: Оқу әдістемелік кешендер, оқулықтар, оқу құралдары және олардың түрлері.
Жоспар:
Осы кезге дейін мектептерде қолданылып келген оқулықтар. пәнінің негізгі оқулықтары .
Ресей авторларының шығарған оқулықтыры және олардың жазылу принциптері мен құрылымы.
Оқытудың әдістемелік нұсқаулары,
«Қоршаған ортадан» білім беруге керекті құралдар.
. Қазақстан авторларының оқулықтары мен құрылымы..
"Қоршаған орта" пәні бастауыш сыныпта оқушыларға білім беруде ең негізгі педагогикалық құрал оқулық екеніне ешкім де күман келтіре алмайды. Сондықтан да болар өткен ғасырда да, қазіргі таңда да оқулық оның құрылымы мен мазмүны жайында талай алддыңғы қатарлы ағартушы педагогтар мен ғалымдардың баса көңіл аударып келген мәселелерінің негізгілерінің бірі– оқулық жайында болып кеді. Соның ішінде әсіресе, мектеп оқулығының мазмұны мен сапасы көпті ойландыратын жәйт.
Оқулық мазмұнының ғылымилығы мен түсініктілігі,оқушылардың жас ерекшелігіне лайықтылығы оларға білім берудің тиімділігін арттырудағы ең басты тірек. Қандай пәнді оқытсақ та, ең алдымен оның оқулықтағы мазмұнына байланысты оқытудың әдістемесі анықталмақ. Оқушыларға білім беру барысында мұғалімнің құралына айналып келген, әлде де пайдаланыла беретін “оқу кітаптары” баршылық. Олардың қатарына - оқулық және қосымша оқу құралдары (хрестоматия, кластан тыс оқуға арналған кітап, түрлі шығармалар, сөздіктер т.б.) жатады. Осылардың ішінде білім беруді бағыттап, оның мазмұны мен көлемін айқындауда оқулық негізгі орын алады. Өйткені, оқулық мазмұны берілетін білімнің неден басталып, қалай жалғасып, немен аяқталатынын анықтайды. Басқа қолданылатын қосымша құралдар осы мазмұнға тәуелді түрде пайдаланылады. Әсіресе, бастауыш сынып оқулықтарының мазмұны оқушының ой-өрісіне лайықты мағлұматтарды бере отырып, олардың дамуына жағдай жасайтындай болуы керек.
Оқулық мазмұны оқушыларды дамытудағы бірден-бір құрал екендігі ескеріліп, осыған сәйкес оқушыларды дамыта оқытуға жағдай жасау бағыттары күшейіп отыр. Бұл мәселеге байланысты қазіргі таңда Ресей мектептерінде ауқымды эксперименттер қойылуда. Солардың нәтижесінде бастауыш сыныптардағы оқулықтар мазмұнын өзгертіп қана қоймай, пән мазмұнын бірнеше бағытта түрлендіру тиімді деп есептеліп, оқушыларға дүниетанудан білім беруге байланысты бірнеше оқулықтар ұсынылған. Бірақ, оқулықтардың мазмұны әртүрлі бағытты қолдаудан туғандықтан, олардың оқыту мақсаты да өзгеріп, білім берудің мазмұн тұтастығы бұзылып отыр. Мысалы,Ресейде бір ғана 2-сынып үшін дүниетанудан білім беруге арналған үш түрлі оқулық жарық көрді. Олар: А.Казаковтың “География для 2-класса” (1996) оқулығы, Н.Ф.Виноградованың “Окружающий мир” (1995), А.А.Плещаковтың “Природоведение” оқулықтары. Енді осылардың мазмұнына қарасақ, әр автордың оқулық жазу барысында көздеген мақсатының әр түрлі екені байқалады.2-сыныпқа арналған “География” оқулығын Л.В.Занков атындағы федерация орталығы дайындаған. Оқулықты ұсынудағы басты мақсат - оқушылардың жалпы дамуын қамтамасыз ету. Автор оқушылардың туған жерге, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттырып, қоршаған дүниеге қызығушылығын күшейту үшін оларға алғашқы географиялық ашылыстар, зерттеушілер туралы мағлұматтар беруден бастаған дұрыс деп есептейді. Сол арқылы оқушылардың Отанына деген мақтаныш сезімін тудырамыз деп дәлелдегісі келеді. Осыған орай оқулыққа өте күрделі тақырыптар мен географиялық ұғымдар енгізілген. “Жердің ішкі құрылысы”, “Литосфера”, “Гидросфера”, “Атмосфера”, “Жердің көлемі мен массасы”, “Ланшафт және оның түрлері” сияқты тақырыптар мазмұны жағынан да, көлемі тұрғысынан да екінші сынып оқушыларына ауыр соғатыны сөзсіз.
Н.Ф.Виноградованың “Окружающий мир” (қоршаған орта) оқулығының мазмұны екінші сынып оқушыларының жас ерекшелігіне лайықтап берілген. Онда денсаулық сақтау, тұрған жерлерімен таныстыруға, Отан туралы ұғым беруге арналған мәліметтер қамтылған. Ол мағлұматтардың жалғасы 3-сыныпқа арналған “Қоршаған орта” оқулығына енген.
А.А.Плещаков оқулық мазмұнында экологиялық мәселеге көп көңіл бөледі. Мұндай әр бөлімде экологиялық проблемалармен байланыс тудырудың тиімді жолдарын өзінің ғылыми зерттеулерінде дәлелдеп көрсетеді.
А.А.Плещаковтың авторлығымен жарық көрген “Природоведение” оқулығы адам, адам-табиғат денесі, адам және экология, өсімдіктер мен жануарлар және олардың көбею жолдарын қамтитын тақырыптардан тұрады.
Сөйтіп, Ресейде бір ғана екінші сынып оқушыларына арналған бірнеше мазмұндағы оқулықтар жарық көріп, қоршаған ортадан білім беру әр бағытта жүруде. Автордың бірі бастауышта географияны оқытып, сол арқылы қоршаған ортамен таныстыру тиімді десе, енді бірі қоршаған орта дегеніміз - адам, табиғат, өсімдік, жануарлар сондықтан білім көзін осылардан бастау керек деп ұсынады. Оқулықтарға арналған әдістемелік нұсқауда да бұл материалдардың оқушыларды дамытудағы маңызын автор өз тұрғысынан дәлелдейді.
Оқушылардың дүниетанымын дамытуда пән мазмұнының ғылымилығы, тәрбиелік мәні, өмірмен байланыстылығы ескеріліп, оқушылардың өмірге икемділігін қалыптастыратын мүмкіндіктер негізгі орын алмақ. Психолог М.М.Мұқанов бастауыш сынып оқушыларының білм алудағы ерекшелігі жайында “Бұрын балалардың негізгі әрекеті ойын болса, енді оқу қызметі психикасын бейнелейтін болады. Осыған орай баланың психикалық дамуы үлкен өзгеріске ұшырайды”1- дейді. Оқушылар психикасына әсер етіп, оны үлкен өзгеріске ұшырататын оқу мазмұны екені сөзсіз.
