Білім басқармасының
2014 жылғы «____»________
№ ____ бұйрығына
1 қосымша
Жалпы білім беретін мектеп оқушыларына арналған
«Мектеп әлемі қандай тамаша, көз салып оған қараса!»
облыстық байқауы туралы ереже
-
Кіріспе.
Жалпы білім беретін мектеп оқушыларына арналған «Мектеп әлемі қандай тамаша, көз салып оған қараса!» облыстық байқауын облыстық білім беру сапасын бағалау және ақпараттандыру оқу-әдістемелік орталығы мен облыстық білім басқармасы өткізеді.
Ережеде қолданылатын негізгі ұғымдар:
ұйымдастыру комитеті - номинациялар жоспарын бекітеді; байқаудың өткізілу уақыты мен жұмыс бағдарламасын бекітеді; байқау жұмыстарын бағалау өлшемдерін дайындайды; байқаудың өткізілуі туралы есеп ұсынады.
қазылар алқасы – өңделген әдістеме мен бағалау өлшемдеріне сәйкес қатысушылардың жұмыстарын тексереді; хаттама рәсімдейді; жеңімпаздарды анықтайды.
2. Байқаудың мақсаты мен міндеттері:
- оқушылардың танымдық белсенділіктерін, дербес шығармашылық қабілеттерін дамыту;
- оқушыларға жаңа ақпараттық технологияларды меңгерту;
- оқушыларды бос уақыттарында шығармашылық және пайдалы дәрістерге ынталандыру.
3. Байқауға қатысушылар:
Байқауға команда құрып қатысу қаралған. Байқауға қатысуға білім беру ұйымдарының 6-8 сынып оқушылары шақырылады. Команда құрамы 2-3 адамнан тұруы қажет. Бір білім беру ұйымынан 1 команда ғана қатыса алады. Команданы жетекші басқарады. Информатика мұғалімі, педагог-ұйымдастырушы немесе ДК мен Интернет желісін білікті қолдана алатын білім беру ұйымының басқа да қызметкері команда жетекішісі бола алады.
Команда жетекшісі келесі қызметтерді атқарады:
-
байқауға бағытталған фотоматериалдарды конкурстық іріктеуді ұйымдастыру (бір білім беру ұйымынан 9 жұмыстан аспауы қажет);
-
материалдарды www.foto.ciso.kz сайтына орналастыруға көмектесу;
4. Байқауды өткізу шарттары және жұмыстарға қойылатын талаптар:
-
байқауға қатысу үшін команда, сынып, жетекшінің аты-жөні мен білім беру ұйымының (аудан, қала) атауын көрсете отырып, www.foto.ciso.kz сайтына сұраныс жіберу қажет (2014 жылдың 25 қарашасынан бастап);
-
жұмыстар төменде белгіленген номинацияларға сәйкес дайындалуы қажет (фотосуреттер мектеп мұрағатынан алынбай, осы байқауға арналып түсірілуі қажет);
-
байқауға JPG графикалық форматындағы фотосуреттер қабылданады (300 пикс/дюйм рұқсатымен);
-
фотосуреттерді белгіленген номинацияда және міндетті түрде фотосуреттің атауын көрсетіп, сайтқа орналастыру қажет;
Фотосуреттерді www.foto.ciso.kz сайтына тек 3 күн ішінде орналастыруға болады – 2014 жылдың 25-27 қараша аралығында;
-
байқау қорытындылары 2014 жылдың 3 желтоқсанда www.foto.ciso.kz сайтында жарияланады.
Барлық номинацияларға қойылатын жалпы талаптар:
-
Коллаждар қатыстыру қабылданбайды;
-
Командамен байқауға ұсынылатын жұмыстар бір номинацияға 3 жұмыстан аспауы тиіс;
-
Бір білім беру ұйымынан 9 жұмыстан аспайтын жұмыс қабылданады.
5. Байқау номинациялары:
-
«Біздің «жұмыс» күндеріміз» (сыныптан тыс шаралардан, серуендерден, кештерден және т.б. қызықты сәттер); -
«Мектеп асханасында...»; -
«Қоңырау соғылды, қайтадан сабаққа!» (сабақ кезіндегі сабақтардан үзінді, мысалға, тәжірибе жасау кезіндегі физика пәнінің мұғалімі).
Ұйымдастыру комитетінің шешімі бойынша жұмыстар келесі себептер бойынша қаралуға қабылданбауы мүмкін:
-
жұмысқа қойылатын талаптарды сақтамау (осы ереженің 4-тармағын қараңыз) – форматы, көлемі, графикалық файлдың атауы, авторлық құқықтың бұзылуы;
-
фотокөрмеге ұқыпсыз рәсімделген, өте нашар жұмыстың ұсынылуы;
-
этикалық нормалардың сақталмауы.
6. Байқау қорытындылары:
Байқау құжаттарын бағалауда фотосуреттерді рәсімдеуге қойылатын барлық талаптар ескеріледі. Жұмыстар қазылар алқасымен келесі өлшемдер бойынша бағаланады:
-
Фотосуреттің қызықты аталуы;
-
Номинацияның тақырыбына сәйкестігі және оның ашылуы;
-
Жұмыс мазмұнының бірегейлігі (фотосуреттер);
-
Сурет сапасы: суреттің анықтығы және қанықтығы;
-
Композициялық шешім.
Байқау қорытындылары туралы ақпарат www.foto.ciso.kz сайтына орналастырылады.
7. Байқауды қаржыландыру
Облыстық байқауды ұйымдастыру бойынша шығындар бекітілген сметаға сәйкес облыстық білім беру сапасын бағалау және ақпараттандыру оқу-әдістемелік орталығының есебінен жүзеге асырылады.
Байқауды ұйымдастыру комитетінің мекенжайы:
Орал қаласы, С.Есқалиев көшесі, 72 үй.
Байланыс телефоны: 26-04-64, 105 кабинет
e-mail: zkociso@mail.ru (ұйымдастыру комитеті үшін)
веб-сайт: www.ciso.kz
Достарыңызбен бөлісу: |