Дәрістің мазмұны
1.Психотерапевт тұлғасы.
2.Тұлға аралық қарым-қатынас дағдылары.
Қазіргі уақытта психотерапиямен психологиялық салада білім алған адамдар саны өте көп. Бұл адамдар тобы психотерапия курсын өтпесе де өздерін адамдарға көмек тесе алатындай сезінеді. Шынында да бұл кездейсоқ көмектесуі мүмкін, ал кейде жоқ. Сонымен қатар. Қарым-қатынас дағдыларын игерген адамдар да психотерапияны табысты өткізуі мүмкін.
Жақсы психотерапевт тұлғасының қандай болуы керек екенін айту өте қиын 1947ж АҚШ психологиялық комитеті клиникалық психология саласында Жақсы психотерапевт тұлғасына 15 сипаттама берді. Хольт және Луборски бұл сипатамма санын 25 дейін созды. Жақсы психотерапевт деп адамдарға пайдасы бар адамдарды айтамыз. Психотерапия тұлғааралық процесс болғандықтан клиенпен жұмыс кезінде тиімді әдістерді қолдана алу қажет. Ал тұлға аралық қарым-қатынас процесін іштей интуитивті сезетін терапевт алдына үрейлі мәселесімен келіп отырған адамды түсіне алмай, оған деген жауапты өз мойына алмауы мүмкін.
Тұлға аралық қарым-қатынас дағдылары.
Білікті терапевт клиентке ұнамды атмосфера орната алуы қажет.Оны Орлинский психотерапия аффирмациясы деп атады. Яғни терапевт жағымды зейін деген мағына береді.Тиімді терапия кезінде клиент өзіне деген зейін мен қолдауды сезінеді.Тиімді терапияның 3 категориясы психотерапевтпен қабылданған:
терапевттің шынайылығы;
конфиденциялдылық;
эмпатия.
№3 дәріс
Достарыңызбен бөлісу: |