Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Қаршы орта жалпы білім беретін мектебі Гуманитарлық және қоғамдық пәндер бірлестігінің



бет1/16
Дата13.11.2016
өлшемі5,2 Mb.
#1667
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы

Қаршы орта жалпы білім беретін мектебі

Гуманитарлық және қоғамдық пәндер бірлестігінің Жайықтың ақ шағаласы Ақұштап Бақтыгерееваның туғанына 70 жыл мерей тойына орай өткізілген іс- шаралар.



2013-2014 оқу жылы

Пікір


Әдістеме бірлестігінің жетекшісі А.М. Бактыгулованың ұсынып отырған кітапшасында Ақұштап Бақтыгерееваның туғанына 70 жыл мерей тойына орай өткізілген іс- шаралар көрінісі. Гуманитарлық және қоғамдық пәндер бірлестігінің жетекшісі қызметін бес жыл көлемінде атқарып келген А.М. Бактыгулова өз ісіне өте жауапкершілікпен қарайтын іздемпаз ұстаз. Бұл кітапшада жан-жақты жоспар жасақталып , барлық шарада өз деңгейінде өткізілген. Шаралар ұйымдастырылуында тек гуманитарлық және қоғамдық пәндер бірлестігінің мүшері ғана емес, мектеп психологі, әлеуметтік педагог, мектеп медбикесі де бірлесе жұмыс істеп, жақсы іс атқарған. Бұл шараға оқушылар өте қызығушылықпен қатысты. Тақырыбы: «Ақұштап Бақтыгерееваның туғанына 70 жыл мерей тойына» болғанмен әр түрлі бағытта шаралар ұйымдастырылған.Мысалы: Тоғызқұмалақ ұлттық ойыны аудан көлемінде өткізіліп, жекелей бес ұл, бес қыз бірінші орынды иеленген. . Командалық бірінші орынды да Қаршы мектебі иеленген. қыздар тәрбиесіне арналған «Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі» атты үлкен шараның тәрбиелік маңызы зор болды. Барлық шаралардан да көрермендер үлкен ой түйді. Биылғы оқу жылындағы барлық өткізілген шаралар жинақталып, шағын кітапша болып жарияланған. Соның бірі Ақұштап Бақтыгерееваның туғанына 70 жыл мерей тойына орай өткізілген іс- шаралар көрінісін аудан көлемінде тартуды жөн көрдік.

Аудандық білім беру бөлімінің әдіскері: Жиенбаева Ш.И.

«Бекітемін»

Мектеп директоры: Давлетова АА

Қаршы орта жалпы білім беретін мектебінің гуманитарлық және қоғамдық пәндер бірлестігінің Ақұштап Бақтыгерееваның туғанына 70 жыл мерей тойына орай өткізілген іс- шаралардың жоспары.




Тақырыптары

Өткізілетін

уақыты


Сынып

Шараның

түрі


Жауапты

мұғалім


1.

Жайықтың ақ шағаласы- Ақұштап

25.02

8

ашылуы

А. Ш. Сарсенбаева

2.

«Ананың жүрегіндей жүрек жоқ»

26.02

6

Тәрбие сағаты

А.М. Бактыгулова

3.

Ақұштап- ақын, үлкен өнер иесі, қоғам қайраткері

27.02

8-11

Конфе-ренция

У.Г. Султангалиева

Э. С. Серікқали



4.

Тоғызқұмалақтан БЖСМ ашық біріншілік

01.03

Аудан көлемінде

сайыс

Бактыгулова А.М.

5.

Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі

04.03

8-11

Қыздар

тәрбиесі


К. Ж. Есентаева

А. Ж. Сельбаева

Д. Г. Бисенгалиева


6.

Ақұштап біздің кітапханада

25.02.- 10.03

5-11

көрме

Н. А. Тлесова

7.

«Қазақ поэзия айдынының ақ шағаласы»

25.02-03.03



7-11

Шығарма

байқауы


Пән мұғалімдері

Кажгалиева Г.А.



8.

«Алаш жырының ақ шағаласы»

06.03

5-7

Поэзия кеші

А. Ж. Умаргалиева

9.

Қорытынды кеш

10.03.

5-11

Танымдық кеш

Б. С. Шмангалиева

Әдістемелік бірлестік жетекшісі: А. М. Бактыгулова

«Жайықтың ақ шағаласы- Ақұштап» ашылуы

Мақсаты: Білімділік, біліктілік дағдыларын ұштай отырып, ізденімпаз, шығармашыл тұлға қалыптастыру. Өз ойларын көркем тілмен жеткізетін, поэзияны сүйетін, әдебиеттің сырлы әлеміне терең бойлай алатын тұлға қалыптастыру.

Құрметті ұстаздар,оқушылар жерлес ақынымыз Ақұштап Бақтыгеерева 70 жасқа толғалы отырғаны бәрімізге мәлім. Соған байланысты бүгінгі өткізілейін деп отырған салтанатты шара «Жайықтың ақ шағаласы –Ақұштап» деп аталады . Бәріңізде салтанатты шараның ашылуына қош келдіңіздер! Кезекті биші қыздарға берейік!Қазақ биі « Сағым дала» 8 сынып қыздары Таңатарова Айымгуль 8-сынып Ақұштап Бақтыгереева(23.9.1944 жылы туылған, Батыс Қазақстан облысыАқжайық ауданы Ақжайық ауылы)- ақын. Қазақ қыздар педагогикалық институтын бітірген (1966). Облыстық “Орал өңірі”, республикалық “Қазақ әдебиеті”, “Жұлдыз” басылымдарында, “Жазушы” баспасында қызмет істеген. Тұңғыш кітабы “Өрімтал” (1967), кейіннен “Наз” (1969), “Қуанышым, іңкәрім” (1971), “ Сені ойлаймын” (1973), “Аққанат” (1975), “Бақыт әні” (1978), “Жайық қызы” (таңдамалысы 1980), “Белокрылая” (1981), “Ақжелең” (1985), “Сүмбіле” (1990) кітаптары шықты. Оның азаматтық үні “Трибун-ақын”, “Ақ Жайықтың көз жасы”, “Елдің елдігі — бірлігі”, “Оралдағы ойран” сияқты өлеңдерінде айқын көрінді. Туған елге деген сүйіспеншілік, ана тілі тағдыры, т.б. мәселелер ақынпоэзиясының арқауы. Бақтыгерееваның шығармалары поэтикалық қуатымен, тілінің шырайлылығымен қазақ поэзиясына жаңа өрнек алып келді. Оның өлеңдеріне Ө. Бәйділдаев, Қалдаяқов, Т. Бақтыгереев, т.б. ән жазған.

Шмангалиева ЗаринаАқұштап ақынның бүкіл шығармашылығын шолып шыққан адам оның жырларының ең басты екі тірегін байқар еді: ол — ақынның туған ел мен жерге деген ыстық махаббаты және қоғамдағы, өмірдегі қайшылықтар мен әділетсіздіктерге, адам қолымен жасалған қиянаттарға қарсы күрескерлігі. Оның алпысыншы жылдардың ортасында жарық көрген алғашқы жыр жинағындағы әдеби қауымды елең еткізген "Өрімтал" атты өлеңінен бастап-ақ оқырмандар А.Бақтыгерееваны нәзік лирик ақын деп қабылдаған болатын. Дегенмен, оның осы лиризмінің өзегінде бір өжет қайсарлық аңғарылатын. Өйткені оның өр өлеңінде боямасыз өмір, тартысты тағдыр жатқан еді.



Жұлқыса жел есіріп,

Майысқанмен сынбадың.

Сыр айтпадың шешіліп,

Неше келіп тыңдадым.

Қысты жеңіп, шуаққа Жайраңдаған кезіңде,

Бойыңдағы қуатқа Қайран қалам өзім де...

Осы өлеңінде тал-шыбықпен мұңдасқан өзі де өрімтал акын-қыз шыншыл да сыршыл қалпымен жүректерде бірден үялап қалды.

Аяпбергенова Нурлы 8-сынып Ақ бантикті ақынның сол нөзік қайсарлығы келе-келе үлкен күрескерлікке, қайраткерлікке ұласты. Сол балғын шақта жазылған "Даламның қарлығаштары-ай" атты өлеңді де бей-жай оқу мүмкін емес:

Кеудемді жанап өттіңдер,

Жүр едім жырды бастамай,

Азайып неге кеттіңдер,

Даламның қарлығаштары-ай!...

Топтанып ұшқан үйірің

Достардай еді-ау жаны ізгі.

Адамнан кеткен мейірім,

Сендерде қалған тәрізді.

Сонау кеңес заманының қытымыр кезеңінде қаршадай қыз осындай өмір шындығын батыл қозғай білген. Адамнан кеткен сол мейірім қазір бізге қайта оралды ма? Міне, бұл өлеңді қайталап оқысаң да осы сүрақ кесе-көлденеңдеп алдыңнан шыққандай болады. Астарында ақынның бүгінге, келешекке қабырғадан қойған осындай өткір сұрағы тұр. Қоғам өзгерді. Бірақ Ақүштап ақын көзге шүқып айтқан "адамнан мейірім кеткен" заман таз кепешін әлі шешкен жоқ. Тіпті, бұрынғыдан бетер болып, араздық меңдеп, бақастық билеп, жүрт бір-біріне қаскөй қасқырша қарай бастаған сыңайлы. Тіршіліктегі осыншама ащы запыранның, ұлы қыжылдың түп-төркіні неде? Бүл ұлы Абай атам айтып тауыса алмай, бетін қайтара алмай түңілген түпсіз ыза еді ғой? Көңілдер неге киізге, жүректер неге мүйізге айналады? "Қолайлы жағдай? Суреткерге ол жоқ. Өмір дегеніміздің өзі қолайсыз жағдай", — деген Марина Цветаеваның сөзі де бүған жауап бола алмайды... Өйткені "өмірмен диалогта оның сүрағы емес, біздің жауабымыз маңызды" (бұл да М.Цветаева). Ақұштап Бақтыгерееваның жырларының өзіне тартар жұмбақ магнитизмі бар. Ол махаббат мақамын да өзгеге үқсатпай, өзінше, Ақұштапша жырлайды.



Махаббат, тағы саған қайта оралам,

Сен болшы тақырыбым қайталаған.

Өмір жоқ махаббатсыз, бақыт та жоқ,

Басқадай әңгімем жоқ айтар оған.

Ақ таңды сүю керек, нұрын күннің,

Ұната білу керек түрін гүлдің.

Қыздары ғашықтықтан өліп кеткен,

Аңызын оқу керек бұрынғының.

Жазғанмен махаббатты бұдан бұрын,

Қорғауға соны тағы шығам бүгін.

Жарын сүйе білмейтін жасықтардың

Елін сүйетіндігіне күмәндімін.

"Қыздары ғашықтықтан өліп кеткен!" Екінің бірінің аузына түсе бермес, қаламына орала бермес бейнелі жол. Мұнда қасірет те бар шығар, бірақ ол қалтарыста қалған. Қазақ қызына, оның махаббатына деген қүрмет осындай-ақ болар. Айтқан серттен айнымас арда сезімге, ұлттың кешегі ұлы махаббатына жыр жолымен қойылған ескерткіш секілді. Қазақы әдет-ғұрып пен өнегенің аясында тәрбие алған қыздың өзі сүйген жігіттің алтын басын ардақтап, бағалай білуі бүгінгі феминистік заманда тосын естіледі.



Шырағымбысың, Шынарымбысың, Қыранымбысың, Жыр-әнімбісің.

Бәрі де сен бол, мен әйел болам, Өзіңе ғана ұнауым үшін!

Бүл да тек Ақұштапша ғана айтылган айшықты ойлар, айрықша дара шумақтар. Мұндай өлеңдер, жасырып-жабары жоқ, бүгінгі саусақпен санарлық дарынды өйел-ақындардың кейбірінің жігіттерді кілең жігерсіз, жасық, ұсақ, күйкі тірлік иесі етіп көрсететін адуын жырларынан гөрі жаныма жағыңқырайды. Жігітті ардақтағаннан ақын қыздың лирикалық кейіпкері аласарып қалған жоқ, қайта өз бейнесі биіктеп, асқақтай түскен. Ол ақын да, ана да бола білген асылдардың санатынан.



Анамын бөбегін сағынған,

Ақынмын жыр болып, ағылған.

Көңілмін екіге бөлінген,

Жүрекпін екіге жарылған.

Осы өлеңді оқи отырып сүйсінесің, оқи отырып ерисің. Ақындығына тәнті боласың, аналығына басыңды иесің.

Оқушылар Ақұштап Бақтыгерееваның өлеңдерін мәнерлеп оқиды.

Сарсенгали Гүлнұр « Ана сыры».

Изтелеуова Айша « Адресіз бала»

Куанышбаева Аружан « Ана жүрегі»

Гилмашев Иусиф

Таңатарова Айымгуль

Хабдрахманов Ерболат

Ән: Оралдың ерке самалы әнімен аяқталады.

Әнін: І.Жақанов Сөзі: Ақұштап Бақтыгереева
Ақ сазан үркіп кеткен Жайықтаймын

Ақ сазан үркіп кеткен Жайықтаймын,

Ойлардан Жайық жайлы айықпаймын.

Даланың жанарынан мұң байқасам

Айдында ескегі жоқ қайықтаймын.

Не болмақ нәр татпаса шынар шыбық,

Қураса тамыры гүл сынар шіріп,

Табиғат қарғысына ұшыраған

Жағада - үш жыл бойы қуаңшылық.

Сан алуан адамдардың кеселі де,

Қазақтың Әр кез соры бес елі ме?

Жетсе, Егер құдіретім туған жердің

Айналып кетер едім нөсеріне.

Ерке өстім, көргенім жоқ азап кешіп

Ерке өстім, көргенім жоқ азап кешіп.

Тіршілік, өмір заңы ғажап нешік.

Біркездемағанжайлыорынболды-ау,

Бірқолментербететінқазақбесік.

Бесіктенөзіңедіңшешіп алған,

Қызыңныңболыпедіөсуіарман.

Біркездеқұндағыңасыйғансәби

Үйіңесыймайкетсем, кешір, анам.

Ертеөскенгүлденқорқамын

Ертеөскенгүлденқорқамын

Аязғаұрынады-ау деп,

Мезгілсізжұлынады-ау деп.

Меңіреу түннен қорқамын -

Жанарларжұмылады-ау деп.

Жалтақжанарданқорқамын

Жүректіжаралайды-ау деп,

Қиналсаңқарамайды-ау деп.

Жағымпазадамнанқорқамын

Тайсаңтабалайды-ау деп,

Достыққажарамайды-ау деп.

 "Ақиіс" - әнніңаты

Адамға жаралмаған жағынуға,

Амалжоқ «Қоянжылдың» ауырында.

АшасынмекендегенЖымпитының

МұхтардыңболдыМұхитауылында.

БұлжердеМұхтарөзінжалқыдеген,

Қазақтыңатасыйлаусалтыменен.

БаяғыСырымшешеннемересіол,

Баққонғандарындыатадаңқыменен.

Түкемесжазда - шілде, қыста - боран,

Мұхтарда мал, дәулет бар, қыстақаман.

«Ұлтумасатағаұқсап» - дегендейін,

Бірақолшешенсалтынұстамаған.

Сырымшашешендіксөзтолғамады,

Айналаүлестірдіқолда барды.

«Мырза» атыналуүшіназайтыпты,

ЕншігеҚазыәкеденқалғанмалды.

Молшылық, бақ, дәулеттің шағын көріп,

Жаскөңілалаукездежалынболып.

Атжетерайналадантаңдап-таңдап,

Жар сүйгенҚырмызыдай, қалыңберіп.

Бәйбішетолқыптүскен он жетіде,

Буынабақ-дәулеттіңтербетіле.

Тамсантыпайналаныынтықеткен,

Өзініңтуғанайдайкелбетіне.

Қыздардасұлу аз ба небірарман,

(Кімбілген не сыйларынөміралдан).

Желікпе, айыбыжоқмахаббат па,

МұхтардыңендіИіскекөңіліауған.

Олзаманқыздарүшін қатал болған,

Таңыалысеркіндіктіңатаралдан.

БайлықтыңбуынамасМұхтарсонда,

Мал беріпАқиістейтоқалалған.

Жоқшылық ел кездірген,төздірмеген,

МұхиттыМұхтароншакөзгеілмеген.

Иістің мырзалығы әнші үйіне,

Солқыстыңқаттылығынсездірмеген.

Басынан ер жігіттің не өтпеген,

Мұхитты бар ағайын бөлектеген.

Әншідежалғызсиырқалғанқыста,

Ақиісдәм-тұзынанкөмекберген.

Ашқалса да сескенбей сараңдардан,

Үндемей Мұхит әнші қала алмаған.

Мұхтар мен Қырмызынымазақетіп,

АтқойыпАқиіскеән арнаған.

Келер депжадырапжаз, келеркөктем,

Қыста да қайсар әнші өлеңдеткен.

Заманға әділетсіз не демексің,

Таланттытопасбигетәуелдіеткен.

"Алуаш"

Даусына Мұхиттың ел тамсануда,

Жас-кәрі қошеметпен қарсы алуда.

Бір болыс құдаласқан қонақтыққа

Серіні шақырыпты ән салуға.

Шілдеде кесіп өтсең ала қырды

Кең жазық талдырады жанарыңды.

Жол шықты сол болысқа әнші Мұхит

Қасынадосынертіп бала күнгі.

Екеуі «сәтсапар» - депжүріпберді,

Аңызақсынғасалдыжігіттерді,

Торсыққааздапқүйыпалғансусын

Тамағынқоссерініңжібітпеді.

Алдан бірауылшетікөрінген-ді,

Әсем саз түр көмейден төгілгелі.

Қолынанбірсұлудіңшайішпесе

Көншірмежігіттердіңкөңілдері.

АуылғадосынМұхитжетеледі,

Дауысынатүстіңдекөтереді.

Ақбозүйәшекейліалтықанат

Бай қызыАлуаштыңмекеніеді.

Мінжоқ-ау ақбозүйдің ақтығында,

Көрдіңбеқонакеткенбақтымына?

Секпіл бет қоңырқызды теңеді әнші

Айдынныңеркінжүзгенаққуына.

Риза бәйбіше де, бай да бұған,

Демедіоқыстуғанқайдағы ән.

Алуашшайқұядықоссеріге

Сүтті де қатыңқырап қаймағынан.

Жарастыжасдәуренніңбазарында,

Мінболмасбойжеткенніңажарында.

Алуашқызқылықпенқылмыңдайды

Мұхиттыңілінсемдепназарына.

Қыздабірәбігерлікбайқалады,

Сері де созатүсіпайтадыәнді,

Досының көзі түссе қайырмасын

Мұрнынанбіртыржитыпқайтарады.

Жастықтыңболмайтындайжазымәңгі

Екідосшайғақанды, азықалды.

Талантқа не демексің қас қағымда

Бірқызғасыйлапкеттіәзіләнді.

Әзіләнорындалыпжатырәлі,

Құрбынысауықкешкеолшақырады.

Талантпенбіртүстікшәйбіргеішкен

Солқыздыңмәңгіліккеаты қалды.

Аға, кезіп сен өткенжыралаңын

 Аға, кезіп сен өткенжыралаңын,

Қажетболсамінбегешығааламын.

Бала көңіл, момақан «қазақ» деген

Елдің қызы болғанға қуанамын.

Қажетболсабуатынбелінбекем,

Қажетболсаөліміөміргетең.

Желтоқсанның мұңына жүрек жаққан

Ұрпақтуғанбұлқазақтегінбеекен!

Адрессіз бала

Алғашкөргенқаладаадасуда,

Тұрағыжоқ, келіптібаласына.

Тілдестім де әйелдіүйге әкелдім

Мұқтаж болған қиын-ау жанашырға.

Болжаумененүйіздепкешкірді күн,

Жөндемейді, әрине, ешкіммұным.

Өзімеаянбұлүшінкүйеуімнен

Сөздердің де төркініестірбүгін.

Жасырынғанбаланықаладағы

Адрессізкімқашантабаалады?

Есіауысболмасабұлкүндеадам

Жоқіздеймебіреугедаладағы.

Жасайындепжақсылықжелпілдедім,

«Ендіөйтпейтін» тұрақсызсертім менің.

Өзіме де жүргенжоқоңайтиіп,

Жыржазатынталайкүн өлтіргенім.

Жылайдыәйел, қу бала қымбат та оған,

Оқимындепжылбойыүнқатпаған.

Мейірімдіананыңжалғызұлы

Мейірімсізболғаны жұмбақ маған.

Қорытынды.


Тоғызқұмалақтан БЖСМ ашық біріншілік Аудан көлемінде сайыс



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет