Сарамандық жұмыс №3
Тақырыбы: Азотты анықтау әдістері.
Мақсаты:Колориметриялық әдіспен топырақтағы нитратты, Аммиакты және жалпы азотты анықтау.
Нитратты азотты анықтау. Топырақтағы нитратты азотты дистилденген сумен бөліп Грандвал-Ляж әдісі бойынша сілтілік ортада дисульфофенол қышқылын қосқанда сары түске боялатын фенолдың нитро қослыстарының түзілуіне негізделген.
Жұмысты орындау.Жаңа алынған 20г топырықты 250-500мл колбаға салып, үстіне 100мл дистилденген су қосып, 2-3 минут араластырып, қатпарлы сүзгіден өткізеді.Өте таза сүзіндінің 50 миллилитрін фарфор табақшаға құйып суалтады. Құрғақ қалдық салқындағаннан кейін табақшаға 10-15 мл дистилденген су қосып, тағы да әбден араластырады. Кейін алынған ерітіндіге 20 проценттік күйдіргіш натр ертіндісін жойылмайтын сары түс пайда болғанша шыны таяқшамен араластыра отырып қосады. Одан әрі үлгі және зертелетін ерітіндіні 100 мл таза колбаға ауыстырып, үстіне белгісіне келгенше дистилденген су қосып колориметрлейді.
Есте сақтайтын нәрсе зерттелетін ерітіндінің түсі үлгі ерітіндінің бірінің түсіне сай болуы керек.
100 г құрғақ топырақтағы нитратты азоттың миллиграм мөлшерін мына формула бойынша есептейді.
Мұндағы
а-үлгі ерітіндінің титрі,
б-зерттелетін ерітіндімен салыстырылған үлгі ерітіндінің көлемі (мл)
к-колориметрдегі үлгі ерітіндінің шкала бойындағы биіктігі (мм)
л-колориметрдегі зерттелетін ерітіндінің шкала бойындағы биіктігі (мм)
н-алынған құрғақ топырақтың салмағы
0.226-HNO3 есептеуге түзету коэффицтенті.
100-100г құрғақ топырақты талдауға арналған түзету.
Достарыңызбен бөлісу: |