Бастауыш сыныпты ќазаќ тілі сабаќтарында



бет2/16
Дата20.01.2023
өлшемі314,5 Kb.
#165976
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Ана тілі сабақтарында көрнекі құралдарды пайдаланудың тиімділігі

Зерттеу мақсаты – бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабақтарында көрнекі құралдарды пайдаланудың тиімді жолдарын анықтау.
Зерттеу міндеті:

  1. тақырыпқа байланысты арнайы әдебиеттер мен бастауыш материалдарына шолу.

  2. Бастауыш мектептегі үздік мұғалімдердің қазақ тілін сабақтарында көрнекі құралдарды пайдалану жолдарына талдау жасау.

  3. Қазақ тілі сабақтарында көрнекі құралдарды пайдаланудың тиімді жолдарын анықтау және мектеп мұғалімдеріне ұсыныс беру.

Тақырыптың зерттеу пәні – қазақ тілі сабақтарында көрнекі құралдарды пайдалану жолдары.
Зерттеу нысанасы – бастауыш мектепте қазақ тілі сабақтарындағы пайдаланылатын көрнекі құралдар.
Тақырыптың зерттеу әдістері. Тақырыпты ғылыми зерттеу барысында педагогика ғылымында қолданылатын зерттеу әдістерінің маңызы зор Әдістемелік әдебиеттерді талдау, анкета әдісі, зерттеу, эксперимент, сабақ процесін көру арқылы тақырып жан – жақты зерттеледі.
Зерттеу болжамы. Егер бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабақтарында түрлі тақырыптың мақсатына сәйкес көрнекі және техникалық заттық көрнекіліктерді, символикалық көрнекіліктерді, схемалар мен дидактикалық материалдарды тиімді пайдаланып отырса, онда бастауыш сынып оқушыларының теориялық ережелерді есте жақсы сақтау және қызыға жеңіл түсіну арқылы оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін арттырып, бәсекеге қабілетті жеке тұлға деп сенім білдіретінін үлкен жетістікке жетеді деп сенім білдіремін. Себебі, білімнің негізі бастауыш сыныптарда қолданылатындығы мәлім.

І – ТАРАУ. КӨРНЕКІ ҚҰРАЛДАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫ.Қ НЕГІЗДЕРІ.


1.1. Көрнекі құралдарды пайдаланудың психологиялық негіздері.


Қазіргі кездегі психология ғылымы бойынша психологиялық процесстер әрекет арқылы дамиды деп саналады. Бұл көзқарасты алғаш психолог Л.С.Выготский ұсынған. Кейін бұл ғылыми қағиданы оның оқушылары А.Н.Леонтьев, А. Р. Лурия т.б. дамытты. тіл адамдардың қарым – қатынасының құралы болғандықтан, осы қызметін атқаруда ол - әрекеттің ерекше түрі болып саналады.


Қазақ тілінің бастауыш сыныпта әрекет ретінде қаралуы оның оқушылардың тіл арқылы қарым – қатынас жасауымен байланысты. Анығырақ айтсақ, тіл әрекет ретінде қарым – қатынас қызметін атқару үстінде қаралады. Байланыстырып сөйлеуге үйрету тілдің материалды түрлі көрнекі құралдар арқылы оқыту, оқушының сөздік қорын молайту, тілдің құрылысын оқыту арқылы жүзеге асырады.
Түрлі көрнекілер арқылы тілдік материалдардың ұғынықтылығы, көрнекі құралдардың неғұрлым тартымды болуы басқа да нәрселерге байланысты: оқушының психологиялық жағдайы, қабілеті, бастауыш сынып мұғалімінің тәжірибесі, мұғалімнің шеберлігі, оқыту процесінің жақсаруына септігін тигізеді.
Әрбір сабақтың мазмұнына қарай көрнекіліктердің пайдаланудың әдіс – тәсілдерін таңдауда бастауыш сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктеріне айрықша мән берілу қажет. Демек, оқушы оқу материалын терең түсініп, саналы меңгеру ұшін, оның ішкі заңдылығы мен өзара байланысып дұрыс анықтай білуі қажет.
Оқушы бірінші сыныптан бастап, қазақ тілін оқу барысында тілдегі қолданылатын түрлі атауларды, мысалы, әріп – дыбыс, сөз, сөз тіркесі, фраза, сөз жасаушы қосымшалар, тыныс белгілерінің атауларын, грамматикалық ереже, анықтамаларды игеріп, көркем жазуды үйренеді.
Сабақта көрнекі құралдарды пайдалану барысында психологиялық процесстердің табиғатын ескеру маңызды. Ғалым пікірінше, көрнекіліктерді қолдануда оқушының ойлау қабілетіне, оның ана тілінен алған біліміне сүйеніп, білім дағдыларын саналы, орнықты, нық қалыптасады.
Психолог С. Л. Рубенштейн: “Дағды саналы түрде автоматтандырылған қимыл-әрекет түрінде көрінеді, ол сонан соң әрекеттің автоматталған тәсілі ретінде қызмет атқарады” – дейді.
Дағдының физиологиялық механизмдері – жоғары жүйке жүйесіне бағынатын шартты рефлекстер. Басқаша айтқанда, дағды әрекеттің бала бойында орнығуы. Көрнекіліктер қолдану арқылы мұғалім сөйлеудің түрлерін үйретеді, үлгілерін көрсетеді, оған оқушыны жаттықтырады, оны ақыл-ойдан өткізіп, саналы қолдануға жеткізеді.
Бастауыш сынпта қазақ тілі сабақтарында көрнекіліктер арқылы тіл материалдарын меңгертуде ес процессінің атқаратын қызметі ерекше. Психологтар естің екі түрін ажыратады: ұзақ сақталатын ес және аз сақталатын ес. Тіліді меңгертуде және байланыстырып сөйлеу үшін екеінің де маңызы зор.сөйлеуге қажетт тілдік тұлғалар алдымен аз сақталатын ес арқылы қабылданады, содан кейін барып, жаттығулар, қайталаулар арқылы ұзақ сақталатын белсенді ой әрекетімен байланысты тілдік материалдар есте жақсы сақталады. Сондықтан мұғалім қолданатын дидактикалық материалдардың барлығы бастауыш сынып оқушысының ой белсенділігін, қызығушылығын, қазақ тіліне деген ынтасын арттыратын болуы керек.
Қазақ тілін оқуда бастауыш сынып оқушыларының қабылдау процессінің қызметі ерекше. Психологтар қабылдаудың төмендегі түрлерін белгілейді: көру, сезу, есту. Дидактикалық құралдардың негізгісі есту және сөйлеуді қабылдауға негізделгендіктен бұл процестердің маңызы ерекше.
Қазіргі уақытта сабаққа қойылатын талаптар тұрғысынан техникалық құралдарды пайдалану, кестелер, диаграммалар мен диапозитивтер пайдалану арқылы бастауыш сынып оқушыларының есту, көрц сезімдеріне әсер ете отырып, олардың ойлану қабілетін арттыру дағдыға айналып отыр.
Күнделікті сабақта қолданылатын түрлі көрнеіліктер оқушылардың әртүрлі ойлау әрекеттеріне бейімделеді. Түсіндірілген материалды саналы меңгеруге ықпал жасайды.
Оқушының түрлі сезім мүшелеріне әсер етуде көрнекілік пен техникалық құралдардың әсері өте күшті екені дәлелдеуді керек етпейді. Алайда оқушылардың сезім мүшелерінің бәрін іске қосу арқылы тіл үйретудің мәні зор. Көру, есту мүшелері, ойлау, жазу арқылы моторлы қимыл жасаушы қолды іске қосып, тілдік материалды түсіндіруде оқушының зейінін бір мәселеге аударудың бәрі оқушы сезіміне жан-жақты әсер етуді жүзеге асыруға тиісті. Ол үшін оқушының барлық мүшелерін іске қосатындай амал-тәсілдер құралдар қолдану арқылы сабақты жоспарлаудың маңызы ерекше.
Бастауыш мектепте көрнекі құралдарды пайдалану сабақтарында ең қасиетті нәрсенің бірі - әр мұғалімнің психологиялық жағынан дайындығы негізінен, қазақ тілін оқытуда мұғалім оқушының мынадай психологиялық ерекшелігін ескеруі қажет:

  1. Сөйлеу процесіндегі ерекшелігі

  2. Көру мүшелеріндегі қалыпты жағдайын

  3. Сту мүшелерінің дұрыс жұмыс істеуін

  4. Оқшының ана тілін меңгерудегі қабілетін ескеру

Қазақ тілі мұғалімі сабақты психологиялық жағынан тартымды етіп құру үшін, төмендегі жағдайларды ескеруі шарт:

  1. Сабақтың педагогикалық тұрғыдан ойдағыдай болуы. Атап айтқанда, бұл мынадай мәселелер: мұғалім мен оқушының сабақ кезіндегі қарым-қатынасы, өнегесі, сөйлеу мәдениеті, оқушыларға қатал талап қоюымен бірге, сыйлай да білуі.

  2. Көрнекі құралдардың нақтылығы, түсініктілігі оны мұғалімнің түсідіру шеберлігі.

  3. Мұғалімнің білім деңгейінің терңділігіне оқушылардың сенімділігі.

  4. Оқушылардың мұғалімге деген жақсы көзқарасы, мұғалімнің оқушылар алдындағы абыройы.

  5. Мұғалімнің сабақ кезінде оқушылардың зейінін билеп өзіне, сабаққа аудара білуі, оқушы зейінінің жан-жаққа ауытқуына мүмкіндік бермеуі.

  6. Мұғалімнің сабақта оқушыларды іске ұйымдастыру қабілеті, оқушылардың бәрінің іспен шұғылдануын қамтамасыз етуі.

1.2. Көрнекі құралдарды бастауыш сыныптарда пайдаланудың дидактикалық негіздері


Көрнекі құралдарды пайдалану жалпы дидактиканың теориясына негізделеді. Көрнекіліітерді пайдалану әдістемесі дидактиканың принциптеріне сүйене отырып, тілді оқыту әдістері мен тәсілдерін, амалдарын белгілейді, қазақ тілі сабағының теориялық негізін салады.


Мұғалім бастауыш мектепте көрнекіліктерді пайдалану сабақтарын жалпы дидактика белгілеген мазмұн мен әдістері арқылы ұйымдастырады. Қазақ тілі сабағы қазақ тілі туралы білім берумен бірге, қазақ тілінде сөйлеуге ұйрету, сөйлегенді ұғу, дұрыс жазу, жазу дағдыларын қалыптастыруды көздейді.
Балаларды тәрбиелеу әрі дамыту принципі оқушыларға таблица, схема, дидактикалық карточкалар, және әрбір техникалық құралдар қолдану сонымен бірге оларды тәрбиелеу және жан-жақты дамыту міндеттерін атқарады. Бұл принципті жүзеге асыруда, көрнекі құралдардың мүмкіндігі мол. Қазақ тілі сабақтарында түрлі көрнекіліктерді қолдану барысында оқушылар тәрбиелеу мақсатына айрықша көңіл бөлінеді. Демек оқыта отырып білім берсек, білім бере тұрып балаларды жан-жақты тәрбиелеу міндетіне де орындап отырамыз. Сабақ барысында оқушылар бірлікке тәрбиеленеді, яғни жарыс сабағы кезінде топтың орындауы үшін берілген қандай да болса бір жұмысты әр бала бәріміздің атқаратын ортақ ісіміз деп санап, жауапкершілікпен қарап оны тындыруға үлесін қосады. Ал, грамматикалық жаттығу жұмыстары үшін берілетін көркем плакатқа жазылған мақал-мәтелдер, қанатты сөздер, көркемдік және ғылыми мазмұн мәндері арқылы оқушылар адамгершілік, қайырымдылық қасиеттерін үнемі бойына сіңіреді.
Дидактикалық принциптің бірі – оқу материалын саналы меңгерту принципі. Білімді саналы менгерген бала оқу материалын игерудің әдіс-тәсілін, тапсырманы орындаудың амалын өздігінен түсіндіріп бере алады. Егер сабақ мақсатынан тыс көп мөлшерде көрнекі құралдар қолданылса да, егер оқушы алған білімінің ғылыми мәнін байыбына жетіп түсінбесе, әр алуан ереже, заңдылықтарды практикалық тұрғыда орнын тауып, дұрыс қолдана білмесе, онда ол білім саналы меңгерген білім емес, тек ереже заңдалақтарды және материал мазмұнын кітаби үлгіде жаттау жолымен қабылданған білім болып табылады.
Дидактикалық білімді саналы меңгерту принципі оқушыларға ғылыми дұрыс білім беру принципімен ұласады. Оқу еңбегі дағдысына жақсы әдеттенген шәкір сабақ материалын жете меңгеруге бар ынта-ықыласын қойып, ақыл-ойын іске қосып, қажырлы еңбектенеді. Саналылық принципі дегенді осылайша түсінуге болады. Ал, көрнекіліктерді жасап, оны сабақ процесінде қолданып, көп еңбек сіңіріп меңгерген білімнің саналы болмай шығуы да ықтимал. Осындай жағдай мұғалімнің жұмысты ұйымдастыру практикасының жеткіліксіздігімен немесе әдістемелік кемшілігімен басталады. Оған мұғалімнің жеке басының кемшіліктері де ықпал етеді. Мәселен, ұстаз өз шәкірттерін мәселеге сын көзімен қарауға тәрбиелемей, өзінің айтқанының бәрін ешқандай шүбә тудырмайтын бірден- бір дұрыс түсінік деп қабылдауға әдеттендірсе, онда оқушыларды формальды түрде білім алуға мәжбүр еткені. Мұғалімнің әдістемелік ұстамсыздығы балалардытеориялық білімді практикалық жұмыспен тексеріп байқауға үйретпейді. Сөйтіп мұғалім теория мен практика арасындағы диалектикалық байланысты естен шығарып алады.
Білім, білік, дағды беріктігі – дидактика принциптерінің бірі. Білімнің саналы және берік меңгерілуі арасында принципті үйлесімділік бар. Бастауыш сынып оқушыларының көрнекі құралдардың көмегімен білімді берік әрі саналы меңгеруі үшін үйретілетін білімнің мазмұны, тілдік құрылысы ғылыми тұрғыдан дұрыс қалыптасуы тиіс. Сонда ғана білім әрі саналы, әрі берік меңгеріледі. Бұл жұмыс ерте басталады. “Білім негізі - бастауышта” деп орында айтылып жүр. Оған бір ғана мысал келтіре кетейік. Дыбыс туралы ұғым беру әліппен кезеңінің өзінде басталады. Бұл кезеңде дыбыс белгісі заттың атауын да, белгілі бір ұғымды тануда сөздің басында, аяғында және ішінде келтіріліп, оның айтылуы, естілуі көрнекіліктер арқылы түсіндіріледі. Осы мағлұмат бірінші сыныпта қазақ тілін оқытқанда “дыбысты айтамыз, естиміз” деген ықшам ережеге айналады. Бұл ереже төртінші сыныпта фонетика саласынан дыбыс туралы білім бергенде де негізге алынады. Осы материал түрлі көрнекі құралдар арқылы оқушы қызығушылығын арттыра берілсе білім, білік, дағды берік сақталады.
Түсініктілік принципі білім мазмұнына мәні дәл анықталған көрнекі құралдарыды ендіруді оқушылар меңгере алатындай ғылыми ұғымдар мен терминдерді пайдалануды көздейді. Түсініктілік принципінде оқу материалының оқушы даярлығына үйлесімді келуі талап етіледі. Сабақты ұйымдастыру кезінде көрнекі құралдарды пайдалану кезінде бұл жағдайлар ескеріліп, оқушылардың әрі дұрыс, әрі жеңіл түсінік алуы үшін тиімді әдістер қолданылады. Бірақ бағдарламалық материалды жеңілдеу елтеушін деп, оны не ықшамдауға, не үстіртін көрнекі құралдардан көрсете салуға болмайды. Батауыш сынып оқушылары қазақ тілінің теориялық материалын бақыла, жаттығу жұмыстары арқылы практикалық тұрғыда меңгереді. Сондықтан теориялық білімді түсіндіруге көрнекі құралдарды пайдалану мен практикалық дағды қалыптастыру кезінде пайдаланылатын көрнекі құралдардың арақатынасы ескеріледі. Теориялық білмнің көп берілуі бастауыш сынып оқушыларының білімді меңгеруіне шамадан тыс ауырлық келтіреді. Дегенмен қазақ тілі сабақтарында оқушы өздігінен көрнекі құралдардың көмегімен жұмыс істеуге үйретіп отырса, дидактикалық ережелерді дұрыс қолдану арқылы оларға бағдарлама талабына лайық теориялық білімді еркін меңгертуге әбден болады.
Саналылық пен белсенділік принципі. Бұл принципке негіз болатын заңдылықтар тек өз ақылымен қабылданған сапалы да, саналы білм адам білімінің шынайы өзегі болады, оқушылардың білімді саналы түрде меңгеруі таным әрекетінің белсенділігі мен оқуға ынталануына, мұғалім қолданған әдістер мен көрнекі құралдардың сапасына байланысты ғылыми білімдерді меңгеруге саналылық, әрі белсенділік танытқан оқушылар ғана оны терең және ойларына берік тоқулары сөзсіз.
Қазақ тілі сабақтарында түрлі көрнекі құралдарды пайдалану барысында саналылық пен белсенділік принципін жүзеге асыру үшін мұғалім оқыту процесінде төмендегі оқытудың ережелерін басшылыққа алады.

  • Оқушы алдында тұрған мақсат пен міндеттерді оның түсінуі саналы оқытудың шарты боларын назарға алу

  • Оқушылардың оқу материалын тек жаттап қана алмай, олардың мән мағынасын терең түсінуін қамтамасыз ету

Дидактика принциптерінің бірі – оқытудың сабақтастығы. Мұғалім оқыту процесінде бір сыныпта өтетін тақырыптың бір-біріне мағыналық жуықтығы барларын, бірін-бірі үстемелеп толықтыратын түрлерін алдын ала байқап көрнекі құралдарды дайындау барысында оларды сабақтастырып отыруды қатаң ескереді. Сөйтіп, оқушының ілгеріде меңгерген білімінің жаңа материалды ұғынуы үшін себебін тигізетіні тірек етіп пайдаланылады. Осы мақсатта жаңа тақырыпты көрнекі құралдар арқылы таныстыру кезінде оны бұрыңғы өткен материалмен шебер ұштастырып отырған тиімді болмақ.
Бір мысал келтірейік. Қазақ тілі грамматикасынан сын есім тақырыбы сөз табы ретінде бастауыш үш сыныпта да оқытылады. Бірінші сыныпта грамматика термині аталмай-ақ, заттың сынын білдіретін сөздер деген ұғым беріледі.
“Қандай?” сұрағына жауап болатыны үйретілді. Оқушылардың сын есімнен алған осы білімі енді олар екінші сыныпта, “Сын есім” тақырыбын өткенде еске түсіріледі, қайталанады. Сөйтіп екінші сыныпта таныстырылған сын есімнің мағынасы және “Қандай?” деген сұрағы жаңа түсінік айтпай-ақ сұрақ-жауап әдісі бойынша балалардың бұрыннан білетін мағлұматына сүйеніп, жеңіл таныстырылады. Үшінші сыныпта сын есім туралы жалпы түсінік беріліп, анықтамасын таныстырғанда да индуктивтік әдіс қолдану жолымен мысалды оқушыларға схема арқылы талдата келіп, олардың бұрыңғы білімін сабақтастыра отырып, қорытынды шығару қиын емес. Осылайша, грамматиканың көптеген материалының өзара байланыстылғының дұрыс таба отырып, сабақтастық принципіне негіздеп түсіндіру немесе жаңа тақырыпты түсіндірумен бірге оқушының бұрын үйренген материалын қайталап отыру – ұтымды әдіс. Бұл арадағы шешуші мәселе – тақырыптар арасындағы байланысты дұрыс таба білу.
Сәйкестік принципі.
Бұл принцип ғасырлар бойы жинақталған педагогтық тәжірибеге негізделіп, оқушыларға жеке-дара қарауды талап етеді.
Демек бастауыш сынып оқушысының бойында бар білім, білік, дағдылар деңгейіне сай жаңа ақпаратты ғана меңгере алады. Сәйкестік принципін дәлелдейтін заңдылықтар: оқыту жас және дара ерекшеліктерге, оқу процесінің ұйымдастырылуы мен әдістеріне тәуелді, ақыл-ой дамуы мен алғашқы білімдері жетік, оқушы жаңа материалды тез меңгереді, оқудығы қиыншылықтарды жою баланың мінез-құлқына, қабілеттерінің қалыптасына, білімінің сапасы мен нәтижесіне оң ықпал етеді.
Көрнекі құралдарды пайдалануда сәйкестік принципін жүзеге асыру үшін орындалатын ережелер:

  • Оңайдан қиынға, таныстан бейтанысқа, жеңілден күрделіге көшіп отыру

  • Балалардың ақыл-ойы, қабілеттері мен мүмкіндіктері әртүрлілігін ескеріп отыру

  • Оқушылардың жас ерекшелігін ескеру

Үлестірмелі көрнекіліктерді үлестіру барысында оқушылар табысқа бірдей жетуін талап етпеу, алдыңғы дайындық деңгейіне сүйену.
Көрнекі құралдарды орынды-орынсыз қолдана беруге болмайды, көрнекіліктер жас және дара қасиеттерге сай болуын ұдайы қамтамасыз ету.
Сәйкестік – жеңілдік емес, оқушы еңбегін жеңілдету мақсат емес, түрлі көрнекі құралдарды тиімді пайдаланып, өздігінен білім алуға, қабылдауға, меңгеруге көмектесу қажеттілігін қамтамасыз ету.
Әрбір бастауыш сынып мұғалімдері көрнекі құралдарды пайдалану барысыында білімді беру, тәрбиелу және дамыту қызметінде аталған дидактикалық принциптерді басшылыққа алып пайдаланса, мақсаттың орындалғандығы деп білуімізге болады.

1.3. Бастауыш мектепте қазақ тілі сабақтарында пайдаланылатын көрнекі құралдардың түрлері.


Бір оқушы есіткенді, бір оқушы көргенді, біреуі сезім арқылы сезгенді тез пайымдап, түсініп, ұғынатын, танып білетін болады. Мұғалім осындай жағдайды ескере отрып, әр сабақ барысында тіл материалдарын тез, жеңіл меңгеруі үшін әртүрлі тәсілді, амалды, әрекетті пайдаланады. Соның ішінде көрнекілік ерекше орын алады. Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабақтарында көрнекі құралдардың орны ерекше. Мұның басқа пәндердегі көрнекіліктен мәні, мазмұны, түрі, құрылысы жағынан ерекше өзіндік ерекшелігі бар екенін түсініп, білуіміз керек.


Көрнекілік - әрбір сабақтың тірегі. Сол арқылы мұғалім кейбір түсінуге қиын, көп күшті жұмсауды керек ететін мәселелерді жеңіл, тез, оңай меңгерту, түсіндіру, таныту үшін қолданады. Бұл жерде көрнекілік пен көрнекілік құрал деген ұғымды ажыратып, айқындап алуымыз керек. Өйткені практикада мұны бірінің орнына бірін жиі қолданатынымыз көп кездеседі.
Қазақ тілі сабағында өтіліп отырған материалдың ішіндегі ұғымға, құбылысқа, ой өрісіне оқушының көңілін баса аударту арқылы оны дұрыс таныту, танымын қалыптастыру, түсінігін тұрақтандыру, ойын жетілдіру, дамыту үшін мұғалімнің тарапынан көрсетілетін ұсыныстың, берілетін нәрселердің, заттардың көрінісін көрнекілік дейміз де, соның жеке алынып, даярланып, ретке келтіріліп, арнайы жабдықталып, формаға түсіріліп, оқушыға ұсыныстың түрін, материалды көрнекі құрал дейміз.
Сабақ олардан бұрын өткізілетін тақырыбына арнайы жаңа материалдарына схема, таблица, плакат даярлап, соны сүйеніш ете отырып, жаңа материалды түсіндіруге не қайталап пысықтаса, практикалық жұмыстар жүргізсе, ол көрнекі құрал болып есептеледі. Сонымен бірге бұл көрнекілік деп те аталады. Бұдан аңғарғанымыздай көрнекілік ұғымы кең де, ауқымды.
Бастауыш сыныпты қазақ тілі сабақтарында өзге де пәндер секілді оқу процесінде пайдаланылатын көрнекіліктерді қарастырған әдіскер ғалымдар (Б.Құлмағанбетов “Қазақ тілі сабағында техникалық құралдарды пайдалану” А.1984, 18-32, Ж. Адамбаева “Қазақ тілі оқулығына методикалық нұсқау” А.1988) У. Уәисова “Бастауыш кластарда морфологиялық ұғымдарды оқыту” 1994, Қ. Бадираков, М,. Қараев.
Мектептегі қазақ тілі мен әдебиеті кабинеті.
Алматы – 1973, Р. Әміров “Қазақ тілі оқулығына әдістемелік нұсқау” А.1994, О. Байқуатова “Бастауыш мектепте синтаксис материалдарын оқыту”
Н. Өренбаева “Қазақ тілін оқыту әдістемесінің алты еңбегінде негізінен көрнекі құралдарын көрсетеді”

  1. Көрнекі құралдар

  2. Техникалық құралдар

Көрнекі құралдардың төмендегідей түрлері бар: затты көрнекілік, графикалық көрнекілік (кесте, схема), бейнелеу көрнекілігі, иллюстрация жасау, фотоларды көрсету, суреттерді көрсету, альбом, лото, түрлі дидактикалық үлестірмелі қима қағаздар.
Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабақтарында бағдарламалық тақырыптарына арналған сабақтардың қай-қайсысы болса да, көрнекіліктерді қолданып, табысты өткізуде, оқытуды, жиі қолданып жүрген көрнекі құралдардың түрлері өте көп. Сондықтан қазақ тілі мұғалімдері оқытуда жиі қолданылатын көрнекі құралдарды зерттеп, оларды сабақта және сабақтан тыс жұмыстарда тиімді пайдаланып, отыру үшін, олардың қандай түрлері бар екенін жақсы біліп, кей жағдайларда қолдан жасап пайдалануға көңіл бөлу керек. Әрине, сабақта қолданылатын көрнекіліктердің барлық түрлерін қолдан жасау мұғалімнің қолынан келе бермейді. Дегенмен мұғалімдер сабақты жиі қоданатын, қазақ тілі кабинетіне ілінетін көрнекі құралдардың кейбір түрлеріне тоқтала кетпекпіз.
Қазақ тілі сабақтарында жиі қолданылатын көрнекі – кесте. Ол не схема, бұрын таныс емес граммматикалық материалды нақты түсіндіруге, сөйлем құрылысын меңгеруге өте ыңғайлы.
Қазақ тіліндегі кетелер мазмұнына қарай: лексикалық, морфологиялық, фонетикалық, орфографиялық және синтаксистік, пунктуациялық болып бөлінеді. Ал қолданылуы жағынан салыстырмалы сөзді көрсету, анықтау, түрі жағынан жылжымалы болып келеді.(Б. 40-42)
Лексикалық кестелер сөздің мағынасын түсіндіруге, оқушының сөздік қорын дамытуға, лексикадан ауызша және жазбаша жаттығу жұмыстарын жүргізу үшін қолданылады. Лексикалық кестелер мазмұны жағынан әртүрлі болады. Өрнектелуі және жасалуы жағынан кейде сөздің тізімі болуы да мүмкін. Мысалы, сөз және оның мағынасы, омонимдер, синонимдер, антонимдер, мақалдар мен мәтелдерге (IV сынып) байланысты мұғалімдер мен әдіскерлердің жасаған кестелері бар. (7. 101-100)
Осындай мақсатта жасалған кестелер оқушылардың сөздік қорын молайтумен бірге, грамматикадан, орфографиядан тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Фонетикалық және орфографиялық кестелер жазылуы және айтылуы қиын сөздерді меңгерту үшін қолданылады. Әсіресе фонетика тарауын өткен кезде дыбыстар жүйесін саналы меңгерту көптеген ұйымдастыру және шығармашылық жұмыстарды қажет етеді.
Ал грамматикалық кесте меігеруге қиын сөздерді түсіндіру мақсатында пайдаланылады. Мысалы, сын есім, зат есім, сан есім, есімдік, етістік, жалғау, жұрнақ категорияларын меңгертуге орай жасалатын кестелерді қолдану тиімді.
Кестелердің негізгі құрылысы I – IV сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне лайықтанып жасалуы қажет. Кесте бастауыш сынып оқушыларының қажетті біліміді саналы түсінуіне көмектесетінін көруге болады.
Кесте – схема қазақ тілі сабақтарында жиі пайдаланылады. Әсіресе ол жаңа материалды бекіту кезеңінде көбірек қолданылады. Оқушының өздігінен байқаға, салыстыруға, белгіні тілдік материалдың көмегімен таныстыруға, абстрактілік қабылдау сезімдерін дамытуға үлкен әсері бар.
Қазақ тілі әдістемесінде құрылымдық схема – кестенің негізін жасаушылардың бірі - әдіскер Ш. Әуелбаев. Құрылымдық схема – кесте арқылы оқушыларға қазақ тілінен негізігі синтаксистік құрылымдарды таныту арқылы пунктуациялық білім меңгеруін жан-жақты меңгертуге болады.
Мұндай схемалармен түрлі практикалық жұмыстар жүргізу нәтижесінде бастауыш мектеп оқушылары қазақ тіліндегі тыныс белгілері қойылатын сөйлем құрылымдары мен сөйлемдердің синтаксистік негізгі және қосымша желілерін, тыныс белгілерін тудырушы түрі синтаксистік байланыс түрлері мен тәсілдерін, сөйлем мүшелерін саналы меңгеретін болады.
Қазақ тілі сабағында графикалық көрнекілік белгілі орфографияларды дұрыс жазып үйрену үшін пайдалы. Мысалы жұрнақ – жалғау жалғанғанда өзгерістерді графикалық схема арқылы көрсетуге болады. Оқушыларға тыныс тілдік материалдарды схема арқылы иллюстрация жасап отыру да тиімді. Схема арқылы оқушылардың сөз немесе сөз тіркестерінен жіберген қателерін түзетуге болады.
Кейбір грамматикалық тақырыптарда қазақ тілін оқытуға байланысты динамикалық көрнекіліктер де қолданылып жүр. Мысалы, сөз тудыру, синтаксистік синонимдер тақырыбына байланысты жылжымалы кестелерді кодоскоп арқылы көрсетіп жүр.
Жылжымалы динамик арқылы көрсету бастауыш мектеп мұғалімдеріне үлкен жеңілдік жасайды.
Қазақ тілі сабақтарында кесте, альбом, лото сияқты, көрнекіліктер де қолданылады. Бұлар белгілі бір тақырыпқа (тұтас қамтитындай) немесе бір сыныптың тақырыбын түгел қамтитындай мақсатта жасалады.
Ал лото көрнекілігі оқушылардың орфографиялық және грамматикалық білімдерін бекіту үшін пайдаланылады.
Оқушылардың өзге пәндермен байланысты оқытуды негізге алып, бейнелеу өнеріне деген ықыласын арттыру мақсатында қазақ тілі сабақтарында түрлі түсті сериялы суреттер сабақты қызықты ұйымдастыруға ғана емес, сондай-ақ оқушының белсенділігін арттырып, танымдық қабілетін дамытады. Түрлі-түсті сериялы суреттер магнит тақталары арқылы көрсетіледі. Сурет бойынша схөйлем құрату, мазмұндама, шағын шығарма жаздыру да тиімді.
Текстік таблицалар. Олардың – міндеті шебер құрылған сөйлеммен немесе таңдап алынған ықшам мәтінмен мазмұнын ашып беру, ойды соған шоғырландыру. Таблицаны қолдан жасап, сабақта пайдаланып мектеп тәжірибесінде жиі қолданылады. Қазақ тілінің таблицалары алынған мәтіндегі ойдың топталуына қарай жай таблица және күрделі таблица болып келеді. Жай таблицада белгілі бір объектіге назар аударылатын болса, күрделі грамматикалық таблицада топтап берілген бірнеше объектіге көңіл аударылады.
Таблицалық көрнеклікте мәтіндер грамматикалық категориялардың мазмұнын аша отырып, сонымен іштей байланыста болады. Осылайша таблицадағы мәтіндердің төңірегінде әңгімелесу, оны оқушылардың түсінігіне жеткізу, сөз жоқ, үйретіп отырған фонетикалық немесе морфологиялық ұғымдарын тез қабылдауды және ойландыруды жеңілдетеді, бекіте және тереңдете түседі.
Плакат көрнекілігі сабақта талдау жүргізгенде, өткен материалды қайталау кезінде, оқушы білімін байқау үстінде көбірек қолданылады. Тақтаға бірнеше сөйлемдер жазып, мысалдар теріп жатқаннан гөрі, алдын ала плакатқа әдемілеп жазылып қойған сөйлемдерді талдаудың тиімді екені даусыз. Плакат жасауда бірнеше түрлі мақсаттар кездесетін болғандықтан, соған орай олардың түр-түрі белгіленеді.
а) оқушылардың сөз байлығын молайту мақсатында тиімді жасалатын плакат
ә) грамматикалық белгілерді анықтауға арналған плакат
б) теріп жазу диктантын ұйымдастыратын плакат
в) жазу емлесі мен тыныс белгілеріне арналған плакат т.б.
Қазақ алфавитіндегі әріптерді берілутәртібімен көрнекі плакат етіп жазып, сабақта оқушылардың әріптердің түзілу ретін, баспа түрін (бас әріп пен кіші әріпті) әріптердң қалай аталатынын түсіндіруге болады.
Үлестірмелі карточка да көрнекіліктердің бір түріне жатады. Қазақ тілі сабағында үлестірмелі карточкалар жиі қолданылады. Бұл – оқушылардың ынтасын арттырып, өз бетімен жұмыс істеуге, жеке сөздерді ауызша және жазбаша талдап, дағдыландыратын белгілі бір грамматикалық форманы практикада қолдана білуге үйрету мақсаттарын көздейтін көрнекі құралдардың бір түрі. Үлестірмелі карточкалар жеке оқушылармен жұмыс істеуге өте ыңғайлы. Әсіресе суретпен берілген карточкаларды “Мнила”, “Сөз құрамы” тақырыптарын оқуыға байланысты қолдануға болады. Суретпен берілген қима карточкалар арқылы сын есім, зат есім, етістік, үстеулер нақты лексикалық мағынасын түсіндіру тиімді.
Берілген материалдағы тапсырмалар суретке сайболуы керек. мүмкіндігіне қарай ол тапсырмаларды орфографиялық және пунктуациялық дағды беруге, тіл дамытуға, байланыстырып сөйлеуге пайдаланып жүр.
Тақырыпқа арнайы түрде жазылған карточкалар мұғалімнің күнделікті жұмысын жеңілдетіп, оқушыларға аз уақыттың ішінде әртүрлі тапсырмалар беруге көмектеседі. Сонымен қатар, оқушыларға сан алуан практиклық дағдыларды меңгертуге, олардың ой-өрісі мен сөйлеу тілін үздіксіз дамытып отыруға жәрдемдеседі. Карточкаларды кезкелген бастауыш сыныпта қазақ тілінен бағдарламалық тақырыптар бойынша жасап алу қиыншылық тудырмайды.
Г. Уәиісова “Бастауыш класстарда морфологиялық ұғымдарды оқыту” атты еңбегінде бастауыш сыныптарда тілдің морфологиялық жүйесін оқытуда қолданылатын көрнекі құралдарды (кесте, сызба, компьютерге арналған перфокарталарды т.б.) қолдану мақсаттарына қарай үш топқа бөлуге болады деп көрсеткен. (15. 35-40)

