Бастауыш сыныпты ќазаќ тілі сабаќтарында



бет11/16
Дата20.01.2023
өлшемі314,5 Kb.
#165976
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Ана тілі сабақтарында көрнекі құралдарды пайдаланудың тиімділігі

Кісі аттары: Туыстықты білдіретін сөздер:
Оқушылыр естігіен сөздерінің қай топқа жататынын тез ажыратып, тиісті бағананың астына жазуы керек. Мұғалім оқитын сөздер: аға, Дәулет, әже, көке, Қалауқызы, нағашы, Марат, қарындас, сіңілі, Сағатбек, әпке, тәте, Зәуре, Айсұлу, Арайлым, іні.
Аралап жүріп, оқушылардың орныдағана жұмыстарын тексері арқылы олардың өткен сабақты қалай меңгергенін байқауға болады. Содан соң кім? (кімдер?) деген сұраққа жауап беретін сөздер туралы оқушылардың бұл түсініктері кеңейтіле түседі.
ІІ. Мамандықты, қызмет түрлерін білдіретін сөздер.
Бұл топқа жататын сөздерді оқушылар көп білетіндігі байқалады. Сондықтан мұғалім осы мүмкіндікті сабақ мақсатын ашуға дұрыс пайдалануы қажет. Ол үшін оқушылардың бұғандейін алан білімдері тағы бір рет өздеріне таныс кесте арқылы пысықталып шығады да, оқушылардың назары үшінші топқа (мамандықты, қызмет түрлерін білдіретін сөздер: қойшы, ұста, жүргізуші, сауыншы, етікші, оқушы, т.б. аударылады.)
Алдымен кестеде берілген сөздердің мағыналарын балалардың толық түсінетін-түсінбейтіні айқындалады. Мысалы:

  • Қойшы деген кім?

  • Қойшы – қой бағатын кісі.

  • Ұста ше?

  • Ұста – темірден, ағаштан заттар жасайтын адам.

  • Жүргізуші деген кім?

  • Жүргізуші – машина жүргізетін кісі, т.б.

  • Демек, кейде адамды істейтін жұмысына, қызметіне байланысты да айтады екен. Мысалы, өздерінің әкелерің мен аналарың қандай жұмыс істейді, атай қойыңдаршы.

Жауаптар:

  • Менің анам – дәрігер, әкем – құрылысшы.

  • Ал, менің әкем – машинист, шешем – сатушы.

  • Менің анам – бухгалтер.

Мұғалім балар айтқан жауаптардың үш-төртеуін тақтаға жазып қояды да, мамандықты білдіретін сөздердің астын сызып, оқушылардан осы сөздерге сұрақ қоюларын сұрайды:

  • Менің анам – дәрігер, әкем – құрылысшы.

  • Ал, менің әкем – машинист, анам – сауыншы.

  • Менің шешем – сатушы.

Бұл сөздердің бәріне кім? деген сұрақ қойылатынын оқушылар қиналмай табады. Демек, кім? (кімдер?) деген сұрақ адамның мамандығын, жұмыс түрін білдіретін сөздерге де қойылады екен. Мұғалімнің бұдан былайғы әрекеті оқушыларға барілген осы ұғымды пысықтай түсуге арналады. Ол үшін оқулықтағы 145-жаттығуы орындатылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет