1.4. Көрнекі құралдардың маңызы және көрнекі құралдарға қойылатын әдістемелік талаптар.
Бастауыш мектептегі оқыту, білім беру ісі сабақ мазмұнымен байланысты алуан түрлі әдіс – тәсілдерді кеңінен қолдануды қажет ететіні белгілі. Сондай әдістердің ең ұтымдыларының бірі – оқушылардың байқау – көрі қабілетін дамыту үшін қазақ тілі сабақтарында қолданылатын көрнекі және дидактикалық құралдарды пайдалану.қазақ тілі сабағында көрнекі құралдарды пайдалану негізінен мұғалімдердің ізленістеріне, жаңа педагогикалық технологияны іске асыра білуіне, бастауыш сынып мұғалімінің шеберлігіне байланысты болып келеді.
Бастауыш сыныпта оқушыларға ғылым негіздерінен алғашқы мағлұматтар беріледі.
Оқушылардың ғылыми дүниетанымы мол, саналы, білімді етіп, адамгершілік, патриоттық, еңбексүйгіштік рухына тәрбиелеу ісі қазақ тілінде жүзеге асатыны белгілі. Бастауыш мектептегі қазақ тілі пәні – оқушы бойында осындай қасиетерді қалыптасырудың негізгі құралдарының бірі.
Бағдарламадағы тіл материалдарын меңгеру барысында оқушылардың ой - өрісін кеңейту, сөздік қорын байыту, ауызша тілі мен жазбаша тілін жетілдіру, сауатты жазу мәселелерін ұштастырады.
Оқу материалдарын тақырыбына сәйкес мұғалім көрнекі құралдарды қазақ тілі сабақтарында пайдалану оқушылардың танымдық қабілетін арттыратынына көз жеткіздік.
Ғылыми ұғымдарды, заңдылықтарды меңгерту жеңіл процесс емес. Ол мұғалімнің көп еңбектенуін қажет етеді. Білімді меңгертуде, оқытуды ұйымдастыруда әрбір оқушының өзіндік ерекшелігін ескергенде ғана мақсатқа жеткеніміз деп түсіну қажет.
Көрнекі құралдар – оқушылардың тілін дамыту, өткен матариалдарды бекіту үшін тиімді. Бастауыш сынып оқушылары қазақ тілі материалын саналы түрде түсініп, есінде берік сақтауын қамтамасыз етуде көрнекіліктердің мәні зор екенін айта кетіп, К.Д.Ушинский “Бірнеше сезім мүшелері қатысуы арқылыжаңа ұғым адам санасына тез қонады және берік сақталады”.
Көрнекілік оқушылардың материалды тез және саналы түрде түсінуін ұйымдастырушымен бірге, оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі. Көрнекілік арқылы тілдік материалдың ұқсастығын, айырмашылығын өзіндік ерекшелігін салыстырып көрсетуге болады.
Қазақ тілі сабақтарында көрнекі құралдарды пайдалану қазақ тілі сабағын әрі түсінікті, әрі қызықты болып өтеді.
Көрнекі құралдарды пайдалану бастауыш сынып оқушыларының қазақ тілі материалдарын тез және саналы түрде түсінуін ұйымдастырумен бірге, оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі.
К.Д.Ушинский “Көрнекілік – балалардың психологиялық ерекшеліктеріне жауап береді, балалар заттардың пішіні, дыбысы, бояуы арқылы ойлайды” деп көрнекіліктің маңызын ашып көрсетті.
Көрнекілік абстрактылы ұғымды игеруге әсері ерекше. Оқушылардың дүниетанымы негізінен көрнекілік арқылы жүзеге асырылады: олар заттардың өзін немесе бейнесін, көлемін тікелей көріп, байқап тани алады.
Демек, мұғалімнің түсіндіруімен қоса, есту және көру үшін көрнекі құралдар қолданылады.
Сыныптарда көрнекіліктерді пайдалану оқушының ана тілін құрметтеуге, оған деген сүйіспеншілігін арттырады. Оқушының танымдық қабілетін жетілдіріп, өздігінен жұмыс істеуге бағыт береді.
Қазақ тілі сабақтарында көрнекі құралдардыграмматикалық ұғымдарды немесе ерекшеліктерді түсінуге көмектесіп қана қоймай,сондай – ақ оқушылардың пікір алысуына да мүмкіндік туғызады. Көрнекі құрал мұғалімнің сабақта өткен материалды қайталау, жаңа маериалды түсіндіру, бекіту мақсаттарында қолданылуы мүмкін. Сондықтан да көрнекілікті белгілі бір мақсат қоя отырып пайдалану қажет.
әртүрлі мақсатта жасалған кестелер оқушылардың сөздік қорын молайтумен бірге, грамматикадан, орфоэпиядан, орфографиядан тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастыруға мүмкіншілік береді.
Фонетикалық және орфографиялық кестелер жазылуы және айтылуы қиын сөздерді меңгерту үшін қолданылады. Әсіресе фонетика тарауынан білім берілгенде дыбыстар жүйесін саналы меңгерту үшін маңызы зор.
Қазақ тілі сабағында сурет көрнекілігі де ерекше орын алады. Бұл көбінесе оқушылардың тілін дамыту мақсатында қолданылады. Суретке ат қойғызу, суреттің астына оның мағынасын жазып көрсету оқушылардың дұрыс сөйлеп, сөздік қорларының баюына ықпал жасайды.
Қазақ тілі сабағында қолданылып жүрген түрлі – түсті сериялы суреттер сабақты қызықты ұйымдастыруға ғана емес, сондай – ақ оқушының белсенділігін арттырып, танымдық қабілетін дамытудағы ролі ерекше.
Оқушыларға таныс тілдік материалдарды схема арқылы иллюстрация жасап отыру да тиімді. Схема арқылы оқушылардың сөз немесе сөз тіркестеріне жіберген қателерін түзетуге болады.
Қазақ тілі сабақтарында дыбыстық аппараттарды пайдаланудың тиімділігі – оқушыларды айналадығы өмірді, құбылысты, затты байқай білуге, салыстыруға қорытынды шығаруға дағдыландырады. Дыбыстық экран оқушыларды қиялдауға, зерттей, іздене білуге, проблемалық ситуация тудыруға мүмкіндік жасайды. Сонымен дыбыстық аппараттарды пайдалана өткізген сабақтың қай жағынан болса да артықшылығы, тиімділігі орасан, өйткені дыбыстандыру процессі сабақты жандандырып, оқушылар сабақ материалын қызыға меңгеретін болады.
Қазақ тілі сабағында дыбысық аппараттарды фонетика, орфография, орфоэпия тарауларын оқытуда пайдалану өте тиімді мысалы, дауысты және дауыссыз дыбыстардың айтылуындағы ерекшеліктерін, дыбыс артикуляцияларын дұрыс ажырату, қатаң, ұяң, сонар дыбыстардың айтылу ерекшеліктерін меңгерту, сөздерді, сөз тіркестерін дұрыс екпін түсіріп айта білу, сөйлем соңындағы сұраулық, лептік, бұйрықтық, хабарлы тыныс белгілерін дауыс ырғағына, айтылуына қарай дұрыс қоя білу, сөздерді буынға, сөзге дұрыс екпін түсіріп айта білуге дағдыландырады.
Тіл ұстарту жұмыстарына тыныс белгілерінің қай ретте, қалай қойылғанын аңғарту, ана тілінің байлылығын, әсерлілігін, әушілдігін, көркем сөз формаларын дұрыс ұғынып, оны дұрыс түсіне білумен бірге, іс жүзінде қолдана білуге дағдыландырады.
Соңғы жылдары қазақ тілі сабақтарында проекциялық аппаратарды пайдаланып, өтілетін материалдарды ерекше қызықтырып, оқушылардың ой - өрісін дамытып, түрлі оқиғаларға байланысты құрылған сюжетті әңгімелерді нақты көрсетіп түсіндірудегі маңызы зор. Кадоскоптан қазақ тіліндегі тыныс белгілерінің қойылатын орындары жөніндегі схема, кестелерді көрсету тиімді.
Тіл дамыту және тіл ұстарту жұмыстарында диафильмді пайдалану аса тиімді. Диафильмнің мазмұнын ауызша жүйелі айтқызу оқушыны сөйлей білуге дағдыландырумен қатар, дұрыс тыңдай білцге де үйретеді.
Қазіргі таңда тіл білімі үшін компьютерлік лингвистика саласы қанат жая бастады.
Бастауыш сыныпта, қазақ тілі сабағында компьютерді пайдалану да оң өзгеріс беруде. Оқушылар үшін компьютермен жұмыс істеу өте қызықты. Нашар оқитын оқушының өзі компьютермен жұмыс істеуге қызығады, өйткені кейбір жағдайда компьютер білмеген жерін көрсетіп, көмекке келеді. Соның нәтижесінде компьютермен бала өз бетімен ойлануға қолын жеткізеді.
Фонетиканы оқытуда да, морфологияны оқытуда да компьютерді қолданудың өз реті болады. Қазақ тілі сабағында оқушылар ілімін тест арқылы тапсырманы сұрау, оған дұрыс жауап алу арқылы оқушы білімін бағалауға болады.
Қазақ тілі сабағында компьютерді қолдану қазақ тіл материалдарын білуге жол ашады. Бұрын адам ойында болмаған оқытудың жаңа әдістерін ұйымдастыруға болады. Оқушылар қолданбалы бағдарламаларды компьютерге енгізіп, дискеттегі құбылысты өз беттерінше зерттеуге үйенеді. Компьютер, оқушылардың ақыл – ойын дамытумен бірге өз бетінше жаңа мүмкіндіктер ашуға септігін тигізеді.
Сонымен қазақ тілі сабақтарында көрнекілік көмегімен оқыту материалдарын, әсіресе, теориялық ережелерді терең оқытуда, берік есте сақтауға көмектесуде алатын орны ерекше.
Жалпы сабақта көрнекі құралдарды молайтып жіберудің қажеті аз. Олармен сабақ сайын көп әуестену, бір сабақта үйіп – төгіп қолдану олардың әсер етушілік күшін әлсіретіп жібереді.
Қазақ тілі жөнінде материалды өздігінен ізденіп, білім алуға қызығушылығын арттыратын көрнекі құралдарды қазақ тілі сабақтарында оқыту талаптарына сай қолдану, жасалу үшін оған қойылатын талаптарды бастауыш сынып мұғалімдері білу керек.
көрнекі құрал таза (әріптері үлкен, жазуы сыныпқа түгел көрінетіндей) үлкен ватман қағазға жазылуы керек;
материалдардың негізгі белгілері, (әріптер мен сөздер, назар аударылып отырған объектілер) қызыл сиямен, қалғандары қара сиямен жазылуы керек.
көрнекі құралдарда шартты белгілер орынсыз көп қолдана беруге болмайды;
көрнекі құралда берілген мәтіндер мен мысалдардың мазмұнына қарап, оқушы белгілі бір ережені өздері – ақ айта алатындай болуы керек. Өйткені таблицамызға ешқандай ереже жазылмауы керек;
әрбір көрнекі құрал жеңілден ауырға, оңайдан күрделіге, белгіліден белгісізге көшу принципіне негізделе отырып жазылуы қажет;
Таблицаларда грамматикалық материал шамадан тыс көп берілмеуі керек;
Таблицаларда қажетті тұрғыдан берілген сөздерден басқа іріктеп алынған (түсіндірілген тұлғаны анықтай түсетін) мысалдар берілуі керек.
Таблицаның көмегімен үйретілетін сөз, буын, морфема, әріп таблицада бөлініп, ұқсастықтары немесе ерекшеліктері басқа бір элементпен салыстырыла көрсетілуі тиіс.
Көрнекі құралдар оқушылардың жас және өзіндік ерекшеліктерін ескеріп барып, қолданылуы қажет.
Мектеп практикасында техникалық құралдарды пайдаланғанда бастауыш мектеп мұғалімдері төмендегі маңызды талаптарды ескеруі қажет.
Техникалық құралдар арқылы берілетін көрнекі құрал оқу материалдарын, белгілі құбылыстарды демонстрациялау үшін ғана қолданылмайды, сол арқылы оқушыларға тәрбиелік әсер ететін естен шығармау керек. Сондықтан мұндай құралдар адамгершілік мақсаттылығымен ерекшеленуі керек.
Оқу құралы өзінің ғылыми ақиқатталағамен, шындығымен, нақтылығымен айқындалып, қазіргі ғылымның даму дәрежесіне сай болуы керек.
Теорияның практикамен тығыз бірігіп жүзеге асыра білуі керек.
Экрандық, дыбыстық техникалық құралдың оқушылардың жас ерекшелігі мен даму дәрежесіне және оның білімдік даярлығына сай, оқу процесін тиімді жүргізуге көмектесе отырып, оқу материалын толық меңгеруге ықтималды күш жұмсай отырып, сол материалды жеңіл меңгеруге мүмкіндік беретін әрі түсінікті болуы керек. Сондықтан:
А) меңгерілетін материал өткен маериалдардан туындап жататын болуы тиіс.
Ә) мазмұндалатын оқу материалының қиындығы жасанды болмауы керек.
Экрандық, дыбыстық құралдарды оқу процесінде пайдаланғанда жүйелілікті нақты сақтауымыз керек. Ғылым негізін баяндау қатаң логикалық ретте берілуі керек.
Техникалық құралдарды кешенді түрде пайдалану қажет. Әрбір материалға арналған, аяқталған кешенді құралдар болғаны жөн. Кез – келген материалды кездейсоқ қолданудан сақтануға тиіс.
Техникалық құралдар арқылы берілетін материалдардың көлемі, тақырыбы, сипаты, мазмұны, құрылысы оқу бағдарламасына, оның мазмұнына сай келуі тиіс.
Мектепте техникалық құралдарды пайдалану, тиісінше, оқушы мен мұғалімнің жұмысына, соған байланысты оқыту әдістемесіне әсер ететін болады. Олай болса, оқыту процесі оқушы үшін таным процесі екенін мойындай отырып, оқушы жұмысының әдісін ғылыми зерттеу әдісімен салыстыра қарастыруымыз керек. Сонымен бірге мұғалім экрандық, дыбыстық құралдарды қолданғанда оқушылардың дербес жұмыс істеуі мен өзінің оқу материалын баяндауына уақытты дұрыс бөліп, реттеп отыратын болады.
Техникалық құралдарды пайдаланғанда оқушыларға білім беру экрандық, дыбыстық құралдар арқылы жүзеге асыратындықтан мұғалім сөзі оқу процесіндегі күрделі мән алғанымен білім беруіміз керек.
Техникалық құралдарды қолдану оқушы мен мұғалім әрекетіне ғана әсер етіп қоймайды, оқу процесін жан – жақты ұйымдастыруға да әсер ететін болады. Яғни оқу процесін жүргізудегі мұғалімнің қызметін ішінара өзгертуге алып келеді.
Мұғалім экрандық, дыбыстық құралдарды оқу процесінде пайдаланудың әдістемесін жақсы меңгергенде ғана оны педагогикалық жағынан тиімді ұйымдастыра білетін болады.
Мұғалім техникалық құралдарды пайдалану барысында оқушылармен жүргізілетін дербес жұмысты ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлуі керек.
Достарыңызбен бөлісу: |