1.Білімгердің аты-жөні; Ерғожа Мерей
2.Курсы, тобы, білім беру бағдарламасы; Жаратылыстыну жоғары мектебінің химия-биология 2 курс студенті
3.Практикадан өткен орны, практика базасы туралы жалпы мәліметтер; Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің екінші оқу ғимараты
4.Бағдараламаға сәйкес орындалған жұмыс мазмұнының қысқашасипаттамасы; Оқу практикасының алғашқы күні түсіндерме конференция өтті. Оқу практикасының мақсаты, мазмұны, студенттердің міндеті, қауіпсіздік шаралары жөнінде түсіндірме жұмыстар жүргізілді. Конференция барысында жетекшіміз, Аида Макеновна, оқу практикасының барысымен, қажетті құжаттамалармен таныстырды. Жәндіктерді қалай ұстау керек екендігі туралы мәлімет беріп, оларда ұстауға арналған құрал-жабдықтарды жасау тапсырма ретінде берілді. Барлық құралдар дайын болғаннан кейін жәндіктерді ұстауға кірістік. Оларды сачокпен ұстап, банка ішіне кіргіздік. Банканың қақпағына дихлофос себу үшін губка орнатылған болатын. Дихлофосты тікелей жәндіктерге себуге болмайды. Себебі, олар бірден түстерін өзгертіп, шіріп кетеді. Сонымен қатар, банка толғанша барін сала беруге болмайды. Жәндіктер есінен танғаннан кейін, оларға ине қадап пенопластқа қадаймыз. Дұрыс қатуы үшін жәндіктердің қанаттарын, аяқтарын ашып қойдық.
Жалпы жәндіктерді қаланың көптеген жерлерінен ұстадық. Басында жәндіктерді университеттің аумағынан ұстадық. Кейін көгалданған жерлерден ұстауды үйғардық. Жасыл шөптері көп жерлерден, Қаратал аумағынан, Бақтыбай және Ынтымақ ауылдарынан жинадық. Мамырдың жиырма алтысы Текелі қаласына бардық. Бастапқыда Текелінің табиғатына экскурсия жасап, түскі уақытта әлденіп алдық, кейін бірден жұмысымызға кірістік.Текеліде шегірткелер өте көп болды, бірақ көбісі ұсақ болды.Біз мұқият қарау, тыңдау артылы үлкендерін ұстауға тырыстық. Әр түрлі көбелектерді де көрдік. Оларды сабырмен, шыдамдылықпен жүріп ұстадық.Судың жағасынан 1-2 ханқазан ұстадық.Сонымен қатар,гербарийге көптеген гүлді өсімдіктердің түрлерін тауып, оларды тамырымен қазып алдық. Бір түрдің үш данасын алдық, себебі дұрыс кеппеген жағдайда оларды алмастыру керек болды.
Келесі күндері Текеліден жинаған өсімдіктер мен жәндіктерді фиксациялауға дайындадық. Өсімдіктерді китап, газет ішіне ынғайлы формаға келтіріп салылдық. Олардың тығыз орналасуы маңызды болды. Себебі, тығыз орналасқан өсімдіктер тез кебеді әрі жабыстырғанға ынғайлы болады.Өсімдіктерді көлеңкеде кептіруде маңызды болды. Олай кептірмеген жағдайда олар қурап қалатын еді. Өсімдіктер кепкеннен кейін оларды А3 қағазына жабыстырып бетін пергамент қағазбен жаптық.Осылайша, топшамызбен 15 данадан тұратын гербарий жасадық. Ал жәндіктер кепкенше оның қорабын дайындадық. Кейін жәндіктердің қанаттарына, аяқтарына, түстері мен мөлшеріне қарай түрлері мен жыныстарын анықтадық.Оларды қорапқа орнатпас бұрын барлығын өлшеп эскизін жасап алдық.Барлығын жақсылап орнатып соңынан рамканы жабыстырдық. Әдемі коллекция жасау қолымыздан келді.
Барлық тапсырманы асықпай, тиянақты жасадық. Тобымызда бір-бірімізге көмектесуден бас тартпадық. Практика аралығында кездескен қиындықтарға да мойымадық.Ынтамыздың, еңбегіміздің, бірлігіміздің арқасында гербарий мен жәндіктер коллекциясын жасай алдық.
5.Бағдарлама тарауларының (егер бар болса) орындалмағаны, оның себептері; Біздің барлық тапсырмамыз орындалды, сәтті орындалды деседе болады. Бірлесіп көтерген жүк жеңіл екендігін тағы бір мәрте дәлелдедік.
6.Практика барысында туындаған қиындықтар; Әрине әр істің өз қиындығы болады. Дегенімен біз олардың шешімін таба білдік.Бастапқыда жәндіктерді ұстау қиынға соқты ,кейін оларды ұстауды үйреніп алдық.Оларды ұстап жинау күнделікті іске айналды. Кейіннен туындаған қиындықтар желдің соғуы, ауа райының күрт өзгеруі болды.Ауа райының әсерінен біраз жәндіктер тығылып қалды және күннің кеш жылынуына байланысты жәндіктер өте ұсақ болды. Барынша қиындыққа бой бермей, өзіміз ойлағаннан да жақсы жұмыс атқардық.
7.Негізгі қорытындылар мен ескертулер, практика өткізілуі мен ұйымдастырылуы туралы ұсыныстар; Жалпы қорытындай келе, екі аптаға созылған практика аралығында біз көптеген нәрсе үйрендік. Мысалы: өсімдіктер мен жәндіктерді қалай дұрыс ұстау керектігі,оларды дұрыс фиксациялап кептіру жолдарын, жәндіктердің белгілеріне қарап аталық-аналығын анықтауды меңгердік.Гербарий мен коллекция жасауды үйрендік.
фото
Практиканың соңғы күні қорытынды конференция өтті. Конференцияда біз екі апта бойы жинап, жасаған коллекциямыз мен гербарийді, күнделігімізді, есебімізді қорғадық.Осылайша, екі аптаға созылған оқу іс-тәжірибеміз өз мәресіне жетті. Менің ойымша, бұл практика менің білімім мен біліктілігімнің артылуына өз үлесін қосты.