Бастауыш сыныпты ќазаќ тілі сабаќтарында


сыныпта көрнекі құралдарды пайдалану әдістемесі



бет8/16
Дата20.01.2023
өлшемі314,5 Kb.
#165976
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16
Байланысты:
Ана тілі сабақтарында көрнекі құралдарды пайдаланудың тиімділігі

2 сыныпта көрнекі құралдарды пайдалану әдістемесі.

Тақырыбы:
Кімдер? Нелер? Сұрақтарына жауап беретін сөздер.
Сабақатың мақсаты: Оқушылардың өткен сабақта алған түсініктері мен дағдыларын орнықтыру. Олардың сөз мағыналары туралары ұғымдарын тереңдетіп, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру.
Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі кеспе қағаздар, кестелер, “Біздің көше” деп аталатын плакат.
Сабақтың барысы: Оқушылардың өткен сабақта алған түсніктері мен дағдыларын орнықтыру.
Үйге берілген тапсырма тексеріліп, оқушылардың жіберген қателері (бәрі дұрыс орындалып келсе, жақсы жақтары) талданып болған соң, мұғалім өткен сабақта берілген ұғымдарды мысалдар арқылы қайта бір айтып өтеді де, 153 – жаттығуды орындатады. Содан соң әр оқушыға жеке-жеке қима қағаз таратады.
Үлестірмелі қима қағаздардың үлгілері:
№1. Көп нүктенің орнына тиісті сұрақтарын қой.
Ай (…), жұлдыздар (…), аспан (…), ғарышкер (…), ғалымдар (…).
№2. Мына сөздердің қай дұрысының астын сыз. Оларды бөлек көшіріп, жанына тиісті сұрағын жаз.
Терезедер ұшқыштар құлыншақтар
Терезелер ұшқышдар құлыншақдар
№3. Әңгімені оқып шығып, асты сызылған сөздерді бөлек көшіріп жазыңдар. Оларға сұрақ қойыңдар.
Асқар ауылда тұрады. Оның ақ қозысы бар. Қозы өте сүйкімді. Ол қойлар өрістен келгенше, Асқардың жанында болады. Асқар оған шөп береді. Балалар Асқарға қызығады.
№4. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып жаз.
Тас (не?) … (нелер?)
кеме (не?) … (нелер?)
жылқы (не?) … (нелер?)
бақташы (кім?) … (кімдер?)
ІІ. Оқушылардың сөз мағыналары туралы ұғымдарын тереңдету.
Бұл мақсатты орындау барысында мұғалім екінші сабақта пайдаланған плакаттарды оқушыларға қайта көрсетіп, сол тұста берліген ұғымды пысықтайды.
Құстар: қарлығаш, қарға, торғай, жапалақ.
Қоян, аю, түлкі, қасқыр, арыстан – аңдар.
Жамал, Дәулет, Ержан – оқушылар.
Тапсырмалар:

  1. Оқушылар дәптерлеріне алдымен кім? деген сұраққа, кейін кімдер? деген сұраққа жауап беретін сөздерді тауып, көшіріп жазуы керек.

  2. Алдымен не? деген сұраққа, содан соң нелер? деген сұраққа жауап беретін сөздерді тауып, көшіріп жазуы керек.

Бұл жаттығудан оқушылар бірнеше заттың не жан-жануарлардың немесе адамдардың жалпылама атауына “кімдер?” деген сұрақ қойылатынын біледі. Енді мұғалім оқушылар түсінген осы ұғымды орнықтырып, оларды сөз мағыналарына қызықтыра түсу мақсатымен жаттығуларды түрлендіре түседі. Ол үшін тақтадағы кестені алып қойып, жаттығуды өз бетінше орындау тапсырылады.
Жаттығу №… Көп нүктенің орнына керекті сұрақты қойып, сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.
Үй жануарлары: …
Аңдар: …
Оқушылар: …
Осы үлгідегі жаттығу бірте – бірте күрделене түседі. Енді оқушылар тапсырылған жұмыстағы керекті сөздерді ойлап табулары қажет.
Жемістер: (нелер?) …
Өсімдіктер: (нелер?) …
Машиналар: (нелер?) …
Балалар: (кімдер?) …
Жаттығуларды орындап болған соң, жеке затты (жан-жануарларды, адамды) білдіретін сөздерге кім? не? деген сұрақтар қойылатыны, ал бірнеше заттың жалпылама атауын білдіретін сөздерге кімдер? нелер? деген сұрақтар қойылатыны тағы бір рет түсіндіріледі.
Сабақтың қорытындысы ретінде тағы бір жаттығу (мысалы, оқулықтағы 154-жаттығу) орындатуға да болады. Сондай-ақ мына үлгідегі жаттығуды ауызша орындатса да артық емес:
Сөйлемдерді оқыңдар. Асты сызылған сөздерге сұрақ қойыңдар. Олардың орнына төменде берілген сөздердің тиістісін қойып, сөйлемдерді көшіріңдер. Сол алған сөздеріңе де сұрақ қойыңдар.
Біз тауға шықтық. Мұнда жауқазын, бәйшешек, қызғалдақ өседі екен. Алыстан бәрі көрінеді. Үлкен жолдың бойымен автобус, трактор, такси кетіп барады. Құралбек, Айгүл, Досжан, Майра гүл тереді.
Берілген сөздер: балалар, гүлдер, машиналар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет