Бастауыш сыныпты ќазаќ тілі сабаќтарында


Бірге жазылатын сөздердің схемасы



бет5/16
Дата20.01.2023
өлшемі314,5 Kb.
#165976
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Ана тілі сабақтарында көрнекі құралдарды пайдаланудың тиімділігі

Бірге жазылатын сөздердің схемасы



Тұлғасы өзгеріліп бірікен сөздер

Апар, бүгін, түрегелді, биыл, әпер, қыстыгүні, белбеу, күздігүні, ашудас, жаздыгүні, көкпеңбек.


Еш, әр, кей, бір, қай, әлде сөздерімен біріккен есімдік, үстеу сөздер

Ешкім, ешбір, ешқандай, ешқайда, ештеңе, әркім, әрбір, әрқайсы, әрдайым, әрқашан, кейбір, қайсыбір, бірнеше, бірталай, біраз, бірсыпыра, біржолата, бірыңғай, біркелкі, бірқыдыру, әлдеқайда, әлдеқашан, әлдеқайда, әлдеқалай т.б.


Терминдыік атаулар және басқа сөздер

Арасалмақ, темірқазық, ақбозат, кемпірқосақ, өнеркәсіп, баспасөз, еңбеккүн, кезқұйрық, т.б.


Географиялық атаулар

Кентау, Үңгіртас, Сандықтас, Қаратау, Көкшетау, Үлкен Қарой, Кіші Қарой т.б.

2.2. Қазақ тілі сабақтарында техникалық құралдарды пайдаланудың тиімді жолдары.

Қазақ тілі сабақтарында дыбыстық аппараттарды пайдалану өте тиімді. Мысалы, дауысты және дауыссыз дыбыстардың айтуындағы ерекшеліктерін, дыбыстардың айтылу ерекшеліктерін меңгертуде өте тиімді.


Фонетика мен орфоэпияны оқытуда магитофонды пайдалану.
Оқушы фонетиканы дұрыс меңгеріп, сөздердің дыбыстардың айтылуын, жазылуын, естілуін дәл айта білуі сондай – ақ сауатты жаза білуі тиіс.
Біраз мектептерде ІҮ сыныптарының жазба жұмыстарын тексергенде оқушылардың сөз ішіндегі әріптерді естілуінше жазатыны байқалады. Атап айтқанда, дауысты және дауыссыз дыбыстардың бір сыңарын тастап жазу байқалады. Сондықтан ІҮ сыныптан бастап тілдің фонетика бөлімін оқытуда байланысты мұндай қателерден оқушыларды сақтандыру үшін магнитофонды пайдалану жақсы нәтиже бермек. Демек, оқушылар жиі әрі көп қате жіберетін ережелерді нақтылап үнемі (ережені) магнитофоннан таңдап, соған байланысты мәтінді талдау немесе жатқа жаздырып, сөйлем, сөздерді ойдан таптырып, қалай да қате жібермеу үшін, жұмыс істеуге болады. Мысалы, магнитофонға күні бұрын мынадай ережелерді жазып қоюға болады.
№1. Сөздің кейінгі буындарында “ұ” естілмегенімен, “ы” жазылады, “ү” естілмегенімен “і” жазылады.
Мысалы: құ-лын, жұ-лын, кү-міс, жү-зім, күн-дік.
№2. Сөздер буынға бөлшектенеді. Сөздердің буын саны дауысты дыбыстарға байланысты. Сөзд қанша дауысты болса, сонша буын болады.
Мысалды оқушылардың өздеріне таптырып, талдау жасатуға болады.
Магнитофон арқылы диктант (жатжазу) жұмысын жүргізу.
Диктант жұмысына магнитофонды пайдалану мұғалімге біраз жеңілдіктер жасайды. Мұндай диктант жұмысына оқушылардың зейіні тек магнит таспасындағы сөзге ауады, мұғалімге қосымша сұрақ қойып, жазу жұмысына бөгет жасай алмайды. Диктант жұмысы ең алдымен терме диктантынан басталады да, бірте – бірте бақылау диктантына айналады.
Магнитофофн арқылы жүргізілетін диктант жұмысы баланың есту қабілетін дамытумен қатар, орфографиялық қате жіберуден сақтандырады, өйткені оқушылар әр сөзді мұқият тыңдауға тырысады. Алайда, оқу – тәрбие ісінде үнемі диктант жұмысын магнитофон арқылы жүргізуге ден қоймай, қиын тиетін тақырыптарға орай жүргізу тиімді болмақ.
Сұраулы және лепті сөйлемдерге қатысты диктант жұмысын жұмысын жүргізу қажет болса, алдымен қысқа мәтінді пайдалану керек. Мәтінді магитафоннан тұтас бір рет тыңдайды. Қиын сөздер тақтаға жазылады. Екінші рет мәтін магнитафоннан жайлап оқылып, оқушылар диктант жазуға кіріседі. Мысалы, балалар, магнитафондағы мәтінді мұқият тыңдаңдар. Онда сөйлемнің қандай түрлері бар екенін байқаңдар. Дәптерлеріңе жазып отырыңдар деп ескертіледі.
Диктант азылып болғаннан кейін, мәтін түгелімен тағы қайталанып тыңдалады.
Магнитафонды тіл ұстарту жұмысында пайдалану.
Тіл ұстарту жұмысында магнитафонды қолдану үшін, алдын – ала мәтінді магнитафон жазбасына жазып қояды. Сосын ол мәтін оқушыларға тыңдатылады. Одан кейін оқушылар осы мәтіннің мазмұнын өз сөзімен айтып беруге тиіс, немесе, осы мәтіннің мазмұны бойынша сұраққа жауап беруге, жоспар құруға дағдыландыруға болады. Оқылған мәтінді өз сөзімен айтқызудың тиімділігі; болса, біріншіден, өз сөзін мәтінмен салыстырып байқайды, екншіден, өзінің сөйлеу тіліндегі кемшілітерін түзейді. Оқушыларды өз бетінше сөйлетіп үйрету арқылы бірте – бірте қысқа әңгіме айтқызуға, мазмұндама, шығарма жұмысын жаздыруға дағдаландыруға болады.
Магнитафон арқылы өлеңді оқуға және жаттауға үйрету. Қазақ тілі сабағында жүргізілетін тіл ұстарту жұмыстарында мұғалім оқушыларды мәтінді дұрыс, мәнерлеп оқуға үйрету, оның мазмұнын айтқызу, сөздің мағынасын ұғындыру, оны меңгерту, тыныс белгілерін қай ретпен, қалай қойылғанын аңғарту, қазақ тілінің көркем сөз формаларын дұрыс ұғынып, оны дұрыс түсіне білумен бірге, іс жүзінде қолдана білуге дағдыландырады. Мәнерлеп, оқуға үйретілетін мәтіндерді, өлең тақпақтарды мұғаліәм алдын – ала дайындап қай сабақта қалай пайдалану керектігін белгілеп қояды.
Бірінші рет оқушылар оқулықтан өлеңнің оқылуын оқулықпен салыстырып, тыңдап отырады. Екінші рет мәтін аралық (интервал) тасталып оқылады. Енді оқушылар айтылуын, оқылуын қайталап айтып отырады, яғни диктордың немесе мұғалімнің сөзіне еліктеп қайталайды. Сонымен бірге оқушылар мәтіндегі түсініксіз немесе қиын сөздерді ерекшелеп жазады.
Магитафон арқылы қысқа өлеңдерді тез жаттауға болады. Өлеңді жаттамас бұрын, мұғалім ондағы қиын сөздерге түсінік береді.
Дыбыстық аппараттарды қызық мәтін оқуда осындай мақсаттарда пайдалану аса тиімді деп айтуға болады.
Диаскопты пайдалану арқылы буын түрлерін түсіндіру.
Қазақ тіліндегі сөздердің буын ішіндегі дыбыстарының саны мынадай төрт түрлі жағдайда кездесетінене кете жасап, оны сабақта эпидиаскоп арқылы көрсетіп түсіндіру мұғалімге көп жеңілдік жасайды. Ол үшін кестенің төмендегідей үлгісін жасап, оны эпидиаскопқа дайындау қажет.
1 – кесте.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет