Бастауыш сыныпты ќазаќ тілі сабаќтарында


ІІ ТАРАУ. КӨРНЕКІ ҚҰРАЛДАРДЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ПАЙДАЛАНУДЫҢ ПРАКТИКАЛЫҚ КӨРІНІСІ



бет4/16
Дата20.01.2023
өлшемі314,5 Kb.
#165976
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Ана тілі сабақтарында көрнекі құралдарды пайдаланудың тиімділігі

ІІ ТАРАУ. КӨРНЕКІ ҚҰРАЛДАРДЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ПАЙДАЛАНУДЫҢ ПРАКТИКАЛЫҚ КӨРІНІСІ


2.1. Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабақтарында көрнекі – құралдарды пайдалану жолдары.

Бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабақтарында қолданылатын кестелер (графикалық, схема, модель), перфокарта, карточкалар, натуралды заттар, макеттер, суреттер (сюжетті, сюжетсіз).


Қазақ тілі сабақтарында дауысты дыбыстардың жуан және жіңішке түрлерінің өзіндік ерекшелігін салыстырып көрсету кесте көрнекілігі арқылы көрсетуге болады.
№1 – кесте.

Жуан дауысты дыбыс

Жіңішке дауысты дыбыс

Қос
Сан
Құз
Қыр

Көл
Сәл
Күз
Кір

Осы схемамен бірнеше модель құрастыруға болады. Перфокарталар септік, көптік жалғауларын өткенде, оларды меңгерту, бекіту мақсатында қолданылып жүр.


№2 – кесте.

Септіктер

Атау

Ілік

Барыс

Табыс

Жатыс

Шығыс

Көмектес

Кітап
Орман
Гүл
























Фонетикалық және орфографиялық кестелер жазылуы және айтылуы қиын сөздерді меңгерту үшін қолданылады. Әсіресе дыбыстар жүйесін саналы меңгерту көптеген ұйымдастыру және шығармашылық жұмыстарды қажет етеді. Мысалы. Дыбыстарды оқытуға жасалған мына кестеге көңіл аударып көрейік:
№4 кесте.

Ұяң дыбыстар

Ұяңмен келген сөздер

Ұяң дыбыстармен келген сөйлемдер

б
в
д
з
ж
г
ғ
һ

байлық
вагон
дала
зейін
Жаппар
Гүлсім
Ғалым
Аһ, уһ,

Ел байлығы жылдағыдан арта түсті.
Бұл вагонды Асқардың ағалары бар еді.
Дала гүлге бөленді.
Айша сабақты зейін қойып тыңдады.
Жаппар ағаның сөзін тыңдады
Гүлсім оқуға кетті.
Ғалымдардың досы Айбар болатын.
Аһ, - деп демімді алдым.

Бұл кестедегі материал бойынша ұяң дауыссыз дыбыстардың фонетикалық заңдылықтарының ерекшеліктерін салыстырып байқайды.
Зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, жалғау, жұрнақ категорияларын, сондай – ақ құрмалас сөйлемнің жасалу жолдарын меңгертуге орай жасалатын кестелерді қолдану тиімді.
Морфологияны оқытуға байланысты кесте.

4 – сыныпта қолданылатын бұл кестенің құрылысы ІҮ сынып оқушыларының жас ерекшелігіне лайықты кестеде негізгі мәселе даралап берілген, жұрнақ жалғанғандығы өзгеріс қандай, жалғау жалғанғанда қандай айырмашылық болғанын оқушының санасы түсінуіне көмектесетінін көруге болады.


Кесте – схемалар сабақты бекіту кезеңінде көбірек қолданылады. Кесте – схемаларды пәндік материалдарды, жаттығуларды (көптік, тәуелдік, септік, жіктік) өткенде де қолдануға болады. Сондай – ақ сөйлем құрамын үйретуде схемалардың маңызы зор.

Бастауыш сыныптарда тілден берілген іскерлік пен дағдылар оқушылардың жоғары сынып материалдарын жақсы меңгеріп, алған білімін практикада қолдана білуіне негіз болады.


Дауысты және дауыссыз дыбыстардың қатаң, ұяң, үнді түрлерінде жұмсалатынын ажыратып, олардың жазылу емлесін білу, сөздің құрамын, сөйлем ішіндегі сөздердің өзара байланысын анықтап, әр сөзге сұрақ қоя білу, септіктер сөздердің тәуелденуі, септелуі, жіктелуін білу, сөйлемнің хабарлы, сұраулы, лепті түрін ажырату, сөйлем мүшелері жөнінде жалпы түсінік, сөздердің айтылуы мен жазылуын меңгеру, тыныс белгілерді дұрыс қолдана білу – осылдардың бәрін бастауыш сыныптың міндеті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет