңгейінің әсері ғана емас, түрлі ашыластар мен алдыңғы қатарлы ой-пікірлердің ықпалы еткендігі байқалады.Олай болса, ²Қоршаған дүниеден² оқушыларға ұғым беруді ең алғашқы мектеп есігін ашқаннан бастап жүзеге асыра отырып, оларды өмір шындығымен күнбе-күн таныстыру арқылы дүниеге шынайы, ғылыми көзқарастарын қалыптастыруға жағдай жасау міндеті туындайды.
9. Қазіргі таңдағы білім реформасы мен ғылыми дүниетанымның даму жолдарын қарастыратын филсофтар мен психолог- педагогтардың зерттеу еңбектері дүниетану пәні мазмұнын қайта құрып, оқушылардың жас ерекшеліктеріне, даму деңгейіне сәйкестендіруді талап етіп отыр.
10.Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруда қазақ халқының ұлттық әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүріне, адамгершілік асыл қасиеттеріне баулитын, эстетикалық талғамын жетілдіретін халық ауыз әдебиетін, ақын-жазушылар шығармаларын оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерге кеңінен ендіруді қамтамасыз ету қарастырылды.
11.Халық-ағарту ісінің даму жолына шолу жасап, табиғаттан, қоршаған ортадан білім бнруге арналған ғылыми әдістемелік еңбектерді зерттеп,талдау негізінде бастауыш мектеп оқушыларына білім беруде бұрыннан қолданылып келген дүниетану материалдарының тиімді тұстарын ескеру үнемі назарда болды.
12.Бастауыш сынып оқушыларына білім мен тәрбие беріп, дамыта оқытуды жүзеге асыруда қоршаған дүниеден ғылыми түсініктерінің қалыптасуы оқушының жеке тұлға ретінде дамуына керекті компоненттердің ( танымдық, ғылымилық, жігерлілік, сезімталдық, байқағыштық, ізденушілік, шығармашылық т.б.) дамып жетілуіне әсер етеді.
13. Қазақ халқының ғұлама ағартушылары - Шоқан, Ыбырай, Абай шығармалары мен қоғам қайраткерлері, солардың ішінде бесарыс (А.Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ш.Құдайбердиев) қағидаларында оқыту мәселесіне байланысты қойылған педагогикалық, психологиялық талаптар, әдіс-тәсілдер, амал-жолдар, өзіндік ерекшеліктер бүгінгі оқу ісін жүзеге асыруда негізге алынды. Мәселен: -білім беруді баланың сезімдік әсеріне негіздеу;
-жанның таза және сау болуын ескеру;
- білімді жергілікті жағдаймен байланыстыру;
- Отанын сүюге үйрету, оны танып білетіндей мазмұнды бағдарламаға ендіру,
-оқушының өздігінен іс-әрекет атқаруын қамтамасыз ету,
-оқушыны адамгершілікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу,
-берілетін білімді судан, жерден, ауадан яғни, қоршаған дүниеден беру т.б.
14.Білім беруді түрлендіріп, оқытудың тиімді әдістерін қолданудағы басты мақсат - оқушылардың білім сапасын көтеру. Білімді меңгерудің сапалылығына жету. Бұл ұгым процесінің үш кезеңінен өтуге тиіс: бірінші кезең оқушы берілген мәліметті (білімді) саналы қабылдап, есте сақтайды; екінші кезеңде сол алған білімін үлгі бойынша қолдануға төселеді; үшінші кезеңде меңгерілген білімнің сапалылығын байқатады. Алған білімді өзіне бұрын таныс емес жаңа жағдайда қолдана білуге жетсе, меңгерудің осы үшінші кезеңін - шығармашылық деңгей деуге болады.
Кез келген сабақта білім меңгеру жолында оқушылар алғашқы екі кезеңнен өтеді. Ал қазіргі кезде қойылып отырған талап - оқушылардың білім меңгерудің шығармашылық деңгейіне жетуін қамтамасыз ету. Сондықтан да біз оқыту әдістерін ұсынғанда осы дамытушылық мақсатты көздейміз.
15.Бастауыш сыныптарда арнаулы панді оқыту жолымен оқушылардың дүние танымдық білімін қалыптастыру, оларға адам, табиғат, қоғам арасындағы қарым-қатынасты жете ұғындыру мәселелері - үкіметтің білім беру ісіне арналған бүкіл қаулы-қарарларында, тұжырымдамалар мен білім стандартында айқындалған.
16.Қоршаған дүние пәнін басқа пәндермен кіріктіре оқыту арқылы оқушылардың қисынды ойының дамуына, сөздік қорының молаюына, ой қорыту дағдыларының қалыптасуына әсер етіп, олардың шығармашылығының дамуына мүмкіндік туады - деген қорытындыға келдік.
17.Қоршаған дүниені оқытуда білім беру формаларын саралау білімнің өмірмен, жергілікті табиғатпен байланысын қамтамасыз етуге, жүйелі бақылаулар жүргізеге, оның нәтижесін сабақта пайдалануға, сөйтіп өлкетану принципін жүзеге асыруға мүмкіндік береді деп есептейміз.
18. Оқушылардың ізденушілігін тудыратын, өздігінен жұмыс атқаруға негіз салатын оқыту әдістерін қолдану олардың шығармашылығын дамытатындығын көрсетті.
19. Оқыту процесінде оқу-әдістемелік кешенін бір-бірімен сабақтастықта пайдалану “Дүниетану” пәнінің ғылымилық, дамытушылық маңызын көтереді.
Достарыңызбен бөлісу: |