Байланысты: Ана тілі сабақтарында көрнекі құралдарды пайдаланудың тиімділігі
Кіріспе
Тақырыптың көкейтестілігі. Егемен елімізде болып жатқан түбірі жаңартулар, ізгілендірілген қоғам құруға бейтаныс, қазіргі қазақ тілінің мемелекеттік мәртебеге ие болуы бастауыш мектеп, оның мұғалімі, жалпы білім беру жүйесіне де игі әсерін тиігізіп, білім мазмұнын, қазақ тілін оқыту әдістемесін жетілдіру, білім беру жүйесін қайта құру, ол үшін жаңа педагогикалық ізденістерге жол ашу сияқты көкейтесті мәселелерді алға тартты.
Бастауыш сыныпта қазақ тілінен білім беру, бастауыш мектеп өміріндегі жаңартулар мазмұны қай тұрғыда жүру керек деген сұрақтардың жауабы бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістемесін жетілдіру, бастауыш сынып мұғалімінің қазақ тілін оқыту процесінде дидактиканың принциптері мен заңдылықтарын басшылыққа ала отырып оқытудың мазмұнын, амал тәсілдерін және ұйымдастыру формаларын таңдап алып көрнекі құралдарды ұтымды пайдалану арқылы бастауыш сынып оқушылары білімін жоғары нәтижеге жеткізу.
Бастауыш сынып мұғалімі қазақ тілін оқыту, кезінде оқытудың әдіс – тәсілдерін үнемі жетілдіріп отырып қазіргі заманғы педагогикалық озық технологияларды меңгерту арқылы білім берудің ұлттық моделін дамыта отырып, бәсекеге қабілетті шығармашыл тұлға қалыптастыру мақсаты тұр.
Қазақ тілі сабақтарында көрнекі құралдарды тиімді пайдалану мектеп оқушыларын бұрынғыдай мұғалімінң өз талабына ғана тәуелді ете оқытудан бас тарқызып, бастауыш сынып оқушыларының қабілеті, сұранысына, қызығушылығына қарай ынтымақтастықпен жұмыс істеуі жолындағы ілгерілеу екендігін пайымдаған әдіскер ғалымдар оқыту жүйесінде көрнекі құралдарды пайдалануға ерте кезден баса назар аударуда.
Көрнекілік принципін алғаш зерттеп, оған мәнді үлес қосқан Я.А.Коменский, К.Д.Ушинский болды.
Я.А.Коменский оқыту жүйесінде көрнекі құралдарды тиімді пайдалануды оқыту материалдарын меңгерту құралы ретінде қарастырып, дидактикалық алтын ережесі деп аталған.(3.302-303)
Осы принцип негізінде алғашқы оқытудың әдістемесін жазды.
К.Д.Ушинский көрнекілік жайындағы білімді дамыта келіп, көрнекілік – балалардың психологиялық ерекшеліктеріне жауап береді, балалар заттардың пішін, дыбысы, бояуы, арқылы ойлайды деп көрсетті. (4. 207-208)
Оқыту процесінде сөз бен іс, телрия мен практика өзара байланысты болады. Әртүрлі көрнекі құралдарды қазақ тілі сабақтарында пайдаланудың нәтижесінде қазақ тілі сабағы әрі түсінікті, әрі қызықты болып өтетінін айтқан ғалымдар А.Бәкірова “Көрнекі құралдарды бастауыш сыныпта пайдалану жолдары”, Н.Оралбаева “Қазақ тілін оқыту әдістемесі”, Б.Құлмағанбетова “Қазақ тілі сабағында техникалық құралдарды пайдалану”, С.Рахметова “Қазақ тілін оқыту әдістемесі”, Ә.Қасымбекова “Қазақ тілін оқытуды жетілдірудің кейбір жолдары” т.б. еңбектерде бастауыш сыныпта қазақ тілі сабақтарында көрнекі құралдарды пайдалану бастауыш сынып оқушыларының қазақ тілі материалын тез және саналы түрде түсінуін ұйымдастырумен бірге, оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға көмектесетінін айта келіп, көрнекі құралдарды пайдалану соңғы ғылыми жетістіктер деп дәлелдеді. Ж.Әбиев “Педагогика” деген еңбегінде көрнекі құралдардың сан емес сапасына көңіл аудару керек екеніне тоқтала кетіп, оқушылардың көру органдары миға есту органдарымен салыстырғанда 5 есе сипалау органдарымен салыстырғанда 13 есе көп ақпарат өткізеді, көз арқылы алғаш мәліметтерді оқушы тез, жеңіл, берік есте сақтайтынына тоқталды.
Қазақ тілі сабақтарында көрнекілік – көрсету мақсатында емес, логикалық ойлауды дамыту құралы ретінде пайдаланылатынын көрсеткен әдіскерлер Б.Баймұратова, Л.Әуешова “Қазақ тілінен дидактикалық материалдар”, М.Бүрлібаева “Қазақ тілінен дидактикалық материалдар” т.б. еңбектерінде талқыланды.
Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабағында қолданылатын көрнекілік әдісі – бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту, өткен материалды бекіту үшін ұтымды әдістердің бірі.
Бастауыш сынып оқушыларының қазақ тілі материалын саналы түрда түсініп, есінде берік сақтауын қамтамасыз етуде көрнекі құралдардың мәні зор.
Бірнеше сезім мүшелері қатысуы арқылы жаңа ұғым адам санасына тез қонады және берік те сақталады.
Көрнекі құралдар оқушылардың материалды тез және саналы түрде түсінуін ұйымдастырумен бірге, оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытудағы мәні ерекше. Оқушылардың дүниетанымы негізінен көрнекілік арқылы жүзеге асырылады.
Қазақ тілі сабақтарында көрнекі құралдарды қолданып, бастауыш сынып оқушыларының білім көлемін тереңдету, қызығушылығын арттырып және есте сақтау қабілетін пайдаланудың әдістемесін жетік біліп, жетілдіріп отыруы қажет.
Тақырып бастауыш сыныптағы қазақ тілі сабақтарында жоғарыдағыдай ережелер мен талаптарды ескере отырып, оқыту материалдарын, әсіресе, теориялық ережелерді тілдік материалдарды терең оқыту, берік есте сақтау ролін зерттеп, бастауыш сынып мұғалімдеріне ұсыныс беруді, әдістемесін көрсетуді негізге алады.