Қазақстан Республикасының Орта білімді дамыту тұжырымдамасы білім берудегі орын алып отырған дағдарысты талдай келіп, "Шынайы демократияның болмауы және мемлекеттің біртұтас білім беру саясаты салдарынан қазақстанда жаппай масылдық психология етек алды. Сол себепті мұғалімдер ғана емес, ғалым педагогтер де төл оқулықтар мен оқу әдістемелік материал жасаудан өздерінен-өзі шеттеп қалды" - деп көрсетеді. Шынында да осы кезеңге дейін қазақ мектептерінде көбінен аударма түріндегі оқулықтар қолданылып келді. Дегенмен бастауыш сыныптарда оқушылардың дүниетанымының негізін қалайтын “Табиғаттану” пәні 1968-жылдан бастап Республика мектептерінде төл оқулықтар негізінде оқытылғанын жоғарыда айтқан болатынбыз.
1997 жылдан бастап жаңа талап, жаңа міндетке орай 1-4-сыныптарға арналған жаңа оқулықтар жарық көре бастады. Оқулықтарды Республикада бұрыннан оқу - әдістемелік проблемалармен шұғылданып келген ғалым-әдіскерлер К.Жүнісова, Қ.Аймағамбетова, Н.Нұрахметов,З.Ф.Олейник т.б. жазды.
Осы кезге дейін ТМД көлемінде мектеп оқулықтарының мазмұны мен құрылысына байланысты зерттеулер мен пікір таластары баспа сөз беттерінде, жеке еңбектерде, жинақтарда арнаулы мақалаларда жарияланып келді. Оқулықтардың білімдік, тәрбиелік, дамытушылық, практикалық мазмұнына байланысты проблемалармен айналысқан авторлар жеткілікті. Олардың қатарында Д.Д.Зуев, К.Сосницкий, Г.М.Донской,В.А.Онищук К.Ф.Зайцева, И.Д.Зверевтерді атауға болады. Оқулықтардың теориялық, тәрбиелік мазмұны мен оның құрылысы жайындағы пікір таластары 1974 жылдан бастап жинақталып, “Проблемы школьного учебника” деген атпен (1974-1990 жылдар) жарық көріп отырды. В.Г.Бейлисонның 1986 жылы жарияланған “Арсенал образования”14 атты еңбегінде көптеген мамандардың мектеп оқулықтарының проблемаларына байланысты зерттеулері мен тәжірибелері жинақталып, қорытылып авторлар қауымына ұсынылды Академик М.Н.Скаткиннің пікірінше “...бұл құрал-оқулық авторларына тиімді көмек көрсетуге арналған”.
Оқулық қай заманда да, сол тұстағы ғылым жетістіктерін, мәдениет және әдебиет деңгейі мен халқының салт-дәстүрін оқушыларға жеткізетін, білім беретін негізгі құрал болып табылады. Білім негіздері ұрпақтан-ұрпаққа оқулықтар арқылы беріліп келеді. Білім беруді жүзеге асыруда қолданылатын басқа оқу құралдарының мазмұны оқулық мазмұнына байланысты өзгереді. әр пәннің көздейтін мақсатына қарай оқулық мазмұны құрылады.
Оқулыққа нақтыланған, айқындалған, қоғам талабына сай зерттеу талқысынан өтіп, ғылымға айналған шындықтар ғана енеді. Оқулыққа енетін материалдар ғылыми шындық болғандықтан, мұны меңгеру үстінде оқушылардың зерттеушілік әрекеттеріне жағдай туады. Оқулық мазмұны тікелей сол пәнді оқытуға қойылатын талаптан туындайды. Жоғарыдағы көрсеткенімізден байқайтынымыз авторлардың оқулық жазу барысында сүйенетін, негізге алатын нұсқаулар, жүйелерінің бар екендігі.
Д.Д.Зуев оқулыққа байланысты басты идеологиялық, психологиялық, логикалық, лингвистикалық, әдістемелік, дидактикалық, эстетикалық, полиграфиялық, экономикалық талаптар қойып, оларды кең көлемді принцип-критерийлері ретінде ұсынды.15 Республикамызда оқулық жайында еңбек жазып, оны зерттеу көздеріне айналдырған ғалымдар да баршылық. Олардың қатарынаВ.П.Беспалько,А.Қ.Құсайынов, Асылов, К.Н.Мамырова т.б. атауға болады. С.С.×акликава өз зерттеуінде оқулық пен оқу-әдістемелік кешенін қолдануды ғылыми тұрғыдан дәлелдейді. Мұнан шығатын қорытынды - қандай оқулық болса да, оның мазмұны мен құрылысын жан-жақты ойластыруды, зертеушілер еңбектеріне негіздеуді қажет ететіндігі.
Білім салалары қандай көп болса, соған орай оның мазмұны да сан-алуан. Солардың бірі ретінде бастауыш сыныптан бастап түрлі атауларды, деректерді, құбылыстарды, табиғат заңдылықтарын, оның құбылыстарын теориялық тұрғыдан ұғындырып, білімді меңгерудің әдіснамалық жолдарын бала бойына сіңіру болып есептеледі. Осыларды меңгеру нәтижесінде ғана адам өмірге керекті қызмет атқара алады. Адамның ең алғашқы қызметі қоршаған ортамен қарым-қатынастан басталады. Бұл жанұя, табиғат, адам мен адам арасындағы қатыс т.б. өзі табиғаттың бір бөлігі бола тұра осы қатынастарды меңгергенде ғана, адам табиғат пен қоғамнан өз орынын табады. Оқып білген, тәжірибеден үйренген білімі арқылы адам қоршаған ортамен қатысты басқаға да үйретеді. Біртіндеп қоршаған орта жағдайына баға беру деңгейіне көтеріледі. Білім алу ол әлі білікті болу емес, жүйелі жүргізілген оқу-тәрбие жұмыстары мен оқытудың тиімді әдістерінің нәтижесінде ғана алған білім білікке айналады.
Жоғарыда келтірілген бағдарламалық талаптарды орындаудан, білім берудің міндеттерінен келіп оқулықтың атқаратын қызметі (функциясы) жайында тұжырым жасауға мүмкіндік туады.
Қазақстан Республикасының “Білім туралы Заңының ” 8-бабында білім берудің негізгі міндеттері жайында “Жеке тұлғаның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай туғызу арқылы интеллектісін байыту” деп көрсетілген. Бұл жаңа қоғам құрылысына байланысты білім берудің жаңа міндеттері. қазіргі таңда оқушыларға тек ғылыми ұғым берумен шектелуге болмайтындығы жайында “Орта білімді дамыту” тұжырымдамасының мазмұнындағы “...бүгінгі күні ғылымның мәдени, дүниетанымдық мүмкіндіктерін асыра бағалауға болмайтындығы байқалады” деген қағидадан көруге болады /31/. Сондықтан да дүниетаным саласын тек ғылымға ғана бағдарлап қоймай, оның өнердің, мәдениеттің басқа да нысандарымен бірлігін қамтамасыз ету қарастырылады. Алайда, кез-келген оқулыққа міндетті түрде сол саладағы ғылым жетістіктері еніп отыруы заңды құбылыс. Бұл талап әсіресе, дүниетану оқулықтарына тікелей қатысты.
Қоршаған орта оқушыларға адам, табиғат, қоғам жайында білім бере отырып олардың арасындағы байланысты ғылыми тұрғыда ұғындырады. Бастауыш сыныптың өзінде-ақ оқушылар заттар мен құбылыстар арасындағы байланыстарды бақылап түсіне бастайды. Табиғат құбылыстары мен адам, қоғам арасындағы байланысты біртіндеп дамыта отырып, тереңірек ұғым беру 3-4-сыныптарда жүзеге асады.
А.В.Усова ғылыми ұғымды қалыптастыру жолдары туралы пікірінде білім беретін ғылым салалары оқушыларға ғылыми деректерді, түсініктерді, заңдарды міндетті түрде меңгерту арқылы әр ғылымның теориясынан оларды хабардар етуге тиістігін айтады. Яғни, ғылыми түсінікке негіздеу оқулықтар мазмұнының басты міндеті. Жеке пәндерді оқытқанда оқушыларға ғылыми ұғым беру, ол ұғымдарын саналы меңгеруді жүзеге асырып, білік қалыптастыру білім берудің негізгі мүддесінің бірі.
Оқулықтан тыс қосымша материалдардың мазмұны оқылатын мәтін мазмұнын толықтырып, соған жүгінеді. Оқушыларға пікір туғызу, оны талдау арқылы пікірді ұғымға айналдыруға дейін жетелеу де оқулық мазмұнымен тығыз байланысты. Нақты заттар мен құбылыстар негізінде оқулықтағы мәтінді талдау, өмірмен байланыстыру, бақылау ұйымдастыру барысында туған пікір біртіндеп ұғымға ұласпақ. ұғым - өте күрделі психологиялық процесс. ұғымның қалыптасуы оқылатын материалдың мазмұнымен тікелей байланысты болғандықтан, оқулықтарға ғылыми деректер мен заңдылықтардың енуі заңды құбылыс.
“Адамзаттың, қоғамның пайда болып, қалыптасуы қоршаған табиғи ортаның, қажетті алғы шарттардың, жағдайлардың болуына байланысты екені белгілі” - дейді белгілі философ Д.Кішібеков1. Басқаша айтсақ, адам тіршілігінің көзі - табиғат. Осы табиғат заттарын танып-білу арқылы адам оған әсер етеді. Оның байлығын пайдаланып, екінші бір қолдан жасалған заттар шығарады. Ол үшін адам білімін, күшін, ақылын жұмсайды. Сөйтіп, “екінші табиғат заттары” пайда болады. Бұл екінші табиғат заттары қоғамның дамуына тікелей әсерін тигізеді. Табиғат заттарын ғана емес, оның құбылыстарын ой елегінен өткізіп, оның даму заңдылықтарын ашатын да адам. Мұндай жетістікке олар бақылау жүргізу, ой қорыту арқылы, ғылыми зерттеулер жүргізу нәтижесінде жетеді.
Табиғат заттарын өңдеу үстінде адам табиғат байлығын пайдаланады. Сонымен қатар бүкіл білімін, шеберлігін, дағдысын жұмсап еңбек етеді. Жасалған заттар әлеуметтік өмірге пайдаланылады, адамның да қоғамның да керегіне жарайды. қазіргі таңдағы алдыңғы қатарлы техникалар, түрлі машиналар, компьютерлер дәуірі қоғамның өрлеуіне, әлеуметтік деңгейдің көтерілуіне әсерін тигізіп отыр. Осының бәрі табиғат пен адам арасындағы қатыстан туады. Сондықтан да адам, табиғат, қоғам біртұтас дүние екендігі ақиқат. Осы байланысты, бірлікті бастауыш сынып оқушыларына ұғындыру дүиетану оқулығына енген мәтіндер мазмұнынан туындап отыр.
Адамның өзі де табиғаттың бір бөлшегі, ол табиғат ортасында өмір сүреді. Солай бола тұра адам “ақыл-ой иесі, ол тек тәннің емес жанның, рухани дүниенің иесі”. Адамның осы ерекше қасиеті оқулық мазмұнында берілу арқылы оның табиғатты, рухани өмірді өзгертуші ерекше күш иесі екені көрсетіледі. Адамның бұл болмысын айқындай түсетін мағлұматтар сыныптан-сыныпқа өткен сайын күрделеніп отырады. “Адамдар дүниеде тек өмір сүріп қана қоймайды, сондай-ақ дүниеге, қоршаған табиғи және әлеуметтік ортаға және өздері өздеріне әсер етуге, өзгертіп түрлендіруге қабілетті. Осыған қоса олар өз болмысын және жалпы болмысты танып біледі, болмыстың тағдыры үшін дабыл көтере алады. Осыдан келіп әрбір адамның адамзат тағдыры үшін, табиғатты, тұтас жер планетасын қорғау жауапкершілігі туындайды”1 - деген қағида дүниетану оқулықтары (1-4-сыныптар) мазмұнының үзілмейтін желісі ретінде беріліп отыр. Осымен қатар оқулықтар мазмұнында жеке ұғымдардың біртіндеп жалпы ұғымға айналуы да қарастырылған. Мысалы, оқулықтың “Адам” бөлімінде осы ұғымға не кіретіні жеке-жеке талдана келіп, адамның жеке басының отбасымен байланысы, маңайындағы адамдармен қарым-қатынасы, туыстар арасындағы байланыстар туралы ұғымға өтіледі. Сол сияқты адамның еңбек әрекеттері нәтижесіндегі бір-бірімен байланысы сияқты жалпы ұғым да беріледі. А.М.Сохор өзінің “Методы обучения и учебники” деген еңбегінде мұғалімнің оқыту әдісі әр уақытта оқулықтағы тақырыптардың мазмұнына байланысты өзгеретінін айтып,сондықтан оқулық мазмұны оқушылардың түрлі оқу әрекеттерін ұйымдастыруға негіз салатындай болуы керек деген пікірін тұжырымдады.
Қазақ мектептеріне арналған оқулық тілінің әдеби ерекшеліктерімен (ана тілінде, тартымдылығы түсініктілігі, көркемділігі, эмоциялығы т.б.) қатар ұғымның ғылыми тілде берілуі үлкен ізденісті керек етеді. Бірақ осы кезге дейін республикада бастауыш сынып оқушыларына арналған оқулықтар тілі жайында, жалпы оқулықтар жазудың тілдік мағынасы тұрғысында зерттелген еңбек жоқтың қасы. Бұл салада атап айтарлықтай зерттеу И.Нұғмановтың “Химический язык и дидактические основы его функционирования в процессе обучения химии” - деген тақырыптағы еңбегі. Мұнда химия пәнінде қолданылатын ғылыми тілдің оқушыларға білім берудегі дидактикалық мәні жан-жақты талданған. Зерттеу нәтижесі басқа пән авторларына ғылыми тілді қолдану тұрғысынан үлкен ой тастайды. Пән тілінің оның ғылыми негізін меңгерудегі маңызын айта келіп автор “...терминологические проблемы и их влияние на усвоение основ химии исследовались нами как важнейшая методическая проблема”1, - деп көрсетеді.
Зерттеуде әр пәннің тілі сол пәннің мазмұнын ашудың, тиімді оқытудың құралы ретінде қаралады. Мұғалімнің әдіс-тәсілдерді қолданудағы, оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырудағы тілдің алатын орны дәлелденеді. А.А.Сохор “Учебно-познавательная деятельность тесно связано с языковой деятельностью, обеспечивающей передачу социального опыта подрастающему поколению”2 - дейді.
Оқулық жазу барысында бұл проблеманы шешуге аса көңіл бөлінді. Мысалы, “Өсімдіктің өсіп жетілуіне қажетті жағдайларды” 2-сынып оқушыларына түсіндіру өте күрделі және ғылыми тілді қолдануды керек ететін тақырып. Сондықтан да, мәселен өсімдіктер туралы ұғым беруге арналған тақырыпта оның өніп-өсуіне қажетті жағдайларды ғана айтумен шектелмей, оқушылардың күнделікті табиғаттан бақылауларына негіздеп, өмір тәжірибелеріне сүйеніп, түрлі суреттер мен сызбаларды пайдаланып, осы мазмұнды ғылыми ұғындырудың тиімді де тартымды тілі іздестірілді.
Оқушыларға білім беруге арналған құралдардың ең негізгісі оқулық болғанымен, оның мазмұны мемлекеттік құжат-бағдарлама талабынан алшақ кете алмайды. Осы тұста ұлттық ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі С.М.Исаевтің “Оқулық қалай жазылады” деген мақаласына жүгінеміз1. Автордың пікірінше оқулықтың бүкіл болмысы бағдарлама талабынан туындайды. Себебі, бағдарлама пәннің мазмұнын, көлемін, яғни тақырыптардың шеңберін айқындайтын құжат болып табылады. Сондықтан да, авторлар оқулықта бағдарлама көрсеткен, көлемі айқындалған дүниетанудың жеке-жеке тарауларын. оның тақырыптарын оқушылардың ой-өрісіне, өмір тәжірибесі мен білім деңгейіне лайықты баяндай отырып, оқушыны дамытудың мақсатын да мазмұнға сіңіруді естен шығарған емес.
Адамның әлеуметтік тұлға ретінде дамуы үшін, оның бойындағы бүкіл мүмкіндігіне жол ашу проблемаларына мән беру көзделуде. Психолог М.М.Мұқанов “Оқыту - бұл білім беру және білімді тиісті жағдайда қолдануға үйрету”2- дейді.
Бастауыш сынып оқулығына ғылыми деректерді енгізумен қатар олардың материал ретінде берілу, яғни, баяндалуын әр түрлі деңгейде (әңгіме, деректі баяндау, ғылыми мақала, тапсырмалар, ескертпелер т.б.) жүзеге асыру жағы қарастырылады.
Оқулық тілінің мәнерлі, тартымды, әсерлі, тұжырымды, жинақы болуы жайында пікір қосқан ғалымдар аз емес, солардың ішінде бұл мәселемен тікелей шұғылданған Е.И.Перовский, Л.В.Тарасов, Л.С.Выготский, В.П.Беспалко. Сонымен қатар, жыл сайын жарық көріп отырған арнайы жинақтарда оқулық мазмұнын жетілдіру проблемалары жан-жақты талданып келді.. Осы пікірлерді ескере отырып “Дүниетану” оқулықтарына енген материалдардың тіліне көп мән берілді. Оқулық тілін сөз еткенде, қаншама оның тартымды, қызықты, мәнерлі болуын іздестіргенмен, дүниетану пәні жаратылыстану пәндерінің бастамасы болғандықтан, мұның мазмұнында ғылыми баяндау, оқушыларға ғылым тілі үлгілерін ұсынып, ғылым тілімен сөйлеуге жаттықтыру жағы ескерілді.
Мектеп оқулықтарының проблемаларын зерттеуші ғалымдардың көбі оқулық тілінің жеңіл, түсінікті, мәтін көлемінің ықшам , тартымды болуын талап етумен бірге оқулық тілін жеңілдету салдарынан пәннің ғылыми негізін таяздатып алудан аулақ болу жағын да ескертеді. Оқулықтың тілі жайында сөз еткенде, жоғарыда айтылған қауіптің бар екендігін А.П.×удаков, Г.Г.Граник , С.М.Бондаренколардың пікірлері құптайды.
Оқулыққа енетін мәтін тілін мүмкіндігінше жеңілдетіп, бірақ ұғым негізін ғылыми тұрғыда берудің міндеті тұрады. А.П.×удаков “Специалистам и методистам, поощряющим разного рода “оживляющие” приемы в изложении материала, стоило бы задуматься что все это не столь безобидно, как может сперва показаться. Ученик привыкает, что интересность заключается не в сути изучаемого, не в самой логике науки, а в чем-то внешнем в непринужденных диалогах, сценках, веселых картинках, почти болтливом стиле. Он привыкает, что его развлекают. И, став, старше, строгость и стройность он уже не почтет за необходимое, а и дальше будет охотно мириться с беллетристическим балластам в научном изложении. А этот балласт самый сильный враг создания того типа и строя мышления, в которых нуждается всяк в науке работающий”1 - деген пікір түйіндейді.
Оқулықтағы материалдардың оқушылардың ой операциясына түрткі болуы қажетті жағдай. Берілген ғылыми ұғымды оқушылар ой толғау барысында ғана меңгере алады. Оқыған материалдарды - меңгеру үшін талдау, топтау, салыстыру, нақтылау, абстракциялау т.б. арқылы ой елегінен өткізу керектіктен, мазмұнның соған лайықты болу жағы қарастырылды, сөйтіп, ойлау процесін туғызу, оқулықтағы мәтін мазмұнымен байланысты екендігі ескерілді. Сондықтан да, оқулықтағы мәтін мазмұны осындай әрекеттерді қамтамасыз етуге жағдай жасауға тиіс. Мысалы, жануарлардың түрлері, олардың тіршілік ерекшелігі жайындағы берілетін білім жергілікті жануарларды бақылауға негізделсе бұл мазмұнды онан әрі тереңдете меңгеру оқушыға қиынға түспейді. Онан әрі жануарлар тіршілік әрекетінің жыл мезгілдеріне қарай өзгерісін бақылауға мүмкіндік туғызатын тақырыптарды оқиды. Бұрын алған білімдерімен байланыстыра отырып, жыл мезгіліне байланысты жануарлар тіршілігінің өзгеруінің себебін өздігінен түсінуге ұмтылып ізденеді, бақылау жүргізеді. Байқағандарын мәтін мазмұнымен байланыстыру арқылы ой қорытуға мүмкіндік алады.
Бастауыш сыныпта берілетін білім жүйесі үнемі қайталана отырып, кеңейеді. Оқушыларға берілетін білім үнемі сызықты ұстаныммен бір қалыпты дами алмайды. Әр ұғым біртіндеп тереңдеп, мазмұны жағынан бір-бірімен сабақтастықта үзілмей беріле отырып көлемі кеңейіп, мазмұны тереңдей түседі. Сондықтан да оқулықтағы
тараулардың аты сынып сайын қайталанғанмен, оның мазмұны мен көлемі өзгеріп отырады.
С.Л.Рубенштейннің пікірі бойынша оқушылардың материалды меңгеруінің тиянақты болуы ең алғашқы берілетін ұғым мазмұнына байланысты1. 1-сыныпта қамтылған мазмұн көлемі әрі қарай жалғаса отырып тереңдеп, дүниені танып білу диалектикалық тұрғыда өзгерісте, дамуда жүзеге асады. Оқулық материалы оқушыларды әр уақытта нақты объектіден ғылыми шындыққа жетелеп, бұрын алған білімдеріне сүйеніп, жаңа күрделі ұғымды меңгеруге жол ашады. Оқушылар үстіртін ұққан қате пікірлері түзетіп, шағын ұғымдарын кеңейтіп, олар тұтас дүниенің бірлігімен қатар әрқайсысының өзіндік ерекшелігін, қарама-қайшылығын, сол қарама-қайшылықтан келіп тұтастықтың шығатынын түсіне бастайды. Бұл оқушының дүниетанымын дамытуда ескерілетін философиялық мәселе.
Оқулықтың оқу құралы ретіндегі атқаратын міндеті өте күрделі. Оқулық проблемасын зерттеушілердің әрқайсысы оқулыққа әртүрлі мақсаттарды жүктегенмен, олардың пікірлері оқулықты тек білім беру құралы ғана емес, сонымен қатар тәрбиелеу және дамыту құралы ретінде қарау тұрғысынан түйіседі. Сонымен қатар оқулық мұғалім мен оқушының оқу әрекеттеріне негіз салады. В.Г.Бейлисон мен Д.Д.Зуев пікірлері бойынша оқулық материалдарының негізінде оқушылардың таным әрекеттері қалыптасады. Оқулық осы функциялардың, яғни қызметтердің бәрін атқара отырып оқу әдістемелік кешеннің құрамына енеді. Осылардың бәрінің (кешеннің) ядросы ретінде оқушыларға берілетін білімнің негізі және олардың алған білімінің жүйелілігін жүзеге асыратын, қорытып, тұжырымдап, реттеп отыратын - оқулық. Сондықтан да, дүниетану оқулығы “Орта білімді дамыту” тұжырымдамасы қойып отырған талаптарды қамтамасыз ете отырып, берілетін материалдардың теория мен (табиғат диалектикасы) әдістік (таным диалектикасы) бірлігін сақтауға тырысады.
Оқулықтағы материалдардың мазмұны мен көлемі оқушылардың жекебас ерекшеліктерін ескере отырып оқытуға бағытталды. Шетелдік ғалым К.Сосницкий "Содержание учебника может строиться с учетам психологических потребностей ученика, его билжайщей среды, а также значения этого содержания для достижения определенных целей его деятельности"1 - дейді.
Оқушылардың психологиялық талабына сәйкес келетін, жас ерекшеліктеріне негізделген материалдарды олардың ұғу деңгейінің жоғарылығын Г.А.Гальперин, Н.Ф.Талызина, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов сияқты ғалымдардың психологиялық зерттеулері көрсетіп отыр.
Оқулықтағы ғылыми материалдар оқылатын курстың мазмұнын аша алатындай, оның жалпы және жеке заңдылықтарын түсіндіретін мағлұматтарды қамтитындай болуға тиіс. Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруда және олардың меңгерген білімге сенімінің артуында оқулық мазмұнының алатын орны жоғары.
Қоршаған орта оқулығына қойылатын талаптар мен оны жазудағы басты талаптарды студенттерге жете түсіндіріп, олардың материалдың теориялық негізін ұғуына жағдай жзасау.
Қоршаған орта пәніне арналған оқулықтар мазмұнының ерекшеліктері.
Оқулықтың әдістемелік бөлімі.
Оқулықтың тілі мен көркемдігіне қойылатын талаптар.
Оқулық мазмұнының жергілікті материалдармен байланысы.
Қоршаған орта -оқу пәні.Әр пәнге арналған оқулық мазмұнының өзіндік ерекшелігі болатындығы сияқты, бастауыш сыныптарға арналған “ Қоршаған орта “ оқулығының да өзіндік ерекшелігі бар.
Ол ерекшеліктер:
- оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты тақырыптар мазмұнын ашатын материалдар көлемінің шағын, ықшам болуы;
- тақырып мазмұнының ғылымилығы, этикалық, эстетикалық жақтарының ұстамдылығы;
- оқулық тілінің тұжырымдылығы, нақтылығы, айқындығы, түсініктілігі, әсерлілігі, бейнелілігі;
- берілген мазмұн оқушылардың ойын, тілін дамытуға, олардың сабақ барысында өздігінен жұмыс орындауына, іс-әрекетіне түрткі туғызуға сай болуы;
- берілген білім оқушылардың материалистік көзқарасын қалыптастыратындай деректі, нақты материалдарға негізделуге тиіс;
-берілетін білімнің оқушылардың өмір тәжірибесімен және қоршаған ортамен байланыстылығын қамтамасыз етуге қолайлылығы;
- қоршаған ортадан берілетін білімнің нақтылығы мен ғылымилығы;
- білім мазмұнының басқа пәндермен байланысы;
-берілетін білім көлемінің дүниенің біртұтастығын түсінуге жағдай жасайтындай болуы.
Оқулықтар мазмұны оқу-ағарту саласына байланысты қабылдаған құжаттары негізінен туындайды. Осымен қатар оқулықтар мазмұнында жеке ұғымдардың біртіндеп жалпы ұғымға айналуы да қарастырылған. Мысалы, оқулықтың “Адам” бөлімінде осы ұғымға не енетіні жеке-жеке талдана келіп, адамның жеке басының отбасымен байланысы, маңайындағы адамдармен қарым-қатынасы, туыстар арасындағы байланыстар туралы ұғымға өтеді. Сол сияқты адамның еңбек әрекеттері нәтижесінің бір-бірімен байланысы туралы да жалпы ұғым беріледі.
Оқулықта міндетті түрде ғылыми мағлұматтар беріледі, оны оқушыларға дұрыс және тиянақты түсіндіру үшін мұғалім тақырып мазмұнын айқындай түсетін қосымша аппараттар іздейді. Оқулықта берілетін түрлі суреттер, сұрақтар мен тапсырмалар, сызбалар, яғни, оқулықтың әдістемелік аппараттары жеткілікті болған жағдайда ғана тақырып мазмұны сол пәннің мақсатын аша алады. Оқушыларға тиянақты білім беруде оқулық мазмұнын толықтыра түсетін әдістемелік аппарат екендігі мектептегі іс-тәжірибелерден байқалып отыр. Сондықтан да авторлар мәтін мазмұнына байланысты сұрақтар мен тапсырмалардың мәнінің зор екендігін ескерді. Сөйтіп сұрақтар мен тапсырмаларды бірнеше деңгейде беруді қарастырды. Олар:
- мәтін мазмұнына тікелей қатысты сұрақтар мен тапсырмалар;
-оқушылардың назарын мәтіннің мазмұнына аударуға арналған;
- оқығандарын күнделікті өмір тәжірибесімен байланыстыруға, не қоршаған ортаны бақылауларымен үйлесімді түрде түсінуге бағытталған;
- бұрынғы алган ұғымдарын іс жүзінде қолдануға арналған;
- оқушылардың логикалық ойына, ізденуіне, талдап, жинақтауына әсер ететін тапсырмалар;
- оқулықтағы көрнекіліктермен жұмыс ұйымдастырылуға арналған;
- жаңа материалдың мазмұнын айқындай түсуге көмектесетін;
-жаңа білімдерін бұрын алған білімдерімен байланыстыруға көмектесетін;
- оқушылардың тілін дамытуға, әңгімелей білу шеберліктерін шыңдауға бағытталған;
- оқушының оқыған материалды меңгеру деңгейін байқауға арналған;
- пән аралық байланысты жүзеге асыруға негізделген;
- табиғи заңдылықтарды дәлелдеуге бағытталған;
- заттар мен құбылыстардың басты қасиеттерін айқындауға арналған;
- оқушылардың күнделікті бақылауларын ұйымдастыруды жүктейтін т.б.с.с. мақсаттарды қамтитын сұрақтар мен тапсырмалар орын алады.
Бұлардан гөрі жоғары деңгейге оқушылардың ойлануына, нақты ой мен абстракциялық ойдың жалғасуына, сөйтіп өз шешімдерін айтуға жағдай жасайтын, яғни оларды шығармашылыққа жетелеу үшін берілетін сұрақтар мен тапсырмалар да кездеседі. Мұндай көп деңгейлік сұрақтар мен тапсырмалар оқушының шығармашылық әрекетке талпынысына, әр мәселені шешуде оларды құзырлылыққа жетелеуге мүмкіндік береді. Сұрақтар мен тапсырмаларды деңгейге бөлу білім беру мәселесіне байланысты қазіргі таңда қойылып отырған талаптарға сәйкестендірілген. Бұлар әр тақырыптың мазмұнын жеке қайталау ғана емес, жаңа білімді өткен ұғымдарымен байланыстыруға, сөйтіп білімнің сабақтастығын, байланыстылығын түсінуге жәрдемдесетіндей болу жағы қарастырылды. Мұндай байланыста берілген тапсырмалар мен сұрақтар арқылы өткен тақырыптар мазмұны пысықталып, есте сақтау процесі нәтижелі болмақ.
Естің екі түрі болатыны белгілі. Ол “уақытша ес”, “алыс уақыттағы ес”. “Уақытша ес” - алғаш қабылданған хабарлар болса, жаттығу нәтижесінде “алыс уақыттағы еске” жетіп, сонда сақталады. “Есте сақтау үшін қайталау қажет” - дейді психолог М.М.Мұқанов. Бұл қағиданы жүзеге асыруда оқулықта берілетін сұрақтар мен тапсырмалардың маңызы зор.
Жоғарыда оқулық тілінің тартымдылығы мен оқушылар ұғымына жеңілдігі де мектеп оқулығының проблемаларын зерттеушілердің қойып отырған талаптарының бірі екендігін айтқанбыз. Бастауыш сынып оқулығын жазғанда бағдарлама талап еткен жүйелі ұғымдарды қысқа, тұжырымды, түсінікті, оқушы ұғымына да, тіліне де жеңіл тиетін мазмұн арқылы жеткізу авторлар ойластырған басты міндеттердің біріне айналды.
Оқу бағдарламаларының талаптары әр кезеңдегі ғылым жетістіктеріне, педагогика мен психология ғылымының деңгейіне байланысты өзгеріп отыратыны белгілі. Оған мысал, егер еліміз егемендік алғанға дейін жалпы білім беруге қойылатын талаптардың бастысы - дамыта оқыту, политехникалық білім беру, оқушылардың белсенділігін арттыру болса, енді дамыта оқыту талабымен қоса интеграциялап оқыту, оқушылар бойына ұлттық мәдениетті сіңіру, өз өлкесінің, ұлтының табиғатынан, салт-дәстүрінен біліммен бірге жекебас тәрбиесіне баса мән беру, адамның өзіне деген сенімін көтере отырып, тұлға қалыптастыру мәселелеріне аса зор көңіл бөлініп отыр.
Осымен қатар оқулықтар мазмұнында жеке ұғымдардың біртіндеп жалпы ұғымға айналуы да қарастырылған. Мысалы, оқулықтың “Адам” бөлімінде осы ұғымға не кіретіні жеке-жеке талдана келіп, адамның жеке басының отбасымен байланысы, маңайындағы адамдармен қарым-қатынасы, туыстар арасындағы байланыстар туралы ұғымға өтіледі. Сол сияқты адамның еңбек әрекеттері нәтижесіндегі бір-бірімен байланысы сияқты жалпы ұғым да беріледі.
Оқулықтағы мәтін мазмұнының жеке ұғымнан жалпы ұғымға. көшуі психологиялық тұрғыдан алғанда бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшелігіне сәйкестендірілу мақсатынан туып отыр. Мысалы, 1-сыныпта шөп, бұта, ағаш туралы білім алып, әрқайсысының сыртқы ерекшелігімен танысқан оқушылар біртіндеп осылардың бәрінің де өсімдікке жататынын және өсімдіктерге тән ортақ қажеттілік (қоректену, жылуды, жарықты, топырақты керек ету) жайында түсінеді. Келесі сыныпта өсімдіктер табиғаттың күрделі бөлігінің бірі ретінде қаралып, оның тұқымнан өніп өсуі, жетілуі, тұқымның жер бетінде таратуы т.б. сияқты жалпы және тереңірек білім беретін мазмұндағы материалдарды меңгеруге көшеді. Осылайша оқулық мазмұнында жалқы ұғымнан жалпыға көшу мақсаты жүзеге асып отырады.
Оқулықтың тағы бір айрықша белгісі - қай пәннің оқулығы болса, сол пәнді оқытуға қойылатын талаптарға сай, соның мақсатын қанағаттандыратындай болуында. Болашақ қоғам мүшелерін дайындау білімнің мазмұны арқылы жүзеге асады. Жастардың өмірге дайындығы білім мен тәрбие деңгейіне тікелей байланысты болғандықтан, Қазақстан Республикасының дамуының 2030 жылға дейінгі межеленген стандартында білім саласына айрықша басымдылықпен мемлекеттік мән берілген. Білім беру әр уақытта қоғамның ғылымнан, мәдениеттен, әдебиеттен жеткен жетістіктерін сақтап және оны дамыту үшін келешек ұрпаққа жеткізуді көздейді.
Оқушылардың оқу әрекеттерін ұйымдастырып, оқу дағдыларын қалыптастыратындай, ой ептілігін дамытып, дүниетануын кеңейтетін- дей,дүниенің жеке-жеке салаларының мәнін біліп, оны іс жүзінде қолдана алатындай материалдар оқулыққа еніп отыр. Осы күнге дейін оқулық жазуда басты үш талапты қамту көзделіп келді. Ол: оқулықтың мазмұны, құрылымы, тілі. Ал қазіргі таңда оқулыққа жан-жақты талап қойылып, жоғарыда аталған мәнімен қоса, оған психологиялық ұстамдығы, көркемдігі, эмоциялық құрылымы, әдістемелік аппараттарының (сұрақтар, тапсырмалар, тәжірибелер т.б.) жеткілікті және тартымды болуы жүктеледі. Сонымен бірге оқулықтағы әр сыныпқа арналып берілген материалдардың сабақтастығы мен сапасын ескеру, жүйелік принципін сақтау да міндеттеледі.
Білім берудің жалпы мақсаты қоғам талабынан, мемлекеттің оқу-ағарту саласына байланысты қабылдаған құжаттары негізінен туындайды. Болашақ қоғам мүшелерін дайындау білімнің мазмұны арқылы жүзеге асады. Жастардың өмірге дайындығы білім мен тәрбие деңгейіне тікелей байланысты болғандықтан, Қазақстан Республикасының дамуының 2030 жылға дейінгі межеленген стандартында білім саласына айрықша басымдылықпен мемлекеттік мән берілген. Білім беру әр уақытта қоғамның ғылымнан, мәдениеттен, әдебиеттен жеткен жетістіктерін сақтап және оны дамыту үшін келешек ұрпаққа жеткізуді көздейді. қоршаған ортадан берілетін білімнің ғылымилығы; Берілетін білім көлемінің дүниенің біртұтастығын түсінуге жағдай жасайтындай болуы.
Білім берудің түрі де, мазмұны да сан-алуан. Соның біріне түрлі атауларды, деректерді, құбылыстарды, заңдылықтарды, теориялық ұғымдарды, іс-әрекет жасау әдісін т.б. меңгерту жатады. Осыларды меңгеру нәтижесінде ғана адам өмірге керекті қызмет атқара алады. Адамның ең алғашқы қызметі қоршаған ортамен қарым-қатынастан басталады. Бұл жанұя, табиғат, адам мен адам арасындағы қатыс т.б. өзі табиғаттың бір бөлігі бола тұра осы қатынастарды меңгергенде ғана, адам табиғат пен қоғамнан өз орынын табады. Оқып білген, тәжірибеден үйренген білімі арқылы адам қоршаған ортамен қатысты басқаға да үйретеді. Біртіндеп қоршаған орта жағдайына баға беру деңгейіне көтеріледі. Білім алу ол әлі білікті болу емес, жүйелі жүргізілген оқу-тәрбие жұмыстары мен оқытудың тиімді әдістерінің нәтижесінде ғана алған білім білікке айналады.
Жоғарыда келтірілген бағдарламалық талаптарды орындаудан, білім берудің міндеттерінен келіп оқулықтың атқаратын қызметі (функциясы) жайында тұжырым жасауға мүмкіндік туады. Қазақстан Республикасының “Білім туралы Заңының ” 8-бабында білім берудің негізгі міндеттері жайында “Жеке тұлғаның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай туғызу арқылы интеллектісін байыту” деп көрсетілген. Бұл жаңа қоғам құрылысына байланысты білім берудің жаңа міндеттері. қазіргі таңда оқушыларға тек ғылыми ұғым берумен шектелуге болмайтындығы жайында “Орта білімді дамыту” тұжырымдамасының мазмұнындағы “...бүгінгі күні ғылымның мәдени, дүниетанымдық мүмкіндіктерін асыра бағалауға болмайтындығы байқалады” деген қағидадан көруге болады. Сондықтан да дүниетаным саласын тек ғылымға ғана бағдарлап қоймай, оның өнердің, мәдениеттің, экологияның басқа да нысандарымен бірлігін қамтамасыз ету қарастырылады. Алайда, кез-келген оқулыққа міндетті түрде сол саладағы ғылым жетістіктері еніп отыруы заңды құбылыс. Бұл талап әсіресе, дүниетану оқулықтарына тікелей қатысты.
²Қоршаған дүние² оқулығы оқушыларға адам, табиғат, қоғам жайында білім бере отырып олардың арасындағы байланысты ғылыми тұрғыда баяндайды. Берілетін білім нақты дүниеде бар заттар мен құбылыстар жайында баяндалғандықтан, басқа пәндермен кіріктіре оқыту мүмкіндігі молайып, оқушылардың танымдық қабілеттерінің дамуына кеңінен жағдай жасайды.
Оқулық оқушылардың дүниетанымын қалыптастырып қана қоймай, бірнеше педагогикалық талаптарды шешеді. Біріншіден, оқулық арқылы дүниеден жалпы білім ала отырып, оқушылар осы пәнді меңгеру жолында қандай әдіс-тәсілдерді қолдануға болатындығын біледі. Екіншіден, оқу материалдарын меңгеру барысында өздігінен жұмыс істеу арқылы олардың ғылымға, жалпы дүниеге көзқарасы қалыптасып, өзін-өзі бақылау, өзіне-өзі баға беру сияқты тәрбиелік мазмұндағы қасиеттерге ие болады. ¶шіншіден, оқушылардың таным қабілеті дамып, дүниеге диалектикалық тұрғыдан қарауға үйренеді. Осының бәрінің жиынтығы оқушылардың оқулыққа енген ғылыми мағлұматтарға сенімін арттырады.
Жоғарыда оқулық мазмұны берілетін білім көлемінің бағдарлама талабына сай қарастырылатынын айтқанбыз. Сонымен қатар тақырыптың баяндалу формасы, оқулыққа енген материалдардың егжей-тегжейлі нақтылануы, олардың күрделілік деңгейі, сұрақтар мен тапсырмалардың оқушыларға беретін бағыты мен бағдары - осының бәрі де оқушылардың дамуына тікелей әсер етеді. Осыған дейінгі жарық көрген “Табиғаттану” оқулықтарында негізгі материалдармен қоса оқушылардың өздігінен оқуына арналған қосымша тақырыптар да берілетін. Қазіргі таңда оқулықпен қоса оқу-әдістемелік кешендер тұтас жарық көргендіктен, оқулық мұндай ауыр жүктен тазартылып, тек ғылыми ұғым негіздерін қамтуға арналады. Сондықтан да, оқулықтағы мәтіннің оқушылар ұғымына сәйкестігі көп көңіл бөлуді керек етеді.
Оқулыққа қойылатын талаптардың бірі-оның көрнекілігі. Оқулықтағы суреттер, сызбалар, тәжірибелер көрінісі тақырыптың тартымдылығын туғызатын бірден-бір құрал. Бастауыш сынып оқулығының 40 пайызын көрнекілік алуы керектігі жайында пікір бар. Сонымен қатар көрнекіліктің де жүйелілігі мен бірізділігі талап етіледі. Себебі өсімдіктер не жануарлар туралы оқығанда олардың тұқымнан өсетіндігі, өсіп-өркендеуі, тұқым таратуы, дамып жетілуі т.б. сатыларын көрсету тек мәтін арқылы ғана емес, суреттер бойынша да жеткізіледі. Жүйелі ұғымдар беру үшін бейнелі көрнекіліктер жиі қолданылады. Оқулық мазмұнының түсініктілігі де осы көрнекіліктерге тікелей байланысты. Мысалы, оқулықта берілетін тәжірибелер мазмұнын жазбаша баяндаумен шектелмей, ол тәжірибелердің суретін беру арқылы мәтіннің оқушылар ұғымына түсініктілігі қамтамасыз етіледі. Сол арқылы материалдар тек білімді хабарлау деңгейінде қалмай, ғылыми нақтылық деңгейіне көтеріледі. Оқушылар оқулықта көрсетілген тәжірибелерді өздері іс жүзінде орындау арқылы ғылымды меңгеруге болатындығына сенімі артып, тақырыптың мазмұны ашылады. Суреттердің оқулық мазмұнын толықтырудағы маңызы жайындағы ой-пікірлер және ғылыми зерттеу жұмыстары В.И.Рывчин, Б.Карлаварис, Т.И.Куляпина еңбектерінде кездеседі, Б.Карлаваристің пікірі бойынша - оқулықтың суреттері оқушының көркемдік талғамын арттырып, эстетикалық тәрбие беруге себін тигізді. Мұндай мақсатты жүзеге асыру үшін оқулыққа енетін суреттерге байланысты қойылатын жалпы талаптарды негізге алу керектігін айтады.
Ол талаптар:
- суреттердін шындыққа негізделуі және ашық, айқын түсті болуы;
- заттардың, не құбылыстардың бейнесін егжей-тегжейлі, ұсақ бөлшектеріне дейін суреттемей-ақ, соған тән ең басты ерекшелігін беру;
- суреттер көлемінің шағын және мәтін мазмұнымен тығыз байланысты болуы;
- заттың оқушыларға таныс бөліктерін бейнелей отырып, ғылыми шындыққа негіздеуі;
- оқулықтың эстетикалық ұстамдылығын ескеріп, көркем суреттер мен фото суреттерді де пайдалану;
- дүниетану оқулығында географиялық картаның және кеңістікті, бағытты көрсететін сызбалардың болуы1.
Бұл талаптар басқа да ғалымдардың зерттеу жұмыстарының арқауы болып, тәжірибеден өткен. Сол талаптарды міндетті түрде жүзеге асырып, көрнекілік арқылы оқушылардың материалды саналы, тиянақты түсінуіне, оқығандарын есте сақтауына және алған білімін іс жүзінде қолдануына себін тигізетін жағын қарастыру көзделді.
В.И.Рывчин оқулық суретінің ролін айта келіп, оның оқулық мазмұнының құрамдас бөлігі және білім берудің тұтастығын қамтамасыз ететін басты құралы екендігін дәлелдейді2. Суреттердің мәтін мазмұнымен байланыстылық деңгейіне қарай оның атқаратын қызметі де өзгеріп отырады. Суреттер мәтіннің мазмұнына тікелей байланысты болса, онда мазмұнды айқындай түсетін құрал ретінде, кейде мәтін мазмұнын толықтыратын қосымша материал ретінде беріледі. Сондықтан да, оқулықтағы суреттердің мазмұн ерекшелігін түсініп, ол бойынша жұмыс істеу мұғалім шеберлігіне байланысты.
Оқулық көлемі суретті көп беруді көтермейтіндіктен, білім мазмұнын кеңейтуге, қосымша ұғым беруге арналған суреттер дидактикалық үлестірмелі көрнекіліктерге енгізіледі. ´йткені оқулықтағы материалды талдау барысында оқушылардың негізгі назары түгелдей жаңа ұғымды меңгеруге жұмылдырылады да, суреттер сол жаңа ұғымды толық ұғынуға жәрдемдеседі. Мазмұнды онан әрі толықтыра түсуге үлестірмелі көрнекіліктер көмектеседі.
Қорыта айтқанда, оқулықты жазғанда мына талаптар ескерілді:
- бастауыш сыныптардың дүниетану оқулығының мазмұны ғылыми фактілер мен заңдылықтарға негіздеу;
-мәтіннің тілі оқушы ойына орамды (ғылыми, тартымды, әсерлі, жеңіл, бейнелі) болуын қарастыру; Мәтін мазмұнының оқушылардың өмір тәжірибесіне және қоршаған ортадан бақылағандарымен байланысты- рылуына жағдай жасайтындай болуы; Табиғат заңдылықтарын ғылыми терминдермен беру;
-мәтіннің мазмұнын өлке тану үрдісіне негізделуі;
-берілетін ұғымның бағдарлама талабымен оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкестігін және бір-бірімен мазмұндық байланысын жүзеге асыру;
-әдістемелік аппарат оқулықтың мазмұнын ашып, мұғалімнің оқыту, оқушылардың оқу әрекеттерін ұйымдастыруға жағдай жасайтындай дәрежеде болуы;
-тұжырымдамада атап көрсеткендей, “...оқушыларда ұлттық мінезді және ана тілінің негізінде өз халқының рухани әлемін еркін қалыптастыратын...” мазмұнды кеңінен қамту;
-оқулық мазмұны сыныптан сыныпқа қарай күрделене отырып, оқушылардың дүние туралы белгілі білім көлемінің қалыптасып, жоғарғы сыныптардағы биология, химия, география, қоғамтану пәндерін ғылыми меңгеруге негіз қалауы.
Достарыңызбен бөлісу: |