Бастауышты оқыту педагогикасы және әдістемесі”


Тақырыбы. Психотерапия процесі мен теориялары



бет16/47
Дата10.10.2020
өлшемі0,52 Mb.
#64423
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   47
Тақырыбы. Психотерапия процесі мен теориялары.

Дәріс мазмұны

  1. Тұлғаның динамикалық теориялары.

  2. Психотерапияның стратегиясы және тактикасы.

Тұлғаның динамикалық теориясы адамның мінез-құлқын түсінуде психоаналитикалық бағытта анық байқалады. Психотерапияның теориясы мен практикасында тұлғаның динамикалық теориясының үш элементі маңызды орын алады: бейсаналылық түсінігі, конфликт пен қорғаныс түсінігі және «Меннің» уайымдаушы мен бақылаушы түсінігі.

Бейсаналылық

Адамның өзіне есеп бере алмайтын ойлары мен сезімдері мүмкіндігін түсінігімен байланысты. Сана аймағында жоқ ойлар мен сезімдер үнемі адамның іс-әрекетіне әсер етіп отырады және адам кей іс-әрекеттерінің себептерін білмеуі де мүмкін. Мысалы, ер адам жұмыс бабымен көтеріліп жатқан кезде өзінің қызметтік міндеттерін орындауға деген жауапкершілігі күшейіп кеткеніне өзі таң қалып, әкесінен гөрі мансабының сәтті болуы үшін қорқынышы бар екенін мүлдем сезінбеуі мүмкін.

Бірақ бейсана әсер еткен мінез-құлық әрекеті үнемі жағымсыз нәтиже әкелмейді. Әйел адам өзінің әкесіне ұқсас ер адаммен тұрмыс құрса, онда ол өкінбейтіндей таңдау жасауы әбден мүмкін. Басқа жағынан алып қарағанда адам өзінің санасыз мотивтерімен қаншалықты шешім қабылдаса, психологиялық проблемаларға және бейімделудегі қиындықтарға соншалық кезігуіне тәуекел бар. Адам өзінің сезімдерін түрлі көзқараспен талдай келе қажеттілігіне сай әрекетті таңдайды.

Бейсаналылықты анық және ішкі (скрытое) сипатына бөлу арқылы түсіндіруге болады. Анық мінез әрекеті тікелей бақыланатын болса, ішкі-бақыланатын мінез-құлықтың астарындағы мінез әрекеті. Клиенттің өзінің анық және ішкі әрекетін шектеуі психотерапевтке клиенттің мотиві туралы құнды ақпарат алуға болады. Мысалы: клиент сеансқа кешігіп келсе, ол оны жолдағы кедергілермен түсіндіреді. Мүмкін кедергі болған шығар, бірақ клиент өзінің кешігуінің басқа себебін саналы сезінбейді. Ал оның ішкі мінез көрінісінде психотерапевттің өткен сеанста кешіккені үшін мен ақша төлеуім керек емес деген ашуы болуы мүмкін, бұл бейсаналы ішкі сөзінен білінеді: Егер сізді менің проблемам шынымен ойландырса, сіз кешікпей уақытында келер едіңіз.

Осы мысал көрсеткендей психотерапиядағы өзгерісті бағыттың бірі-санасызды саналы сезіну. Ішкі санасыз ойларды анықтау арқылы психотерапевт клиеттің өзіндік санасын кеңейтуге көмектеседі. Өзіндік санасының кеңеюі клиенттің ішкі ойларын, келіспеушіліктерін, үрейленушілігін бақылауға және өзін конструктивті ұстауға мүмкіндік береді.

Конфликт және қорғаныс механизмі

Конфликт пен қорғаныс механизмі тұлғаның динамикалық теориясында үрейленуден қашуға деген мотив ретінде қарастырылады. Мұнда қоғамның талабына сай емес санасыз тілектері бар адамдар келіспеушілік үрейленушілікті тудырады деп ойлайды. Мысалы: өз анасына жағымсыз сезімі бар, бірақ қызы анасын жақсы көру керек деген парызды есте ұстайтын әйел адам анасының қасында өзін қолайсыз сезінеді.

Үрейлену жағдайы жағымсыз болғандықтан, адамдар қандай әдістермен болса да қорғанып сол сезімді жоюға тырысады. Жоғарыда айтқан мысалды әрі қарай өрбітететін болсақ әйел адам анасымен бірге болғандағы қолайсыздық сезімінен арылу үшін анасымен кездесуден қашады немесе анасын жақсы көретінін, қайырымды екенін көрсетуге тырысады. (реакция қалыптастырады)

Кейде осы қорғаныс үрейленуден болатын келіспеушіліктен арылуға көмектеседі. Бірақ қорғаныс реакциясы симптом формасын алса, үрейлену жағдайына әкелетін дезадаптация болуы мүмкін. Анасына деген жағымсыз сезімін жоюға тырысққан әйел адам анасымен ұзақ қарым-қатынастан болған бас ауруы пайда болады, бұл яғни жоғарыда айтылған реакция қалыптастырудан болған симптон. Бұл келіспеушілік бейсаналы түрде өткенімен персонаж өзімен сондай құбылыстар не үшін болатынын түсінбейді, бірақ сол жағдайды жақсартуға тырысады. Психотерапевттің міндеті – осындай адамдарға өзі қорғанатын ішкі қажеттілігін зерттеп, саналы сезіндіруге көмектесу болып табылады. Психотерапевт адамға конфликт себебін ашып, мінез-құлқын саналы басқаруға, психологиялық жағдайын жақсартуға тырысады.

Өзіндік уайым және өзін-өзі бақылау

Тұлғаның динамикалық теориясында адамды өзінде болып жатқан жағдайларды уайымдауға және өзін-өзі бақылап отыратын қабілеті бар деп қарастырады. Бұл екі қабілет адам бойында көрінгенмен тұлға типіне байланысты біреуімен ғана іс-әрекет жүзеге асады. Біреулерде «уайымдағыш» қабілеті болса онда: олар өзіндік анализбен айналыспай, не сезеді соны сезінеді, не істейді соны іс қылады. Ал кейбіреулер «бақылаушылар» олар: өзінің ішкі тілектерін ойланып, сезімі мен көзқарастарының бұрқ етіп көрінуіне жол бермейді. Өзіндік уайым мен өзі-өзі бақылау жағымды адаптацияға әкелуі мүмкін емес. Нағыз «уайымдағыштарда» импульсивті ойланбаған іс-әрекет, интроспекцияның жеткіліксіздігіне деген тенденциялары болады, нағыз «бақылаушылар» шектен тыс өзін анализдеуге, реакциясы мен іс-әрекетіне келгенде өзін шектеуге бейім.

Психотерапевт клиенттің екі қабілетін де іске қоса білу керек. Өзін-өзі бақылауға бейім клиент психотерапевтпен өз іс-әрекетін жақсы талдайды, бірақ өзімен болып жатқан өмірлік тәжірибенің жаңа көзі болуы мүмкін сезімдерін бұрқ етіп шығаруға қабілетсіз, ал керісінше, «уайымдағыштар» сезімі мен көзқарасын өте жақсы көрсеткенімен уайымының мәнін түсінуге келгенде анализдеу қиынға түседі.

Сәтті психотерапия үшін клиент «Менінде» уайым мен бақылаушы арасындағы шекара қозғалмалы болғаны жөн.Тұлғаның қызмет аспектісі ретінде «Эгоның жарылуы» деп аталады. (ego split) Клиентке ойлануы мен бұрқ еткен сезімін және өзіндік сананы біріктіру қажет. Сонымен қатар психотерапевт көмегімен өзіне сырт көзбен қарап үйренуі керек. Психотерапия – оқу процесіне ұқсас, яғни клиент өзінің жағдайын жақсарту мен қатар өзі туралы жаңа білім алады.

Психотерапияның стратегиясы және тактикасы

Психотерапевттің жұмысы тиімді болу үшін өз қызметінің стратегиясы мен тактикасы туралы білуі керек. Стратегия – психотерапияның негізгі кезеңдеріне қойылатын мақсатқа байланысты, ал тактика – нәтижеге жету үшін пайдаланатын спецификалық әдістерге байланысты. Стратегия мынадай мақсаттарға байланысты болуы мүмкін: клиенттің өз ойын еркін білдіруге деген қабілеті; бейімделе алмауының негізгі себептерін саналы сезінуі; ойлау мен эмоционалды жауап қайтаруының жаңа әдістерін ашуы. Тактикаға терапевт не айтады, не істейтіні кіреді, соның ішінде: өзекті стратегиялық мақсаттың нәтижесі үшін қойылған сұрақтар, қорытынды ескертулер, мимика, пантомимика.

Психотерапевт стратегия мен тактиканы қай кезеңде болса да неге қол жеткізетінін білу үшін өте маңызды. Тактикасыз стратегия, стратегиясыз тактика болуы мүмкін емес. Егер психотерапевт нақты мақсат арқылы клиентке көмектескісі келсе, бірақ қабілеті жетпесе – бұл тактикасыз стратегия, ал егер терапевт алдына еш мақсат қоймай, жақсы сөздер таба алса терапияның болашағы жоқ яғни стратегиясыз такт.

Психотерапия үрдісі

Психотерапия әр түрлі адамдармен түрлі жағдайда өтсе де бәрінде бірдей даму стадиясы міндетті түрде болады.

Психотерапия клиенттің психотерапевтке жолыққан кезінен, мақсатқа бағытталған сұрақтарды шешуінен басталады. Психотерапиялық қарым-қатынастың бастапқы фазасы:

1) клиентің өзіндегі және өз өміріндегі қандай жағдайды өзгерткісі келетінін диагностикалау;

2) қажеттілігін бағалау, клиенттің мотивтері, емдеу курсы барысындағы клиенттердің мүмкіндіктері;

3) егер психотерапия керек болатын болса психотерапиялық контракт жасау;

Психотерапиялық контракт – терапия үрдісіндегі өзараәрекет, клиент пен терапевт арасындағы нақты мақсатты шешу, кездесуді ұйымдастыру туралы келісім.

Осы кезеңнен кейін психотерапияның орталық фазасы басталады. Бұл негізгі жұмыстың атқарылатын фазасы, яғни клиент ойларын анық айтып жеткізуі, психотерапевттің клиенттің ойын дұрыс түсінгені туралы ой талқылауы.

Осы фазада клиент психотерапевттің тыңдауына және түсінгенін талқылауына қарсылық көрсетеді. Қарсылық көрсетудің бірнеше көздері бар: клиенттің ролін орындаудағы немесе өзгеруге деген ішкі барьер (психотерапиялық әсерге қарсылық көрсету), тұлға стилінің сәйкессіздігі (мінез-құлықтың қарсылық көрсетуі), проблемаға байланысты жағымсыз сезімдер (мәніне қарсылық көрсету), психотерапевтке деген ішкі сезімі (ауысыммен байланысты қарсылық көрсету). Бұл арадағы қарым-қатынасты қиындатады, бірақ клиенттің ішкі үрейін ашуға көмектеседі.

Психотерапевке деген қарым-қатынасындағы ауысым – қарым-қатынасты қиындататын күрделі жайттің бірі. Егер клиент психотерапевтке жағымсыз сезімде болса, ал басқа жағынан көмек пен түсінуге деген қажеттілікті ғана емес, сонымен қатар махаббат пен қолдауды қажет етсе психотерапия тиімді болмайды.

Терапия барысында да психотерапевтке деген жағымсыз қатынас туындауы мүмкін. Ол екі жағдайда қарастырылады: біріншісі, махаббат пен қолдау көрсетпеген психотерапевт клиентті фрустрацияға жеткізсе, екінші жағынан, терапия кезінде өзіне маңызды адамдарға жағымсыз сезімдер пайда болады да осы сезімдер психотерапевтке бағытталады немесе ауысады.

Орталық фазада өзараәрекетті қиындататын тағы бір фактор – психотерапевт бекітілімдері. Барлық мамандарда клиентке дегенде жалтақтау болады, кейде ол соңғы мінез-құлықтары мен сөздеріне негізделген, ал кейде өз өмірінің жағдайына негізделген.

Осы кезде психотерпевт кері ауысым реакциясын бақылап саналы сезінуі керек болады. Егер психотерапевт өзін жақсы білетін болса, оның реакциясын психотерапияда қолдануға болады.

Нәтиже, қарсылық көрсету, ауысым және кері ауысым – орталық фазаның негізгілері. Мақсатқа жеткеннен кейін қорытынды аяқтаушы кезең басталады. Аяқтау психотерапиялық жұмыстың анализінен, қорытынды шығарудан және клиентпен өмірлік бастауы мен тұлғалық қалыптасуындағы болашағы жайлы әңгімелесуден тұрады.

4 дәріс


Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет