Қыз тәрбиесі-ұлт байлығы



бет1/4
Дата18.10.2022
өлшемі24,58 Kb.
#153610
  1   2   3   4
Байланысты:
№ 2 Аманкарагай


Қыз тәрбиесі-ұлт байлығы
Батай Назерке
Аманқарағай №2 ЖББМ
8 сынып оқушысымын.


Кіріспе
Мен Батай Назерке Аманқарағай №2 жалпы білім беретін мектепті 8 сынып оқушысымын. Мен осы мектептің ұлан басымын. Біздің мектепте 255 оқушы білім алады. Соның 170 қыз балалар.
Белгілі ақын Ақұштап Бақтыгереева “Өмірде қыз болу бар да, нағыз қазақ қызы болу мүлдем бөлек” деген пікір айтқан болатын.
Сол тәрізді ата -дәстүр, салт-сананы берік ұстанып өскен қазақ қызы қай ортада болсын, өзінің ерекше болмысымен көзге түсетіні анық. Қазақ қызының бойындағы асыл қасиеттерімен бірге сыр-сымбаты да өзге ұлттан дараланып тұруы тиіс.
Меніңше қазақ отбасының маңызды қызметтерінің бірі –тәрбие. Ата-ананың міндеті –жас ұрпаққа аға ұрпақтың әдет-ғұрпын, адамшылық, адамгершілік, инабаттылық, сыйлау қасиеттерін сіңіру. Әсіресе қазақ отбасында басқа ұлттарға қарағанда қыз бала тәрбиесі ерекше орын алады. Қазақ халқы қыз баланы ардақтап ұстаған, оның көңілін қалдырмаған, оған қарсы сөйлемеген, оны мәпелеп өсірген және де қатал ұстап, оның тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп қараған. Басқа ұлтқа қарағанда біздің қазақ келіншектерінің бойында ізеттілік, ар – ұят, ұялшақтық, үлкенге қызмет көрсету, үлкеннің алдын кесе – көлденең кесіп өтпеу, жаны ашу қасиеттері басымырақ сияқты. Осындай қыз балаға тән қасиеттерді қызының бойына сіңіретін ең бірінші – ол анасы. «Қызға - қырық үйден тию» - деген мақал – ауыл болып, ағайын болып қызға ақыл айту, өсиет айту, өнеге көрсету деген сөз. Олай болса қыз тәрбиесі тек әке мен шешенің ғана емес, ағайын – туыстың, бүкіл ауылдық қоғамның мәселесі болуы тиіс.
Менің баяндамамның өзектілігі: Қыз – бүкіл ұлттың айнасы. Сондықтан да, қыз тәрбиесі арқылы, оның қалай сөйлеп, өзін қалай ұстауы арқылы бүкіл ел болмысы көрінеді. Яғни, қыз тәрбиесіде барша халық тәрбиесі көрініс табады. Қазақ отбасындағы қыз тәрбиесін зерттей отыра, қазіргі кездегі тәрбиеге көңіл бөліп, қыз тәрбиесіндегі басты белгілер мен қағидаларды анықтау өзекті мәселе болып отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет