а) Оқушыларды Ахмет Байтұрсынұлы аударған И. А. Крыловтың «Аққу, Шортан һәм шаян» мысалымен таныстыра отырып, өлеңдегі негізгі ойды өздеріне таптырып, өз сөзімен жеткізе білуге жағдай жасау.
Дамытушылығы:
а) Оқушылардың ойлауын, есте сақтауын және байланыстыра сөйлеу қабілеттерін дамыту, шығармашылық қабілеттерін байқау, дамыта түсуге жағдай туғызу.
Үйге берілген тапсырманы сұрау. Интервью әдісі: 1. Қарбыз бен Қауын қандай шешімге келді?
2. Қауынды кім тауып алды?
3. Қарт қауынның дәнін не істеді?
4. Қарбыздың жағдайы не болды?
5. Бұл ертегіден нені түсіндік?
6. "Дән-Қауынның жүрегі. Осы өлмесе, ол мәңгі жасайды" деген сөзді қалай түсінесің?
7. Қарбыз жалғыз қалып қалай өкінгенін сомдап беріңіз.
Ертегінің мазмұнын "Ары қарай..." әдісі бойынша айтып береді
Өткенді еске түсіреді.
Оқулықтан
Әр кезеңді орындау барысында оқушыларға фишка таратылады
Сергіту сәті
Оқушылар қайталайды,сергиді.
Компьютер
7.
мин
Түсіну.
Жаңа сабақ:
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» айдарымен сабағымызды сайыс түрінде жалғастырамыз.
- Бұл мақалды қалай түсінесіңдер?
Сендер тек жұмыла, бірге жұмыс жасау арқылы сабақтың мақсатына жетесіңдер. Барлығымыз бірлесе отырып, жұмыс атқарамыз.
Тақырыпты ашу. Суретпен жұмыс.
Мына суреттерге көңіл бөліңдер.
- Мынау нелер?
- Мектеп, кітапхана, кітап дүкені.
Ал, мынау арбаға жүк артқан адамдар, ол сендер. Сонымен қай топ кітаптарды
мектепке бірінші болып жеткізеді екен?! Іске сәт!
«Тарту» өлеңі.
Балалар, бұл - жол басы даналыққа,
Келіңдер: түсіп, байқап, қаралық та
Даналық - өшпес жарық, кетпес байлық,
Жүріңдер, іздеп тауып алалық та!
- Бұл кімнің өлеңі еді?
- А. Байтұрсынұлы.
«Ой қозғау»
1-топ: А. Байтұрсын ұлы туралы не білесің?
2 - топ: Аққу қандай құс?
3 - топ: Шортан қандай балық?
4 - топ: Шаян жайлы не білесіңдер?
Бүгінгі сабақта сол жинақтан алынған «Аққу, шортан һәм шаян» мысалымен танысамыз.
Мысалдың негізгі ойын ашуға тырысамыз
Иван Андреевич Крылов (1769 - 1844) жылдар аралығында өмір сүрген. Орыс халқының атақты мысал жазушысы, сатирик, драматург. 1809 жылдың басында И. А. Крыловтың ең бірінші мысалдар кітапшасы шықты. Оның ішінде 23 мысал болды. Олар: «Ворона и лисица», «Музыканты», «Лебедъ, шука и рак», «Ларчик».
Орыс ақыны И. А. Крыловтың мысалдарын Ахмет Байтұрсынұлы аударып, «Қырық мысал»деген атпен кітап етіп шығарған
Оқушылар топтық тапсырманы бірге талқылауды, бірге орындап, тақтада қорғайды
Ватман, түрлі-түсті қаламдар, суреттер
Өзара топтық жұмысты бағалау
7.
мин
Талдау.
Бекіту: "Ия, жоқ" ойыны
Қойылған сұрақтарға "ия", "жоқ" деп жауап береді
Ватман
5.
мин
Жинақ- тау.
V.Қорытынды:
"Вместе мы сила" видеоролигі
- Сендер біріге жұмыс жасап мектеп есігін аштыңдар, төрт топ та өз білімдері мен біліктілігін көрсетті. Бүгінгі сабақта сайыста «достық» жеңді. Бірге жұмыс атқарғандықтан барлығына жақсы қоямын. Талаптарыңа нұр жаусын!
Видеороликті тамашалайды, ой түйеді
Формативті.
Сабаққа « Кері байланыс» алу
Оқушылар сабақтың түсінікті болуына қарай,не түсінгеніне қарай «стикерлермен»кері байланыс береді.