Бастауыш сыныпты ќазаќ тілі сабаќтарында


ІІІ. Оқушылардың байланыстырып сөйлеуін дамыту



бет9/16
Дата20.01.2023
өлшемі314,5 Kb.
#165976
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16
Байланысты:
Ана тілі сабақтарында көрнекі құралдарды пайдаланудың тиімділігі

ІІІ. Оқушылардың байланыстырып сөйлеуін дамыту.
“Біздің көше” деп аталатын сурет бойынша әңгіме. (мұғалім өз мүмкіндігіне орай басқа суретті пайдалануына да болады.)
Суреттің мазмұны: Көше. Қаз-қатар тізілген үйлер. Тал, қайың, теректер өсіп тұр. Көшеде әртүрлі машиналар өтіп барады. Арқаларына сөмке асынған екі бала мектептен қайтып келеді.
Ең алдымен, әдеттегідей балаларға ат қойылады. Содан соң сурет бойынша мұғалімнің көмегімен оқушылар ауызша әңгіме құрастырады.
Мұғалімнің сұрақтары:

  • Суретте не бейнеленген?

  • Көше бойында нелер бар?

  • Ағаштарды жеке-жеке атаңдаршы?

  • Жол бойымен нелер кетіп барады?

  • Сабақтан қайтып келе жатқан кімдер? т.б.

ІҮ. Үйге тапсырма: “Біздің көше” деген тақырыпқа өз көшелерің туралы 4-5 сөйлемнен әңгіме жазып келіңдер. Әңгімелеріңді кім? не? кімдер? нелер? деген сұрақтарға жауап беретін сөздер болсын.


Тақырыбы:
Кім? деген сұраққа жауап беретін сөздер.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға кім? кімдер? деген сұраққа жауап беретін сөздер туралы жалпы түсінік беру. Жеке кісі аттарының кім? деген сұраққа жауап беретінін ұғындыру. Туыстық қатынасты білдіретін сөздерді үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: кесте, суреттер, үлестірмелі қима қағаздар.
Сабақтың барысы: І. Кім? кімдер? деген сұрақтарға жауап беретін сөздер туралы жалпы түсінік беру.
Бұл тақырып – екінші сынып оқулығындағы күрделі тақырыптардың бірі. Сондықтан оны үйретуге 3 сағат уақыт бөлеміз. Оқыту әдісі жинақтаудан даралауға қарай, содан соң керісінше, даралаудан жинақтауға қарай жүргізілуге тиісті. Алдымен оқушыларға кім?кімдер?деген сұрақтарға жауап беретін сөздердің топтары туралы жалпы түсінік беріп аламыз. Ол үшін тақтаға төмендегідей кесте ілінеді.

Кім? (кімдер?) деген сұрақтарға жауап беретін сөздер

Кісі аттары

Мұрат, Ержан, Дәулетұлы, Жамал, Айгүл т.б.

Туыстықты білдіретін сөздер

Ата, апа, әже, аға, іні, қарындас т.б.

Мамадықты, жұмыс түрін білдіретін сөздер

Қойшы, ұста, жүргізуші, сауыншы, етікші, оқушы т. б.

Адамға байланысты айтылатын сөздер

Адам, кісі, бала, қыз, дос, бөбек т.б.

Мұғалім кім? кімдер? деген сұрақтардың адамдарға қатысты сөздерге ғана қойылатынын айтып өтеді. Содан кейін оқушылардың назарын тақтаға аударып: - Адамға қатысты сөздер қандай болады? - деп сұрақ қойп алады да, ол сөздердің кестеде көрсетілген негізгі топтарын өзі түсіндіреді.


Оқушылар жалпы түсінік алып болған соң, олардың қалай ұғынғандарын тексеру мақсатымен бірнеше сұрақтар қойылады:

  • “Болат – жақсы оқушы” деген сөйлемдегі Болат сөзіне қандай сұрақ қойылады. (-Кім? деген сұрақ қойылады.)

  • Себебі? (- Ол – адамның аты.)

  • Ал осы сөйлемдегі оқушы сөзіне қандай сұрақ қойылады? (- Кім?)

  • Себебі? (- Ол – мамандықты білдіретін сөз. Оқу – біздің жұмысымыз.)

Осы үлгімен әже, бөбек сөздеріне де сұрақ қойғызып, олардың қай топқа жататынын айтуға болады. Уақытты үнемді пайдаланып, төмендегідей жаттығу орындатқан жөн.
Сөздерге сұрақ қойыңдар. Төменде берілген топтарға бөліп жазыңдар:
Тәте, Сәуле, ғарышкер, нағашы, Қалауова, жігіт, спортшы, азамат.

  1. Кісі аттары:

  2. Туыстықты білдіретін сөздер:

  3. Мамандықты білдіретін сөздер:

  4. Адамға байланысты сөздер:

Осы үлгідегі жаттығуларды орындап болған соң, кестедегі кім?кімдер?деген сұрақтарға жауап беретін сөз топтарын жеке-жеке үйретуге көшеміз.
ІІ. Кісі аттарының кім? деген сұраққа жауап беретінін ұғындыру.
Бұл мәселе жаттығу жұмыстарын орындату арқылы жүзеге асады. (мысалы оқулықтағы 147-жаттығу)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет