“Ақұштап –ақын,үлкен өнер иесі ,қоғам қайраткері”конференция 9а-9б сыныптар арасында
Мақсаты:А.Бақтыгерееваның шығармашылығына қызығушылықтарын ояту .Туған жерін, елін сүюге, халқына қызмет етуге тәрбиелеу.
Ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі 70 жаста Бақтыгереева Ақұштап
1944 жылы 28 тамызда Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Еңбек ауданында дүниеге келген.
1961 жылы Орал қаласындағы Сәкен Сейфуллин атындағы №11 орта мектепті бітірген.
1961-1966 жылдар аралығында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының филология факультетінде оқып, жоғары білім алған. А.Бақтыгереева еңбек жолы А.Бақтыгереева еңбек жолын«Орал өңірі» облыстық газетінде бастаған.
1966-1971 жылдары Талдықорған облыстық «Октябрь туы», республикалық «Қазақ әдебиеті» газеттерінде әдеби қызметкер болып қызмет еткен. 1971-1972 жылдар аралығында «Қазақфильм» киностудиясында редактор болып еңбек еткен.
1972-1975 жылдары «Жұлдыз» журналында әдеби қызметкер, 1975-1981 жылдар аралығында «Жазушы» баспасының аударма редакциясында редактор болған. Ақын Ақұштап Бақтыгереева Батыс Қазақстан облысының Ақжайық өңірінде туып өскен. А.Бақтыгерееваның шығармалары поэтикалық қуатымен, тілінің шырайлылығымен қазақ поэзиясына жаңа өрнек алып келді. Ақұштап - «ақ жібек» ұғымын беретін өте сирек кездесетін есім, ерте кездері әппақ әрі берік жібек матаны «ұштап» деп атаған екен. Сондық да болар ақын өлеңдері атына сай өршіл рухта жібектей төгіліп тұр. Ақын лирикасынан туған ел мен жерге деген шексіз махаббат, тазалық пен пәктікті байқайсыз.
А.Бақтыгереева – көптеген ән мәтіндерінің авторы.Оның өлеңдеріне Ө.Бәйділдаев, Ш.Қалдаяқов, Т.Бақтыгереев, Б.Оралұлы, С.Жолбарыс т.б. композиторлар ән жазған.
Ақын С.Капутикянның, В.Тушнованың, А.Ахматованың өлеңдерін қазақ тіліне аударған. Жұбан мен Ақұштап поэзиясы: Ұқсастық пен поэтикалық диалог Екеуін де Жайық түлетті. Екеуі де Жайықтың толқынымен сырласты. Бірі – аға, бірі – қарындас, қазақ поэзиясында Ақжайықтың тамаша суреттерін салып, Жайық жайсаңдарын қазақ поэзиясының кейіпкері етті. Жұбан мен Ақұштап поэзиясы: Ұқсастық пен поэтикалық диалог
Екеуін де Жайық түлетті. Екеуі де Жайықтың толқынымен сырласты. Бірі – аға, бірі – қарындас, қазақ поэзиясында Ақжайықтың тамаша суреттерін салып, Жайық жайсаңдарын қазақ поэзиясының кейіпкері етті. Сырымның даналығынан, Махамбеттің жалынды жырларынан, Құрманғазының көбік шашқан күйлерінен бастау алатын батыстың батылдығы Жұбан жырлары жалғасын табады.
Ақұштап апамыз ел мен жер туралы өзекті ойларын Жайыққа арналған сырларында батыл жеткізе білген. Батыл ойлар мен шынайы сырлар аға мен қарындас поэзиясында да ойып тұрып орын алған.
Жағаңда тұрмын, Жайығым,
Кесермін, сенен бас танса.
Туған жер қайдан жай ұғым,
Отан да содан басталса.
Адам да, сірә, байқаймын,
Үлкейген сайын сағынғыш.
Түсімде толқын шайқайды,
Шайқайды сен боп сағым-құс.
Десең де ақын қартайған...
Сен емей кімге шағынам?
Өзен де бар ғой ортайған...
Сонда да оны сағынам.
Жұбағамыз елуді еңсерген шағында осылай деп, риясыз сағынышын ауылынан алғаш рет шығып тұрған бозбаладай суреттесе, Ақұштап апамыз:
Сандуғаш шырқап жаңа әнді,
Бөлейтін сазға далаңды.
Бесігім болған ақ айдын,
Сағындым сенің жағаңды.
Тыңдамай үнін ағынның,
Құмары қанбас жанымның,
Жайығым менің – жарығым,
Сағындым сені, сағындым
Ерлікті көзбен көрген күн
Желтоқсан — 86, ызғарлы күн,
Мүз бен қар жылжығандай құздан бүгін,
Өттің де астаң-кестең ойда жоқта
Артыңа үмытылмас із қалдырдың.
Айтамыз ертегі етіп ол күндерді,
Батыр деп мадақтаймыз жөн білгенді,
Халыққа Жаңа жылдық сәлем жолдап,
Жазушылар үйіне Колбин келді.
Біреулер бастық көрсе қуанатын,
Біреулер жалпылдайды сұрап атын.
Бір кезде жазушылар мінбесіне
Барады көтеріліп Жұбан ақын.
Қазақша акцент, толқыған қатал үнмен:
«Замандаспыз — деді оған, қатар жүрген.
Желтоқсанның көргенше он алтысын
Бір күн бүрын батсамшы батар күнмен».
Қорғағанмын жаудан мен Совет елін,
Әлі күнгі Отанды ән етемін.
«Мен қазақпын!» - деуші едім біле түра,
«Шовинизм» дегеннің бар екенін.
Ұрпағыма халім бар не дер еңці,
Қорладыңдар бұл қазақ деген елді.
Қыздарымды сүйретіп бұрымынан
Ит таласын деп пе едім немеремді?
Ақынша айтсам, «ұлы елдің» бұл мазағын
Менің далам көтерді күллі азабын.
Тың жерімді игерген бауырларың
Тракторге таптатты қыр қазағын.
Оныңа да шыдады халқым менің,
Берді емес пе билігін, алтын кенін.
Тұңғыш тұрсың алғашқы дәмін татып,
Түсінбейсің замандас, салтын елдің.
Бір еместей өзіңмен жолым бүгін
Мен айтпасам паш етер сорымды кім,
70 жылдай, қүрбым-ау, келесіңцер
Пайдаланып қазақтың момындығын.
Деп үйреттің мәңгүртсің; бәрің надан,
Тіл мен діннен айрылды елім, бабам,
Кеше аланда сабаған — сенің тегің,
Ал таяқты жегендер менің балам.
Аға, кезіп сен өткен жыр алаңын
Аға, кезіп сен өткен жыр алаңын, Қажет болса мінбеге шыға аламын. Бала көңіл, момақан «қазақ» деген Елдің қызы болғанға қуанамын. Қажет болса буатын белін бекем, Қажет болса өлімі өмірге тең. Желтоқсанның мұңына жүрек жаққан Ұрпақ туған бұл қазақ тегін бе екен!
Назарларыңызға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |