Павлодар қаласы №25 жалпы орта білім беру мектебі Теміржанова Меруерт Әсетқызы



бет1/2
Дата22.11.2016
өлшемі0,62 Mb.
#2308
  1   2



Павлодар қаласы № 25 жалпы орта білім беру мектебі

Теміржанова Меруерт Әсетқызы

қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі

Инновациялық жобаның атауы:



Оқушыларды сын тұрғысынан ойланту арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту

Жетекші идея:

Қазіргі уақыттың негізгі талаптарының бірі- бала шығармашылығының бастауын, қайнар көзін ашып, оны тұлғалық тұғырға көтеру.

Жоба мақсаты:

Тұлғаның шығармашылық қабілеті мен қызығушылығын жетілдіру, бала бойындағы дарындылықты жас ерекшелігін ескере отырып анықтау, шығармашылық жұмыстар жасату арқылы дарындылықтың талантқа айналуына күш салу.

Жоба міндеттері:

  • Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, жан- жақты дамуына көңіл бөлу, ғылыми- зерттеу дағдыларын қалыптастыру.

  • Шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру.

  • Өзін- өзі тану баланы жолдастары арасында өзін сыйлата білуге, өзін- өзі жетілдіріп басқадан үлгі алуға, қоршаған орта жағдайында өзін- өзі бағып алуына, өз бетінше бір шешім айта алуына, әр іске жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.

Қолдану саласы:

Халықаралық, мектепішілік, қалалық, облыстық конференцияларға қатысу, семинар өткізу.

Жобаның қысқаша андатпасы:

Өз бетінше ізденімпаздықпен жұмыс істей білу, яғни оқу материалын таңдау, жаңаны қабылдау мен меңгеру, алған білімдерін іс жүзінде қолдана білу, оңтайлы әдістерді таңдап алу, белгілі бір нәтижеге жетуге ұмтылу т.б. оқушылардың шығармашылық дербестігін қалыптастырудың алғыштары болып табылады. Оқытудың инновациялық технологияларын пайдалана отырып білім сапасын арттыру, сондай- ақ рухани жан дүниесі бай, жан- жақты дамыған ұрпақ тәрбиелеу- осы ұстанымдардан туып отырған өзекті мәселелердің бірі.

Жүзеге асыруға дайындық дәрежесі:

Тәжірибе аяқталған

Қолданудан күтілетін нәтижелер:

  • Егер де оқытудың жаңа әдіс- тәсілдерін қолданса, шығармашылық тапсырмалар орындағанда оқушылар өз ойын ашық, қысылмай жеткізе алады, өз ойын дәлелдеуге тырысады, өзінің жасаған әрекетінің дұрыстығын қорғай алады;

  • Оқушылардың ойшапшаңдығы, сөз байлығы молайып, қиялы дами түседі;

  • Оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыруы;

  • Практикалық дағдыларды игеруін арттыруы;

  • Оқушылардың тілге деген қызығушылығының, ынтасының артуы;

  • Оқушылардың мектептік, қалалық сайыстарға белсене қатысуға деген құштарлықтарының дамуы;

  • Әр түрлі оқулардан жүлделі орын алуы;

  • Білім сапасының жоғарлауы;

  • Жасампаз және өнерпаз тұлғаның қалыптасуы;

  • Еңбекті бағалай білетін тұлға.

Тақырыптың өзектілігі:

Қазіргі білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтылық, адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. 


Ұстаз үшін ең негізгі мақсат – әр сабағын түсінікті, тартымды, тиімді өткізу. Білімді әрі сауатты адамдар ─ бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші. Ал баланың жеке тұлға ретіндегі дамуы, өзіндік көзқарасының қалыптасуы, ой-өрісінің кеңеюі мектеп қабырғасында басталады. Қазіргі мектептердегі оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа әдіс-тәсілдерден, технологиялардан құралады. Демек, баланың білімі ерекше болуы, ол білімнің нәтижелі болуы пән мұғалімінен жауапкершілікті талап етеді.

Әрбір оқушының білім деңгейін талапқа сай көтеру үшін озық әдістемелік технологиялар қажет. Сол жаңа озық әдістемелік технологиялармен қаруланған, заман талабына сай оқытудың жаңа әдістерін, яғни жаңа әдіс- тәсілдерді толық меңгерген педагог қана білім алушының сапалы білім алуына мүмкіндік жасайды.

Диалогтік оқыту – көпқырлы құбылыс. Білім алушы белгілі бір педагогикалық мәселені шешуде өзінің білетінін есіне түсіреді, білімін басқалардың идеяларымен толықтырады, жаңа тәсілдерді меңгереді, өзінің стратегиялық бағытын анықтайды.

Өз бетінше ізденімпаздықпен жұмыс істей білу, яғни оқу материалын таңдау, жаңаны қабылдау мен меңгеру, алған білімдерін іс жүзінде қолдана білу, оңтайлы әдістерді таңдап алу, белгілі бір нәтижеге жетуге ұмтылу т.б. оқушылардың шығармашылық дербестігін қалыптастырудың алғыштары болып табылады. Оқытудың инновациялық технологияларын пайдалана отырып білім сапасын арттыру, сондай-ақ рухани жан дүниесі бай, жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелеу- осы ұстанымдардан туып отырған өзекті мәселелердің бірі.



Тәжірибенің өзектілігі мен келешегі:

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жаңа технологияларды қолданудың тиімділігі өте зор. XXI көшбасшысы – жаңашыл, ізденімпаз, шебер ұстаз. XXI ғасыр ұстазы бүгінгі күн талабына сай жан-жақты дамыған, өмірге реалистік тұрғыдан қарайтын, терең біліммен қаруланған оқушы тұлғасын сомдау үшін өзі де шеберліктің шыңынан көрінуі тиіс.

Әр баланың бойындағы туғаннан пайда болған интуициясын әрі қарай дамытуға ықпал ету, оқушының табиғи қасиеттерін пәндік білім деңгейін тереңдету үшін оқытуды жоспарлы түрде ұйымдастыру, өз бетінше білім алу дағдыларының дамуына негіз салу болып табылады.

Шығармашылық жұмыстар арқылы оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға жетелеп, қызығушылығын оятып, шығармашылық қабілетін арттыруға, белсенділікке ынталандырады. Оқушылардың танымдық, интеллектуалдық қабілеттің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдылары қалыптастырады.

Қазіргі таңда оқу үрдісінде қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда сан-алуан жаңа әдіс-тәсілдері мен технологиялар сапалы білім беруде үлкен рөл атқарады.

Зерттеудің мақсаты: Тұлғаның шығармашылық қабілеті мен қызығушылығын жетілдіру, бала бойындағы дарындылықты жас ерекшелігін ескере отырып анықтау, шығармашылық жұмыстар жасату арқылы дарындылықтың талантқа айналуына күш салу.

Барлық жастағы балаларды кез келген мазмұнға сын тұрғысынан қарауды үйрету. Кез келген қиыншылықтарды жеңуге, өз мәселелерін шешуге, әр түрлі жағдайларды сын тұрғысынан қарауға, екі ұйғарым пікірдің біреуін таңдауға, сапалы шешім жасауға үйрету.

Зерттеудің міндеттері : Бүгінгі заман талабына сай, әлемдік білім кеңістігі деңгейінде сапалы білім беру үшін мектеп жасындағы баланың шығармашылық қабілеттерін арттыруды қамтамасыз ету қажет. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, жан - жақты дамуына көңіл бөлу, ғылыми - зерттеу дағдыларын қалыптастыру. Тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыратын жаңа технологияларды қолдану.

Шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Өзін - өзі тану баланы жолдастары арасында өзін сыйлата білуге, өзін - өзі жетілдіріп басқадан үлгі алуға, қоршаған орта жағдайында өзін - өзі бағып алуына, өз бетінше бір шешім айта алуына, әр іске жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.

Жұмыстың зерттеу нысаны : мектеп бағдарламасы бойынша сын тұрғысынан ойлау жобасын қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Зерттеу пәні: қазақ тілі мен әдебиеті

Зерттеу әдістері: Оқушылардың жеке тұлғасының дамуы балалардың сабақ барысында және сабақтан тыс, жекелей жүргізілген жұмыстарның нәтижесі және сапасынан алынған салыстырмалы негізінде алынған көрсеткіштер.

Жинақтау әдісі арқылы теориялық білімді тәжірибемен ұштастыра отырып жинақталған білім мазмұны бір жүйеге келтірілді.



Тәжірибенің іске асу жолдары:

  • Сабақтар арқылы

  • Үйірмелер арқылы;

  • Іс-шаралар арқылы;

  • Көмекші құрал құрастыру арқылы;

  • Түрлі сайыстары арқылы.

  • Мәтіндер талдауы;

  • Түрлі көзқарастағы тапсырмалар құрастыру;

  • Ұжымдық пікірталас;

  • Топпен және жұппен жұмыстардың әртүрі;

  • Дебаттар;

  • Пікірталастар;

  • Оқушылардың жазба жұмыстарын жариялау;

СТО-жазба жұмыстары (оқушылардың жазған «Эссе», «5 жолды өлең» жинап отыру.

Зерттеудің жаңалығы: Қазіргі уақыттың негізгі талаптарының бірі- бала шығармашылығының бастауын, қайнар көзін ашып, оны тұлғалық тұғырға көтеру. Шығармашылық - тұлғаны дамытудың ең тиімді тәсілі. Күнде өзгеріп отырған аласапыран өмірде аман қалу, биіктерге беттеу, нәтижелерге жету тек қана шығармашыл адамдардың қолынан келеді және бұл мәселені неғұрлым ерте қолға алса, соғұрлым нәтижелі болатындығы ғылымда дәлелденген. Оқушыға белгілі бір көлемдегі білім - білік, дағдыларды меңгерте отырып, жаңа педагогикалық технологияларды шебер пайдалана білу арқылы оқыту үрдісін демократияландыру және ізгілендіру, сабақтағы оқушының шығармашылық рөлін арттырып, еркіндігін қамтамасыз ету, сол арқылы оқушылардың даралық, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін, бейімділіктерін ашу және дамыту қажеттігі туындап отыр.

Технология өмір талабы:

Жаңа адамды тек жанашыл мұғалім тәрбиелейді.

-Білім беруді технологиялық жолмен ұйымдастырудың жаңа бағыттағы оқытушының кәсіби шеберлігін шыңдауға, өз білімін көтеруге жауапкершілігін шыңдауға, өз білімін көтеруге жауапкершілік арттыру, тәжірибесін рефлексиялауға үйретеді. Әрбір жаңашыл оқытушы ақпараттық технологиялардың ғылыми-теориялық негізін меңгеріп, әрбір баламен ғылымның жаңалықтарымен ой бөлісіп, жұмысында қолдануға тырысу.

Білімді арттыруда қазіргі қолданыстағы педагогикалық технологияларды пайдалануға болатынын өз тәжірибемеме сүйеніп толық айта аламын.



Зерттеу болжамы: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдарын қамтамасыз етсек, онда оқушыларының шығармашылық қабілеттері арта отырып, оқытудың сапасын көтеріп, оқушылардың білімдерін кеңейтіп, тереңдеуін қалыптастырар едік, өйткені бүгінгі қоғамға өте білімді және бәсекеге қабілетті жас буынды оқытып, тәрбиелеуіміз керек.

Тәжірибенің теориялық базасы :

Тіл туралы заң, «Қазақстан-2030» стратегиясы, бүгінгі білім мен тәрбие берудің өзекті мәселелері, озық технологиялық тәжірибелер негіз болып, педагогикалық, психологиялық, ғылыми - әдістемелік әдебиеттерге шолу жасалынды.



Жетекші педагогикалық идея :

-Интер белсенді тақтаның мүмкіндіктерін сабақтарда тиімді пайдалану;

-Жаңа бағдарлама бойынша оқушылардың ойлауын, мәдениетін қалыптастыруға еркiн әрi шығармашылықпен ойлауына жағдай жасау;

-Оқушылардың ауызша және жазбаша тілін, ойлау, есте сақтау қабілетін, әрбір ақпаратқа, сонымен бірге өзінің және басқаның шығармашылығына сыни қарауына, шығармашылық қабілетін дамытуға бағыттау;

-оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру;



-оларға адамзат жинаған әлеуметтік, рухани, адамгершілік тәжірибесін меңгерту;

-оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттыру;

- жаңа сабақты оқушының өзі меңгеруіне жағдай жасау;

-оқушылар меңгерген жаңа тақырып бойынша салыстырулар, болжамдар жасауға үйрету;

- Заманауи технологиялармен жұмыс жасау.



Педагогикалық технологияның негізгі кезеңдері:

  • Бірінші кезең- оқушының іскерлік алгоритмі: берілген тапсырманы іске асыру үшін оқушының іскерлігінің мақсаты мен қызығушылығын мойындап, жұмыстың түйінін анықтау.

  • Екінші кезең-конструкторлық, жобалау. Бұл кезеңде оқушылар топтарға бірігеді (4-5 адам) немесе жұппен іс жүзіне асырады: жоспар құрастырады, ақпарат жинайды, тапсырманы іс жүзіне асыру үшін түрлі жолдар іздестіреді.

  • Үшінші кезең-рефлексивті-бағалау. Оқушы іскерлігін өзі-өзін бағалау

  • Төртінші кезең- презентациялық, жұмысын қорғайды.

Тәжірибенің нәтижелілігі:

  • Егер де оқытудың жаңа әдіс тәсілдерін қолданса, шығармашылық тапсырмалар орындағанда оқушылар өз ойын ашық, қысылмай жеткізе алады, өз ойын дәлелдеуге тырысады, өзінің жасаған әрекетінің дұрыстығын қорғай алады.

  • Оқушылардың ойшапшаңдығы , сөз байлығы молайып, қиялы дами түседі.

  • оқыту үрдісіндегі жекелеп, саралап оқыту идеяларын дамыту;

  • білім, билік, дағды деңгейін қалыптастыру;

  • білімнің тереңдігі;

  • сабақта техникалық құралдарды, дидактикалық материалдарды қолдану тиімділігі;

  • оқытушының педтехнологияны игеруі,сонымен қатар оқушылардың білімін шындалуы;

  • тексеру түрлері, бағалауы;

  • оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыруы;

  • практикалық дағдыларды игеруін арттыруы;

  • оқушылардың тілге деген қызығушылығының, ынтасының артуы;

  • Оқушылардың мектептік, қалалық сайыстарға белсене қатысуға деген құштарлықтарының дамуы;

  • Әр түрлі оқулардан жүлделі орын алуы;

  • Білім сапасының жоғарлауы;

  • Жасампаз және өнерпаз тұлғаның қалыптасуы;

  • Еңбекті бағалай білетін тұлға;

  • мектеп түлектерінің жоғары оқу орындарына түсуі.

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі: Қай елдің болсын өсіп өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім беру жүйесінің қалыптасуына, даму бағытына тікелей байланысты."Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз" деген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзі жай айтылған жоқ. Осыдан бастап жас ұрпақ бойындағы іскерлік пен олардың қабілеттерін ашу туындайды. Себебі, қазіргі кезде әр адамның болашағы оның алған білімінің сапасы мен көлеміне қарай сарапқа салынады. Мына бейбіт заманда, көзсіз ерліктің орнын білім басып отыр. Өмір ағымына тек білімі мен білігі жоғары адамдар ғана ілесе алады. Сондықтан біз сол мемлекеттік стандартқа сай, жан-жақты дамыған, шығармашыл тұлға қалыптастыруымыз керек. Оқыту мен оқу, үйрету мен үйрену үнемі бір-бірімен астасып жатыр.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында « Білім беру жүйесінің басты міндеті ұлттық және адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдарға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу;білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделген. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарының, әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерітерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге,жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттілігі туындайды.Білім берудің маңызды шарты-оқу үрдісін жаңара отырып, оқушылардың қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың өздігінен білім алуға құштарлығын жетілдіру, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауда мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыру.

Оқыту барысында өз сабақтарымда қолданып жүрген технологиялар ішіндегі «Сын тұрғысынан ойлау технологиясы» стратегиялары қазақ тілі және әдебиеті пәніне арнап құрастырылған десем, артық айтқаным болмас. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасында 100-ге жуық стратегиялар бар. Қазіргі кезде мен қолданып жүрген стратегиялар Венн диаграммасы, эссе, ой қозғау, инсерт, шығу парағы, кубизм , дискуссиялық өрнек, кластер, ішіне сыртына , синквин, т.б. СТО бағдарламасын қазақ тілі және әдебиет сабығында осы жүйемен өтілген сабақтарда ғана оқушылардың жазған, айтқан сөздерінде табиғатқа , елге,айналаға, өзгеге, өзіне деген азаматтық жауапкершілік үні айқын сезіліп, оқушылардың бойында ұйымдастырушылық, көсбасшылық қабілеттері қалыптаса бастады.

1.Тақырыптың ғылыми теориялық негізі

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «Бізге экономикалық және қоғамдық модернизация талаптарына сәйкес қазіргі заманғы білім беру жүйесі керек. Білімді дамыта білмейтін ел XXІ ғасырда сәтсіздікке ұшырайды»,- деп атап көрсетті. Осыған орай еліміздегі білім саласын дамытуға арналған іс — шаралар мен реформалар жүзеге асырылуда.



Егемендігін алған елімізде жаңа ғасыр алдында оқытудың жаңа жүйесі қалыптасуда, ертеңгі күнге бағытталған рухани жаңарудың іргетасы қалануда. Оқушылардың ақыл - ойын, шығармашылығын дамыту мәселелерін шешеді. Білімнің сапасын көтереді. Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінде оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілетін дамыта оқыту, олардың сабаққа деген қызығушылығын оятып, өз ойын ашық, қысылмай жеткізе білуін, ынтасын дамыта түседі.
аман талабына сай білім беру әр оқу орнының алдына қойған мақсаты. Қазіргі кездегі білім беру жүйесінің міндеті -жастардың білімді үйреніп қана қоймай, алған білімін үздіксіз дамытып, оны бойына сіңіріп, тәрбиелі, әдепті, интеллектуалды болуын қамтамасыз ету.

«Әрбір ұстаз — білікті маман, ал әрбір оқушы — ойшыл тұлға» деген қағидаларды ұстана отырып, білім беру үрдісінде кез келген ұстаз білім сапасын жақсарту мақсатында оқытудың озық технологияларын пайдаланады. Болашақ ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде оқытушылардың инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негізін меңгеруі-маңызды мәселелердің бірі.



Оқушылардың шығармашылық белсенділігін қалыптастыруда сабақтарды түрлендіріп өткізудің маңызы ерекше. Мұндай сабақтардың тиімділігін атап өтсек: сабақ құрылымының ұйымдастырылуы, сыныптағы оқушылардың іс - әрекетін бақылауға қолайлылық, оқу - танымдық тапсырмаларды орындаудағы ұжымдық бірлескен әрекеттің жүзеге асуы, оқыту уақытының үнемделуі.

ІІ. Негізгі бөлім

1.Тақырыптың ғылыми теориялық негізі

2.Тақырып бойынша зерттеу практикалық жұмыстар.

ХХІ ғасыр мектебінің мақсаты жас жеткіншектерді жауапкершілігі жоғары, парасатты, адамгершілік мәдениеті қалыптасқан, өмірге икемді, ұлтжанды тұлға қалыптастыру. Болашақ мұғалімдер осы мақсатты орындауға бейімделген маман болуы шарт.Бүгінгі ең негізгі мәселе болып отырған жағдай оқушылардың ойын оқу мен жазуға сын тұрғысынан ойлауды дамыта оқыту жүйесін қолға алу.

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л.Стил, Куртис С.Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады.

Сын тұрғысында ойлау барысындағы стратегияларды білімді меңгертудің әр түрлі кезеңінде қолдануға болады.



Сын тұрғысынан ойлау әдісі мұғалім қызметінде ұйымдастыра оқыту, оқушылардың жеке топпен жұмыс жасау негізінде білім алуымен ұштасады. Бұл стратегия оқушының жекелеген мүмкіндіктері мен қабілеттерін ашуға бағытталады. Бұл әдістің ерекшелігі оқу әдісінде қолданылады. Яғни оқушылардың ауызша және жазбаша тілін, ойлау, есте сақтау қабілетін, әрбір ақпаратқа, сонымен бірге өзінің және басқаның шығармашылығына сыни қарауына, шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталады. СТО жобасы мұғалім мен оқушының белсенділігін арттыруда қолдануға болатын бірден – бір әдіс деп айтар едім. Бұл әдіс оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттырып, жаңа сабақты оқушының өзі меңгеруіне жағдай жасайды. Меңгерген жаңа тақырып бойынша салыстырулар, болжамдар жасайды, тақырыпты жүйелейді, ұмтылыс, белсенділік пайда болады. Оқушылар алған білімдері мен оған дейінгі білімдерін салыстырады. 

Білімнің жаңа мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологиялар қажет . Жаңалықты меңгеру мен іске асыруда дұрыс түсінбеушілік ұйымдастырушыға әр түрлі кедергі жасайтындығы белгілі. Сондай педагогикалық технологиялардың бірі сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы.

Осы педагогикалық технологияның ерекшелігіне сүйене отырып, оның тиімді әдіс- тәсілдерін жетілдіруге болады. Атап айтқанда:

- дарынды оқушыны дамытады, оқушылар шығармашылығын арттырады;

- оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіріп, білім сапасын көтереді;

- пәнге деген бейімділігі, қызығушылығы артады;

Жаңа технологияның арқасында оқушының белсендігі артып, жан- жақты талдауға, өз ойын ашық айтуға, сын тұрғысынан ойлауға үйренеді.

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы әлемнің түкпір- түкпірінен жиналған білім берушілердің бірлескен еңбегіміз деп түсінуіміз керек.

Сын тұрғысынан ойлау- бұл кез- келген мазмұнды сынау емес, оны зерттеу, бақылау, талдау, әр түрлі стратегиялар арқылы өзінің ойлау негіздерін сыни тұрғыдан дамыту.Сабақта сыни тұрғысынан оқыту технологиясының стратегияларын пайдалана отырып, балалардың ұсыныс-пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отырдым. Әрбір әдіс оқушылардың ойлауына және қиялына негізделіп келеді.

Мұғалім бұл жүйемен жұмыс жасағанда, үнемі оқушы санасында болып жатқан өзгерістерді бақылап, оның дамуын жан- жақты зерттей отырып, өз сабақтарын соған сай өзгертіп отыруы тиіс. Әйтпесе жаңа жүйенің құны болмайды.



1.2. Оқушылардың шығармашылық бастамасын дамыту

ІІІығармашылық - бүкіл тіршілік көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Ал, бүгінгі күрделі жаңарулар тұсында балалардың шығармашылық бастамасы басты нысанасы болып отыр. Баланың шығармашылық бастамасын дамытудың жолдарын, құралдарын анықтау психология мен педагогика ғылымдарында өте ертеден зерттеліп келеді. Шығармашылық ұғымы мәдениеттің барлық дәуіріндегі ойшылдардың назарында болған. Ежелден-ақ ойшылдарымыз Жүсіп Баласұғын, Әл-Фараби, Абайды ерекше толғандырып, өз еңбектерінде адамның жеке басын, қабілеттерін дамытуды үнемі көтеріп отырған. Педагогтар К.Д.Ушинский, Ы.Алтынсарин, А.С.Макаренконың шығармаларында шығармашылықты дамытудың жолдары қарастырылса, оқушы шығармашылығына бағыт-бағдар беруді ең алғаш мазмұнына енгізген М.Жұмабаев болатын. Психологтар мен ғалымдар Л.С.Выгодский., В.В.Давыдов, Л. В. Занков, В. А. Крутецкий, өз республикамыздағы көрнекті ғалымдар Т.Тәжібаев, М.Мұханов, Ж.М.Әбдилдин, Қ.Б.Жарықбаев, Т.С.Сабыровтың еңбектері жеке тұлғаны дамыту мәселесінің теориясы және практиканың алтын қоры деп білеміз.



Шығармашылық жөнінде жазылған еңбектерді талдай келе төмендегідей қорытындыға келуге болады. Шығармашылық - өте күрделі психологиялық процесс. Ол іс-әрекеттің түрі болғандықтан тек адамға ғана тән «Шығармашылық» сөзінің төркіні - шығару, ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу деп түсіну керек. Философиялық сөздікте «Шығармашылық - қайталанбас тарихи қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс-әрекет» деп түсіндіріледі. Ұзақ жылдар бойы шығармашылық барлық адамның қолынан келе бермейді деп қарастырылып келсе, қазіргі ғылым жетістіктері кез-келген баланы шығармашылық деңгейге көтеруге болатындығын айтуда. Ал, бастауыш сынып оқушысының шығармашылығы - тек өзіне жаңалық болып табылатын, субъективтік жаңалық.

Шығармашылық тұрғыдан дамыған тұлға моделі:

Оқытудың мақсатын, міндеттерін, әдіс-тәсілдерін баланың даму заңдылықтарына сәйкестендіріп оқыту, ойлауын дамыту, шығармашылық тұлға қалыптастыру алға қойылды.



І-кезең: Тақырыпқа сәйкес теориялық білімді жинақтау, шағын шығармашылық топтар құру, ұжымды жұмылдыру, жұмысты ұйымдастыру көзделді.

ІІ-кезең: Жинақталған білім практикада жүзеге асырылды.

ІІІ-кезең: Атқарылған жұмыстардың жетістігі мен кемшіліктерін сұрыптау, кемшіліктерді жою кезеңі. Мұнда шығармашылық есептер жасау, педагогикалық оқулар өткізу, бақылау түрлерін енгізу, сыртқы байланыстарды ұйымдастыру жұмыстарын жүргізілді.
ІҮ-кезеңде жүргізілген жұмыстар жүйеленіп, қорытылып, нәтижесі шығарылды.

Оқушыларды шығармашылыққа баулып, бала бойына шығармашылық қасиетті қалыптастыруда, ізденуге, білім алуға құштарлығын оятуда қазақ тілі мен әдебиеті сабағының берері мол.

1. Өйткені әдебиет пәні оқушы тілін дамыту, сөйлеу мәдениетін көтеру.

2. Оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыру және жетілдіру.

3. Оқушылардың ауызша және жазбаша байланыстырып сөйлеуін дамыту.

4. Оқушылардың өзіндік ой-пікірін айта білуге баулу мақсаттарын көздейді.

Аталған мақсат пен міндеттерді шешуде Б.С.Блум жүйесіндегі алты категория орындалды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет