Бастауыш сыныпты ќазаќ тілі сабаќтарында


ІІІ. Пысықтау жаттығулары



бет14/16
Дата20.01.2023
өлшемі314,5 Kb.
#165976
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Ана тілі сабақтарында көрнекі құралдарды пайдаланудың тиімділігі

ІІІ. Пысықтау жаттығулары. Мысалы, оқулықтағы 143 – жаттығу.
Қосымша жаттығу үлгілері. Жақшадағы көп нүктенің орнына кім? не? сұрақтарының тиістісін қойып, көшіріп жазыңдар.
Шана /…/, бала /…/, жүргізуші /…/ .
Қалаған уақыттың көлеміне сай оқушылардың ойлау қабілетін дамытатын, әрі өткен материалды байытатын жұмбақ шешу жұмысын жүргізу де артық болмайды. Мысалы:

  1. Көк ала костюм киеді.

Күннің көзін сүйеді. /Қарбыз./

  1. Қабат – қабат қаттама,

Ақылың болса, аттама. /Кітап./


ҚОРЫТЫНДЫ

ХХІ ғасырдың бәсекеге қабілетті, зерделі, дарынды адамын тәрбиелеу бағытындағы үздіксіз білім беру мәселесі мемелекетіміздің басты назарында. Қазақ тілін оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу, оқу - әдістемелік жүйені жаңаша ұйымдастыру заман талабы болып отыр.


Сондықтан қазіргі таңдағы педагогика жаңалықтарын, қазіргі қолданылып жүрген пән ерекшеліктеріне қолдана білу – қазақ тілін оқыту мақсатына жетудің бірден – бір жолы.
Диплом тақырыбы баланы субъект ретінде оқуға қызықтыратын, қабілетін арттыратын, ойлау дағдыларын жетілдіретін көрнекі құралдарды пайдаланудың тиімді жолдарын қарастырады.
Диплом жұмысында бастауыш сыныпта қазақ тілі сабағында қазіргі кезеңде қолданылып жүрген түрлі көрнекі құралдарды пайдаланудың теориялық негіздері ашылды және оларды пайдаланудың жолдары, методологиясы көрсетілді.
Оқу үрдісінде қолданылып жүрген көрнекіліктердің тарихына, осы мәселе саласында жарық көрген еңбектерге шолу жасалынып, әр ғалымның ой – пікірлері беріліп талдау жасалына кетті.
Көрнекі құралдарды пайдаланудың әдістемесі психологиялық, дидактикалық принциптерді негізге ала отырып белгіленбеген жағдайда нәтижелі болмақ емес.
Осы орайда бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабақтарында көрнекі құралдарды пайдаланудың психологиялық, дидактикалық негіздері басшылыққа алына отырып зерттелген.
Көрнекі құралдарды пайдаланудың маңызы және көрнекі құралдарға қойылатын әдістемелік талаптар арнайы қарастырылып, қазақ тілі пәнінің бағдарламалық тақырыптарына арналған сабақтардың қай – қайсысы болса да, көрнекі және техникалық құралдарды қолданбайынша табысты өтуі мүмкін емес.
Қазіргі бастауыш мектепте қолданылып жүрген көрнекі құралдардың түрлері зерттеліп, анықталды.
Қазақ тілі мұғалімдері қазақ тілін оқытуда жиі қолданатын көрнекі құралдарды зерттеп, оларды сабақта және сабақтан тыс жұмыстарды тиімді пайдаланып отыру, үшін олардың қандай түрлері бар екенін кей жағдайда қолдан жасап пайдаланудың да жолдары көрсетілді.
Бастауыш сынып оқушыларына қазақ тілінің дайын ережелері мен анақтамаларды механикалық түрде меңгерту, фактілерді жадағай жаттау не есте сақтау практикасынан арылу үшін көрнекі құралдарды тиімді пайдаланудың маңызы зор.
Қазақ тілі мұғалімі көрнекі құралдарды оқыту талаптарына сай пайдалану үшін оған қойылатын талаптарды білуі қажеттілігі ескеріліп, диплом жұмысы зерттеу мақсатына жеткен.
а) көрнекі құрал таза (әріптері анық, жазуы сыныпқа түгел көрінетіндей) үлкен ватман қағазға жазылуы керек;
ә) материалдардың негізгі белгілері (әріптер мен сөздер, назар аударылыпотырған объектілер) қызыл сиямен, қалғандары қара сиямен жазылуы керек;
б) көрнекі құралдарда шартты белгілерді орынсыз көп қолдана беруге болмайды;
в) көрнекі құралда берілген мәтіндер мен мысалдардың мазмұнына қарап, оқушы белгілі бір ережені өздері – ақ айта алатындай болуы керек;
г) әрбір көрнекі құрал жеңілден ауырға, оңайдан күрледіге, белгіліден белгісізге көшу принципіне негізделе отырып, жазылуы керек;
Сонымен қатар, қазіргі таңда үлгілі мектептерде пайдаланылып жүрген дыбыстық аппаратарды диктант жұмысына магнитафонды пайдалану, проекциялық аппараттарды, кодаскопты, оқушылар білімін тексеруде компьютерді пайдалану жолдары да анықталды.
Түрлі көрнекі құралдарды пайдалана отырып, сабақ ұйымдастыру жолдары, сабақ үлгілері арқылы берілді.
Жалпы қазақ тілі сабағында көрнекі құралдарды молайтып жіберудің қажеттілігі аз. Олармен сабақ сайын көп әуестену, бір сабақта үйіп – төгіп қолдану олардың әсер етушілік күшін әлсіретіп жібереді.
Қазақ тілі сабағында көрнекі құралдарды тиімді пайдалану жолдары зерттеліп, өз ой – пікірлері айтылып, бастауыш мектеп мұғалімдеріне ұсыныстарда айтыла кетті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет