Пәні: Сауат ашу
|
Мектеп: Х. Досмұхамедұлы атындағы орта мектеп
|
Күні: 30. 01. 2017
|
Мұғалімі: Дайрабаева Айдана Талапқызы
|
Сынып: 1 « Г »
|
Қатысқандар саны: 21
|
Қатыспағандар саны:-
|
Сабақтың тақырыбы
|
Табиғатқа саяхат. П п дыбысы мен әрпі (3 сағаты)
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары
|
1.2.1.2 оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу
1.2.2.1 Мәтінде автордың кім (не) туралы айтқысы келгенін түсіну.
1.1.9.1 Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау.
1.1.8.1 Берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту
|
Оқу мақсаты
|
Барлық оқушылар орындай алады: П п дыбысы мен әрпін таниды.
|
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Дыбыстық талдау жасап, суреттегі сөздердің атауын жаза алады.
|
Кейбір оқушылар орындай алады: Берілген сюжет бойынша шағын әңгіме құрап айта біледі.
|
Тілдік мақсат
|
Оқушылар орындай алады: Сабақ бойындағы берілген тапсырмаларды орындауға жұмыстанады.
|
Тірек сөздер:
|
Кептер, парта, жапырақ, піл, қапшық, қолғап
|
Талқылауға арналған сұрақтар:
|
Талап үйге нені алып келді?
Оның жаралы жеріне не жақты?
Оны қайда салды?
Оның алдына не қойды?
Жазылған кептерді қайда ұшырды?
Ол қалай ұшты?
Талап, кептердің жазылып ұшқанына не істеді?
|
|
Неге екенін айта аласыңдар ма?
|
Талап қандай бала деп ойлайсың?
Неліктен? Осындай жағдай сенің өміріңде кездесті ме,
|
Алдыңғы оқу
|
П-дауыссыз, қатаң. Сөздің басы, ортасы, соңында келетіндігін біледі.
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
5 минут
Сабақтың ортасы
8 минут
6 минут
2 минут
8 минут
4 минут
7 минут
|
І. Өткенді пысықтау (МК) Конверттегі сөздер
Апан, кептер, апа, әріп, арпа, қақпан, пана, әдеп, теппе, сап, атпа, ақпан.
-Оқушылар конверт ішіндегі сөзді оқып, буынға бөледі, «п» дыбысы сөздің қай бөлігінде келгендігін айтады.
1-тапсырма: Оқылым. (МК; Ө; Қ) Мәтіндегі негізгі ойды түсініп, автордың не туралы айтқысы келгенін түсіну білігін бағалау.
(Аудиожазбадан мәтінді тыңдату, сұрақтарға оқушылардан жауап алу, 3-4 оқушыға мәтінді оқыту).
Жаралы кептер
Талап жаралы кептерді үйге алып келді. Жараланған жеріне йод жақты. Кептерді қорапқа салды. Алдына жем, су қойды.
Талап жазылған кептерді далаға ұшырды. Көк кептер әуелеп ұшып кетті. талап қатты қуанды.
«Сұрақ менен жауап сізден» әдісі арқылы жабық және ашық сұрақтар қойып оқушылардан жауап аламын.
Талап үйге нені алып келді?
Оның жаралы жеріне не жақты?
Оны қайда салды?
Оның алдына не қойды?
Жазылған кептерді қайда ұшырды?
Ол қалай ұшты?
Талап, кептердің жазылып ұшқанына не істеді?
Талап қандай бала деп ойлайсың?
Неліктен? Осындай жағдай сенің өміріңде кездесті ме?
Оқушылар сұрақтарға өте жақсы жауап берді. Кейбір оқушылар тыңдалымнан кейін өз түсінгендерін айтып жеткізді.
2-тапсырма: «Түртіп алу» әдісі. Дәптермен жұмыс(Ө; Қ) Дыбыс түрлерін ажырату білігін бағалау.
|