  1. Жаңа тақырыпты түсіндірер кезде балаларға тілдік құбылысты байқатуға проблемалық жағдай туғызуға арналған құралдар.

  2. Берілген ұғымды пысықтауға балалардың іс-жүзілік дағдыларын дамытуға арналған құралдар.

  3. Берілген грамматикалық ұғымдарды жинақтауға арналған құралдар т.б.

Бастауыш сыныпта пайдаланылатын көрнекі құралдарды С. Рахметова (13. 36-37; 117-122)

  1. Сауат ашу кезінде пайдаланылатын көрнекі құралдар.

  2. Грамматика сабақтарында пайдаланылатын көрнекі құралдар деп бөліп көрсеткен.

Сонымен бастауыш сыныпта қазақ тілі сабақтарында биыл есік ашқан күнінен бастап жоғарыда көрсетілген көрнекі құралдардың түрлері қолданылып келеді. Көрнекі құралдар қазақ тілі сабақтарының мазмұнына, сабақтың мақсатына, оқушылардың білім деңгейлеріне, жас ерекшеліктеріне , мұғалімнің өзшеерлігіне байланысты көрнекіліктер түрлері таңдалып, қолданып келеді. Негізінен көрнекі құралдар қандай мақсатқа арналса да, олардың көздеген мақсатқа сай болуы керек.
Бастауыш сыныпта, қазақ тілі сабақтарында қолданылатын көрнекіліктердің келесі түрі техникалық құралдарды түрлеріне тоқтала келсек олардың өзі пайдалануына қарай екі түрге бөлінеді:

  1. Экрандық техникалық құралдар

  2. Дыбыстық техникалық құралдар

Экрандық техникалық құралдарға қазіргі күнде қазақ тілі сабақтарында қолданылып жүрген киноаппарат, эпидоскоп, кодоскоп, ЛЭТИ, протон, свитязь, фильмоскоп т.б. жатады. Бұлар негізінен шағын көрнекті материалды (суреттерді, схема, таблицаларды) экранға түсіру арқылы сабақ мазмұнына байланысты қажетті қосалқы материалдарды көрсетуге арналған.
Осы техникалық құралдар арқылы көрсетілетін көрнекіліктер, олардың түрлері қандай болмақ? Бұл арада ескерте кететін бір нәрсе қазақ тілінде жасалған көрнекіліктің тапшылғы. Мұны, көбінесе, бастауыш мектеп мұғалімінің өзі жасауға, даярлауға тура келеді.
Фонетиканы, грамматиканы оқыту үстінде қолданылатын, пайдаланылатын, әртүрлі схемалар қазақ тілін өткенде тілдік материалды түсіндіру, талдау үстінде пайдалануына тура келеді. Ондай материалдарды баяндау барысында ретімен, тиімді жерінде жүйесін сақтай отырып пайдаланғанда, көрсеткенде ғана тиімді пайда келтірмек. Сонымен қатар мұндай материалды қолданғанда суреттердің барлығының көлемі жағынан бірдей болуы, көркем болуын қағалауымыз керек.
Әртүрлі схемаларды, сурет, тілдік модельдерді эпидаскоптың жәрдемімен, егер диапозитивке, диафильмге түсірілген болса, ЛЭТИ, Протон,Свитязь арқылы да көрсетуге болады.
Қазақ тілі материалдарын оқыту барысында оқу таблицаларын қолданатын боламыз. Бұл оқылып отырған материалды қажетті детальға бөле отырып, принципті, керекті мәселелерді айқындап, саралап, жіктеп, нақтылап көрсету үшін қажет.
Тіл материалдарын салыстыра отырып, талдап түсіндіруде, олардың өзара жақындығын, даралық ерекшелігін, өзара қатынасын, белгісін көрсету, байқату кездеседі. Педагогикалық тұрғыдан алғанда оқу таблицасы бейнелеу өнерінің шығармасына жататындықтан оқушылардың сезімін ерекше әсер ете отырып, оқу материалын жақсы қабылдауға мүмкіндік береді. Сондықтан оқу таблицасын жасауға ерекше мән беруіміз керек. Ол тек, біріншіден көрсетейін деп отырған объектінің жоғары сапалықпен, оның қажетті детальдары мен бөлшектерін жан-жақты көрсете білетін болғанда ғана тиімді. Иллюстрациялық таблица тіл материалдарын, тілдік фактілерді салыстыра отырып талдауға, оларды өзіндік ерекшелігі мен өзара жақындастығын аңғартуға үйретеді.
Бұл иллюстрациялық таблицаларды диапозитивке, диафильмге түсіріп алып, ЛЭТИ, пратон арқылы көрсетуге болады.
Диапозитив кей таблицаларда көрсетуге мүмкіндік бола бермейтін кейбір детальдарды, бөлшектерді толық қамти отырып, жеке бөлім беруге болады. Бұл тілдік фактілердің логикалық байланысын сақтауға мүмкіндік жасайды. Мұны протон, свитязь арқылы беруге болады. Бұл техникалық құралдармен көріністі ұзақ ұстай отырып түсіндіруге, қайталап беруге мүмкіндік жасайды.
Диафильм. Диафильмнің ерекшелігі көріністің, құбылыстың логикалық байланысын сақтай отырып, қимыл үстінде көрсету. Оның диапозитивтен айырмашылығы мұғалім сөзін иллюстрациялауға бағытталған жеке құралдардан ғана тұрмастан, материалдың мазмұнын жүйелі баяндауға мүмкіндік беретін іштей байланысты кадрлардан тұратындығы.
Диафильм сабақ процесін ерекше жандандырып, оқушылардың ой-өрісін дамытып, әртүрлі сюжетті әңгімелерді нақты көрсетіп, түсіндіруге мүмкіндіктер береді.
Қазақ тіліндегі сөздердің буын ішіндегі дыбыстарының саны мынадай төрт түрлі жағдайда кездесетініне кесте жасап, оны сабақта эпидоскоп арқылы көрсетіп түсіндіру мұғалімге көп жеңілдік жасайды.
Кодоскоп. Мұғалімдер кодоскопты қай пәнді оқытуда да жиі пайдаланып жүр. Кодоскопты сыныптағы оптикалық тақта деп те атайды. Қазақ тілі материалдары оны грамматикалық талдау жасағанда, сабақ көрнекліктерін пайдаланғанда (мысалы, кесте, схема, сурет т.б.) қолданады. Кодоскоп бөлмені арнайы қараңғылауды қажет етпейді. Кез келген грамматикалық тақырыптарды дұрыс меңгертуге көмекші құрал болып табылады. Кодоскопты пайдаланылатын материалдарды қолдан қара тушьпен рентген пленкасына немесе полиэтилен пленкаға жазып көрсетуге болады.
Қазақ тілі сабақтарында пайдаланылатын дыбыстық техникалық құралдардың түрлеріне тоқталатын болсақ, дыбыстық құралдардың көптігіне қарамастан оқу процесінде екі міндетті шешетін болады.

  1. Арнайы жазбаларды, дикторды, көркем сөз шеберлерінің сөздерін тыңдауға мүмкіндік береді.

  2. Оқушылардың мұғалімнің өз сөздерін жазуға, оны тыңдауға мүмкіндік жасайды.

Бірінші міндетті шешу оқу мәліметін дыбыс құралы арқылы беру көздегенде грампластинка, радио берілісі, арнайы теледидар берілісі қолданылады.
Екініші міндетті шешу үшін дыбыстық құрал магниттік лента қолданылады. Бұл белгілі бір берілістерді жазып алып, оқу процесінде қолдануға мүмкіндік жасайды.
Радио берілісі. Бұл сөз арқылы жан-жақты талданып берілетін оқу материалдарын түсіндіруде тиімді құрал. Осы арқылы қазақ тілі сабағын жандандыруға, оның барысына жаңалықтар ендіруге мүмкіндік береді.
Грамжазба. Бұл техникалық құралдардың радиоберілістерден айырмашылығы сол пластинканы мұғалім өзіне тиімді кезде, сабақтың қажетті бөлігінде пайдалануына оқушыларға тыңдатуына мүмкіндігі бар.
Магнитофон. Дыбысты жазып оны қайта естіртетін аппарат. (магнитофон) – оқу процесін жетілдіре түсетін, оқу-тәрбие жұмысының сапасын арттыратын көмекші құралдардың бірі болып есетеледі.
Магнитофонды сабақтың әр кезеңінде дұрыс пайдалану мұғалімнен аса шеберлікті талап етеді. Алдымен мұғалім магнитофонның құрылысын жақсы білуі қажет.
Сабақта магнитофонды мынадай мақсатта пайдалану керек: дыбыстар мен сөздерді дұрыс айтуға үйрету, оқушылардың дұрыс сөйлеу дағдыларын дамыту, сөздік қорларын байыту, сөйлеу тіліне жаттықтыру, тілдік материалды кей жағдайда жаттату сияқты жұмыс түрлеріне пайдалану тиімді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет