ІҮ. Сабақты қорытындылау. Мұғалім оқушылардың назарын бүгінгі өткен сабақта берілген ұғымдарға аударады.ол ұғымдар – тіліміздегі мамандықты, қызмет түрін білдіретін және адамға қатысты (жас ерекшелігіне байланысты) айтылатын сөздер.
Үйге тапсырма: 150-жаттығу.
Тақырыбы:
Кім? Не? сұрақтарына жауап беретін сөздер туралы жалпы түсінік.
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың зат және оның атауы ұғымдарын қалай түсінетіндерін бақылау,. Заттың атын білдіретін сөздерге сұрақ қоя білуге дайындау. Балалардың ақыл – ой қабілетін, дерексіз /абстаркациялы/ ойлау дағдысын дамыту.
Көрнекі құралдар: Оқушыларға бұрыннан таныс әр түрлі заттар /ойыншықтар, оқу құралдары/ немес олардың түрлі түсті суреттері.
Сабақтың барысы: 1. Оқушылар зат және оның атауы туралы ұғымдарды қалай түсінетіндерін бақылау.
Бұл жұмыстың мәні мынады: оқушылар әрбір сөздің дыбыстардан құралатынын, ол сөздердің белгілі бір мағынаны білдіретінін бірінші сыныптан бастап – ақ үйрене бастайды. Бірақ өткен жылғы бұл процесс негізінен сауат ашу мақсатына бағындырылған, яғни заттың суретін көрсету арқылы оның атын білдіретін сөз құрамындағы дыбыстарды үйретуді көздеген еді. Ал ендігі мақсат керісінше: оқушыларды заттан оның атын білдіретін сөзді дерексіз ой арқылы бөліп алу дағдысына баулу. Бұл дағды қарапайым мысалдар төңірегіндегі әңгіме, сұрақ – жауап тәсілдері арқылы қалыптастырылуы қажет. Мысалы:
оқушылар жауап береді:
Өшіргіш/ қалам, сағат, кітап, т.б./. /Бұл сөздер әдетте оқушыларға жақсы таныс деректі заттардың атауы болады./
Мұғалім балалар айтқан сөзді тақтаға жазып қояды да, сол жазуды көрсетіп, тағы да сұрайды:
Сыныптан әр түрлі жауаптар естілуі мүмкін:
Өшіргіш.
Өшіргіштің жазуы…
Оқушылар тақтадағы бұл жазудың әлгіде көрсетілген нақтылы затқа /өшіргішке/ қатысты екенін біледі. Бірақ қалай қатысты екенін ажырата алммауы заңды нәрсе. Сондықтан мұғалімнің міндеті – бұл жазудың жай жазу емес, заттың өзі де емес, сол заттың атауы екенін ұғындыра білу.
Жоқ, бұл өшіргіштің атын білдіретін сөз.
Осы үлгідегі мысал тағы да қайталанды:
Мына не?
Сағат.
Рас, сағат. Заттың өзі. Ал, енді осы заттың өздерің айтқан атын тақтаға жазып қояйық. Бұл не болды сонда?
Сағаттың атын білдіретін сөз.
Оқушылар зат пен оның атын білдіретін сөздің аралығын ажыратқанша бұл мысалды бірнеше рет қайталауға болады. Соңынан сұрақ – жауап ауызша формаға ауысып, жұмыс барысын жеделдете түсу қажет. Бұл тұста сыныптағы заттар мен олардың аттары үлкен етіп жазылған үлестірмелі қима қағаздар кең қолданылады.
Мынау не?
Кітап.
Ал, мынау не? /“кітап” деген сөздің жазылған үлестірмелі қима қағазы көрсетіледі/.
Кітаптың атын білдіретін сөз.
Қорытынды:
Барлық заттың атын білдіретін сөз болады екен. Ол заттарды сол заттармен атаймыз. Кәне, сынып ішіндегі, көшедегі өздерің көріп тұрған заттарды атаңдаршы?
Оқушылар атай бастайды:
Тақта, парта, портрет, ағаш, үй, машина…
ІІ. Заттың атын білдіретін сөздерге сұрақ қоя білуге дайындау.
Сабақ барысында бірінші мақсатты орындаудан екінші мақсатты игеруге әр түрлі жолмен көшуге болады. Ең маңыздысы – бұл тұста оқушылардың психологиялық күйіне күш түспейтіндей болу керек. ол үшін қарсы сұрақ қойылады:
Ал, енді осы сынып ішінде өздерің білмейтін зат бар ма?
Болса, оның атын білу үшін қалай сұрайсыңдар?
Сыныпта мұндай заттың жоқ болуы да мүмкін. Ондай жағдайдамұғалім кез келген көрнекі құралдың бірін немесе суреттерді пайдалана алады. Мысалы, жемістер бейнеленген суреттерді алайық. Алма, алмұрт, қара өрік, шие, апельсин, т.б. жемістердің /суреттегі/ әрқайсысына алдымен мұғалім, содан кейін оқушылар сұрақ қоя отырып, олардың бәрі де “не?” деген сұраққа жауап беретінін анықтайды. Берілген ұғымды орынқтыра түсу үшін оқулықтағы 142 – жаттығу орындалады. Бұдан соң суреттер бойынша, жұмыс жүргізуге болады. Мысалы, аңдар /аю, қасқыр, қоян, түлкі, арыстан, т.б./ Ал оқушылар сұрақты өздері қойып, жауабын да өздері атайды:
Мынау не?
Аю.
Мынау не?
Қасқыр…
Осындай үлгідегі ауызша жаттығудың үшінші рет қайталанған тұсында мұғалім оқушыларды ойландыратындай өзгеріс енгізуі қажет. Мысалы, сутерттерде ауыл шаруашылығы машиналарының /трактор, комбайн, жүк машинасы, автобус/ немесе қала транспортының түрлері /автобус, трамвай, троллейбус, такси, т.б./ бейнеленген.
Оқушылар алғашқы дағдылары негізінде сұрақ қойып, оған өздері жауап бере бастайды:
Мынау не?
Автобус,
Мынау не?
Такси.
Осы сәтте мұғалім суреттердің арасынан үлкен планда бейнелеген автобус жүргізушінің немесе кондуктордың, не көше айрығындағы милиционердің суретін көрсетеді. Адам бейнеленген суреттерге келгенде оқушылардың ойланып қалары анық. Ал алғашқы дағдымен “Мынау не?” деп сұрақ қойып жатса, мұғалім өзі араласады:
Ойлаңдаршы адамға бұл не деп айта ма?
Айтпайды.
Ал оларға қандай сұрақ қойылады?
Бұл кім?
Соңғы сұрақтың жауабын мұғалім айтса да, оқушылар айтса да бәрібір. Маңыздысы – оқушының ойлануы – кенеттен жаңалыққа кез болуы.
Ары қарай суреттерді араластыра бастау қажет: парта, төменге есімі жазылған оқушы қыз, нан, ақ халат киген сатушы т.б.
Сутерттердің көмегімен оқушылардың сұрақ қойып, оған өздері жауап берген дағдылары орнығып, ойлау жылдамдықтары артқан кезде олардың алған білімдерін қорытындылауға болады.
Қорытынды: барлық заттардың, адамдардың аттары болады. Олар сөздермен аталады. Бұл сөздерге кім? не? – деген сұрақтар қоямыз. Егер адам болса кім? – деген сұрақ, ол жансыз зат, жан – жануарлар болса не? – деген сұрақ қойылады.
Достарыңызбен бөлісу: |