Тақырыбы. Өсімдік құрамындағы фосфорды анықтау әдістері. Мақсаты.Мачагин әдісімен топырақтағы фосфорды анықтау.
Карбонатты топырақтардағы өсімдіктерге қажетті фосфорды әлсізқышқылдармен бөліп алу мүмкін емес. Өйткені карбонаттар пайдаланған қышқылдарды нейтралдайды. Сондықтан бір проценттік көмір қышқыл калий не аммоний ерітіндісі қолданылады. Бұл тұз фосфорды темірдің. Алюминийдің фосфаттары және фосфордың органикалық қосылыстары түрінде ерітіндіге бөледі. Кейін фосфордың мөлшерін колориметр көмегімен анықтайды. Осы әдістің тиімділігін жан-жақты зерттеп дәлелдеген Б.П. Мачагин.