Дескриптор: Білім алушы:
-сурет бойынша әңгіме құрастыра алады;
-кейіпкерлерге ат қоя біледі;
-жыл мезгілдерін ажырата алады.
(Әрбір топ өз жұмыстарын қорғап, «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалады. Осы тапсырманы орындауда оқушылардың бойында суретке қарап отырып әңгіме құрастырып айтып беру (айтылым) дағдысы жақсы дамыған.
4-тапсырма: Буындардан сөз құрастыру.
Дәптер, өрнек, кітап, терек
Оқушылар буындардан құралған сөздерге сөйлем ойлап, тақтаға жазады.
(Жұлдызшамен бағалау) Осы жұмысты орындау арқылы оқушылардың тақтамен жұмыс жасап жазуда әліде қадағалауым керек екенін білдім.
5-тапсырма: топтық жұмыс «Бірге ойлаймыз» әдісі
1-топ: П п дыбысына қатысты сөздерді жазу
2-топ: П дыбысына қатысты сөздерді буынға бөліп жазып көрсету.
3-топ: Табиғат бейнесінің суретін салу.
4-топ: П дыбысына қатысты сөздерге сөйлем құрастыру.
(Әрбір топтың жауаптары өз деңгейлерінде болды. Топтар жұмыстарын «Басбармақ» әдісі арқылы бағалады)
Конверт
Аудиожазба
Интерактивті тақта
Жұмыс дәптер
Суреттер, интерактивті тақта
Сергіту сәтіне арналған жинақ
Әр топқа суреттер
Электронды оқулық.
А3 қағаз, түрлі түсті маркерлер
|
Сабақтың соңы
5 минут
|
Сабақты қорыту. «Кезбе тілші» әдісі
-П қандай дыбыс?
-П дыбысына қатысты қандай сөздер білесің?
-П дыбысы қандай текшемен белгіленеді?
-П дыбысын толытай айтып бер.
-Парта сөзіне сөйлем құрай аласың ба?
-Қолғап деген сөзде «п» дыбысы сөздің қай бөлігінде орналасқан?
- Жапқыш сөзінде қанша буын бар.
Кері байланыс
|
Микрафон
|
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?
|
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?
1.Әріпті толық түсініп, сабаққа белсене араласты:
Барлық оқушы Пп дыбысын толық танып отыр.
2. Топтық жұмыстың қорытындысы:
Топтық жұмыс кезінде «П» дыбысына қатысты сөздерге сөйлем құрауда 4 топ екі сөйлеммен ғана шектелді. Қалған топтар тапсырманы жақсы орындады.
3.Жазба жұмыстардың қорытындысы:
Көпшілік оқушы берілген суреттердің атауын жазып, дыбыстық талдау жасай алды.
|
Пәнаралық байланыс
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)
|
Қолдау көрсету.
Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
|
Сабаққа жақсы араласқан оқушыларды смайликтер, жұлдызшалар арқылы мадақтау.
|
Математика
Дүниетану, көркем еңбек
|
Рефлексия
|
Аудиожазбадан мәтінді тыңдаған соң өз түсінгендері бойынша сұрақтарға өте жақсы жауап берді. Оқушылар кейіпкердің орнына өздерін қойып, ойларын жақсы жеткізе білгендіктеріне риза болдым.
Қабілеті жоғары оқушылар топқа берілген сюжетті суретке әңгіме құрастыруда өз ойларын сыни тұрғыда ойлана отырып жауап берген тұсы сабағымда сәтті шықты.
Сыныптағы оқушылардың біреуінен басқасы дыбыстық талдауды жақсы меңгергендіктерін дәптермен жұмыс жасау кезінде байқата білді.
«Бірге ойлаймыз» әдісі бойынша шығармашылық жұмысты әр топ оқушылары өз деңгейлерінде қорғап шықты. Оқушылардың бүгінгі сабақты қаншалықты меңгергендіктері «Кезбе тілші» әдісі арқылы және кері байланыс арқылы білінді. Тілекқабыл атты оқушым сабақ барысында сөзге сөйлем ойластыру қиындық туғызғанын кері байланыс арқылы көрсеткен.
Сабақ өз мақсатына жетті, себебі, сабақ басында қойылған мақсаттарға жете білдім.
Сабағымның әлсіз тұсы кейбір оқушылардың сөйлем құрастыру деңгейінің орташа болуында. Алдағы сабақтарымда сол оқушылармен жұмысты жандандыра білсем, ол оқушылар да бұл тапсырманы орындауда қиындық көрмейтін болады.
Уақытты тиімді пайдалана алдым.
|