Сабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



бет1/2
Дата24.09.2024
өлшемі89,62 Kb.
#205027
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
24саб


Бекітемін: _____________ Қысқа мерзімді жоспар Қазақ тілі

Бөлім:

10. Саяхат және демалыс. Синтаксис

Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты :

Турдалиева М

Күні:


Сынып: 5 ж

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Нәтиже сабақ

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

5. 2. 4. 1 ауызекі стильдегі мәтіндердің мазмұнын, тақырыбын және тілдік құралдарын салыстыру;
5. 3. 3. 1 сюжетті суреттердің (фотосуреттер) желісі бойынша әңгіме құрастыру;

Сабақтың мақсаты

Ауызекі стильдегі мәтіндердің мазмұнын, тақырыбын және тілдік құралдарын салыстыра алады. Сюжетті суреттердің (фотосуреттер) желісі бойынша әңгіме құрастыра алады;

Құндылықтарға баулу

Ұлттық мүдде құндылығы: қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, қоғам игілігі үшін қызмет ету.
Ар-ұят құндылығы: адал еңбекті құрметтеу, сөзіне берік, ісіне адал болу, шешім қабылдай білу және жауапкершілікті сезіну.
Талап құндылығы: Салауатты өмір салтын ұстану. Білуге, жаңаны тануға құштарлық, сыни және креативті ойлау, дұрыс қарым-қатынас орната білу.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//
уақыты

Педагогтің әрекеті

Білім алушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басталуы
5 минут

Сабақтың ортасы


7 минут

8 минут


15 минут

5 минут



Сабақтың соңы
5 минут

Оқушылармен амандасу, қатысуын түгендеу.
1.Психологиялық ахуал қалыптастыру
«Бір-бірімізбен амандасайық»
1-тапсырма
Ойтүрткі
«Саяхат: кеше, бүгін, ертең» деп аталатын төмендегі диграмманы толтыр. Сол бойынша пікір алмасыңдар.




2-тапсырма
Төмендегі екі мәтінді мазмұн, тақырып жағынан салыстыр. Әр мәтіндегі тілдік құралдардың айырмашылығын анықта.


Мәтіндерді салыстыру

1 -мәтін

2- мәтін

Тақырыбы





Мазмұны







Тілдік құрал ( ауызекі сөйлеу стиліне тән сөз тіркестері)





1-мәтін
Сұхбат
-Құрметті Сабыр Шәріп мырза,қазіргі таңда Қазақстанды туризм орталығына айналдыру туралы мәселе көтеріліп отыр. «Алыстан арбалағанша,жақыннан дорбала»деген қазақ мақалына сай, өз елімізде де демалатын орындар жетерлік емес пе? Осы орайда өз пікіріңізді ортаға салсаңыз.
-Иә, дұрыс айтасыз. Қазақстандағы туризмнің келешегі зор. Оның басты себептерінің бірі - географиялық және табиғи шарттар. Жазғы маусымда қазақстандықтар демалыс орындарында демала алады. Бурабай демалыс аймағы өзінің сұлулығы, көлдерінің молдығымен, жасыл желегімен және жануарлар әлемімен - «Қазақстан інжуі» деген поэзиялық атауға ие. Бурабайда тыныс алу мүшелерін және асқазан-ішек жолдары, жүрек-тамырлары жүйесі, тірек-қозғалыс аппараттарының ауруларын емдейді. Бурабай өзінің қымызымен, емдік лайларымен және минералды суымен танымал. Курорттағы ауа, керемет, дала шөптері мен қылқанды орман иісімен қаныққан таза ауа.
2-мәтін
Түске қарай тізбектелген топ кішкентай тоғайға келіп кірді. Тоғай іші салқын, көлеңке, майда шөбі кілемдей ға жап екен. Биік ағаштардың жапырағы сыбдырлап, самал жел бойыңды балқытады. Мөлдір бұлақтың суына қанып алып, көк майсаға аунап ойнады. Шамалы демалып, тамақтанып алған соң, тоғайдан шығып, таудың етегі не жетті.
О-о-го-го- гоо! – деді бәрі тауға қарап. Таудың етегі жасыл шөппен, қызыл сары гүлмен көмкерілген. Ал ортасынан төбесіне қарай жалпақ, жылтыр тастар жауып жатыр.
Та-ау! Біз саған келдік-ау! – деді Үрпек. – Сен сондай әдемісің. Тақияң аппақ бұлттан, жейдең қоңыр тастан, етегің ғажап гүлден жасалыпты.
Үрпек, сен қалай дұрыс тауып айттың. Үлкендер сияқты ойлайсың, – деп өзінен басқаны мақтай алмайтын Мимидің өзі таң ғала мақтап жіберді. Айнала тегіс көрінеді екен. Әне, анау – өздері демалған тоғай. Анау – көпірінен әрең өткен өзен. Анау – өз ауылдары. Таудың арғы бетінде суы айнадай жарқырап көл жатыр. Табиғат барлық сәнін көрсетіп, мол шуағын төгіп тұр. Достар таңғала қарап тұр.
Сенің тауың қандай керемет! – деді Үрпек.
Бұл – бәріміздің тауымыз! Біздің әлем! – деді Жебе.

3-тапсырма
Жаздың шуақты күні жанұяңызбен бірге саяхатқа бардың. Суретке қарап, алған әсеріңді сипаттап жаз. Жазба жұмысыңда төл сөздерді келтіріп, тыныс белгілерін дұрыс қолдан.






Қорытындылау
1.«Саяхат және демалыс» бөлімі бойынша не үйрендің, не білдің?
2. Бөлім бойынша қандай сұрақтарың бар?






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет