Байланысты: Ана тілі сабақтарында көрнекі құралдарды пайдаланудың тиімділігі
Қосымша жаттығу үлгілері: №1. Көп нүктенің орнына асты сызылған сөздерге тиісті сұрақтарын қойып, сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.
Бүгін бізге дәрігер /…/ келді. Оқушы /…/ сабақ дайындап отыр. Менің атам – түйеші /…/. Сауыншы /…/ болғым келеді.
№2. Сөйлемдерді оқыңдар. Адамның мамандығына, қызметіне байланысты сөздерді тауып, көшіріп жазыңдар.
Талғаттың инженер болғысы келеді. Оның әкесі – құрылысшы. Ағасы да құрылыста. Бірақ, ол – бригадир. Жақында армия қатарынан оралды. Армияда шекарашы болған.
Бұл соңғы жаттығу оқушылардың осы сабақта алған ұғымдарын пысықтап, жинақтау мақсатында ауызша орындалады. Мұғалім алдын ала суреттер дайындап әкеледі. Оларда әр түрлі салада еңбек ететін адамдар бейнеленген болуға тиіс. Осы суреттерді көрсете отырып, жалпы сыныптан, жекелеген оқушыдан төмендегі сұрақтарға жауап берулерін сұрайды:
- Мынау кім? - Машинист.
- Сұрақ қойыңдар. - Бұл кім?
- Машинист не істейді? - Ол тепловоз жүргізеді.
Мынау кім? - Тракторшы.
Осы сөзге сұрақ қой. - Бұл кім? /Тракторшы/
Тракторшы не істейді? - Ол трактормен жер жыртады.
Осындай тәсілмен мұғалім сыныптағы оқушылардың әрқайсысының қандай мағлұмат алғанын анықтап, сабақтың келесі кезеңіне көшеді.
ІІІ. Адамға байланысты айтылатын басқа да сөздердің бар екенін аңғарту.
Бұл мақсаты жүзеге асыру үшін мұғалім оқушыларға таныс кестені тағы да пайдаланады. Тілімізде кісі аттарын, мамандық немесе қызмет түрлерін, туыстықты білдіретін басқа да кім? кімдер? Деген сұрақтарға жауап беретін сөздердің бар екендігі түсіндіріледі. Мысалы:
-мына сздерге сұрақ қойып көріңдерші (оқушылардың назары кестенің соңғы бөлігіне аударылады.)
“Адам”. Қандай сұрақ қойылады?
Кім? (- Адам.)
Бұл сонда кісінің аты-жөні ме?
Жоқ.
Мамандығы ма?
Жоқ.
Туыстығын білдіре ме?
Жоқ.
Демек, кім? кімдер? Деген сұрақтара жауап беретін басқа да сөздер бар екен. Олар да адамға байланысты айтылады. Ал енді “балалар” деген сөзге сұрақ қойыңдар.
Оқушыларға берілген бұл ұым жаттығу орындату арқылы кеңейтіле түседі.
Жаттығулар. №1. Төменде берілген кім? кімдер? Деген сұрақтарға жауап беретін сөздерді төрт топқа бөліп жазыңдар.
Кісі аттары: …
Мамандық немесе қызмет түрлерін білдіретін сөздер: …
Туыстықты білдіретін сөздер: …
Адамға байланысты айтылатын сөздер: …
Құрылысшылар, Мұратұлы, әпке, әже, жүргізуші, абал, қыздар, оқушы, Нұрлан, Әлия, шал, іні, қарындас, шопан.
№2. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып, сөйлемдерді көшіріп жазыңдар. Ол сөздерге сұрақ қойыңдар.
Үйге бір таныс кі…і келді. Оның жанында қараторы жі…іт бар. Апам қона…тарды төрге шақырды.
№3. Берілген сөздерді қатыстырып сөйлем құрап жазыңдар. Ол сөздерге сұрақ қойыңдар.
Бөбек, балалар, қария.