Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Казталов ауданы білім беру бөлімінің «Ақпәтер жалпы орта білім беретін мектебі»



бет3/7
Дата30.11.2023
өлшемі48,29 Kb.
#194217
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
тыйым сөз

Қорытынды кезең.
1-тарау. ТЫЙЫМ СӨЗДЕРДІҢ ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДЕГІ МАЗМҰНЫ
1.1. Тыйым сөздер туралы қысқаша түсінік
Тыйым - әлем халықтары арасында кең тараған ескі қағида. Әр түрлі наным мен сенімнен өрбіген салт – сананың бір саласы. Тыйым – ұлттық әдет - ғұрыпқа сәйкестендірілген тәрбие шарты. Тыйымдылық нұсқалар мен үлгілердің тамыры терең. Жаманшылықтан сақтануды, жарық дүниені, тіршілік көздері мен құралдарын қадірлеуді, адами тәлімдікті насихаттайды, теріс әрекеттерге қарсы ашық күреске шақырады. Яғни тыйым сөздер - балалар мен жастарға «жирен жаман әдеттен» дегендей жаман істерден сақтандырып, жақсылыққа еліктеу, бейімдеу мақсатынан шыққан таза халықтық педагогикалық ұғым. Міне, осы арқылы олар әркімді теріс мінез, орынсыз қимылдардан сақтандырып отырады .
1.2. Тыйым сөздердің әдет – ғұрып, салт-дәстүрден таралатын тұстары
Халқымыздың ұрпақ тәрбиесіндегі басты мақсаты - халық педагогикасының қайнар бастауы болып табылатын: ұлттық салт-дәстүрлерді, мақал-мәтелдер мен тыйым сөздерді, тұрмыс-салттық қазыналарды, өнер, ғибрат, аталы сөздер мен халық даналығы туралы мұраларды жас ұрпақтың сана-сезіміне сіңіруді мақсат еткен.
Тәлім-тәрбие үрдістері отбасылық дәстүрлерден тұрмыс-тіршіліктің өзегіне айналып: малды күтіп-баптау, егін егу, кесте тігу, жіп иіру, өрнек тоқу, киіз басу - баланы еңбек тәрбиесіне баулу, ән салу, домбыра тарту, би билеу, өлең шығару, батырлар жырын жаттау және басқа өнер саласының ғибраттарын меңгеру - эстетикалық тәрбиеге, аңшылық пен саятшылық салттары, мал өрісінің ережелерін сақтау мен халықтың табиғатты қорғау дәстүрлері - экологиялық тәрбиеге, ат құлағында ойнап, соғыс өнерлерін меңгеру - дене тәрбиесіне, әдет-ғұрыптарды сақтау мен қастерлеу - адамгершілік және имандылық тәрбиесіне ұласып, ұлттық тәлім-тәрбиенің біртұтас жүйесін қалыптастырған.
Осындай халқымыздың тәрбиелік құралдарының күнделікті қолданылатын үлгі, өнеге түрлерінің бірі – тыйым. Бұл балалар мен жастарды жаман әдеттерден сақтандырып, жақсылыққа бейімдеуден шыққан педагогикалық ұғым. Осы арқылы олар әркімді теріс мінез, орынсыз қимылдардан сақтандырып отырған. Қазақтың тыйым сөздерінің бүгінгі ұрпақ тәрбиесінде қолданылып келе жатқаны шындық. Ол сөздердің пайда болуы - кішкене балалардың сұрақтарына жауап беру мақсатында пайда болған халық білімдерінің тәжірибелері болып табылады. Айталық, « Отпен ойнама», «Отты шашпа», «Суға түкірме», «Нанды аяққа баспа», «Абайсызда түскен нан түйірін төлге не үй құстарына бер», «Бейуақытта ұйықтама», «Босағаңды керме», «Табалдырықты баспа», «Малды теппе», «Малды терекпен айдама», «Айға қарап дәреттенбе», «Көк жемісті жұлма» , «Түнде үйді сыпырма», «Жалғыз ағашты кеспе » деген ұғымдардың мағынасы терең. Кішкене балалардың ересек балалардан бір ерекшелігі, олар көбінесе – философиялық мағынасы терең сұрақтар қоятынын білмейді.
«Ата-анаға қарсы сөйлеме»,- деген сөздің астарында да үлкен тәрбиелік мағына жатыр. «Тізеңді құшақтама!» – тізені құшақтау жалғыз қалудың белгісі, «Үйде ысқырма»-үйге жылан кіреді. Жылан-дұшпан немесе айдалада ысқырған желдей, баспанасыз қаласың , «Көкті жұлма» - көк деп отырғанымыз - өсімдік, шөп, яғни ол да табиғаттың жанды бөлшегі екендігі мәлім. Есі кірген кезінен баланың құлағына осы іспеттес қағиданы күнделікті құйып, бойына сіңірудің мәні зор. Көкті жұлмау, жәндік атаулыны өлтірмеу - мейірімділік пен қайырымдылықтың кепілі. Ал мейірімді жан адам баласына жаманшылық жасамайды. Міне, сондықтан да тыйым сөздер ықпалды күшке айналды деуге негіз бар.
Сондықтан халық «Отпен ойнама», - деген ұғымы, тұрмыста, бала тәрбиесінде педагогикалық тәсіл мен талапқа айналғаны заңды құбылыс деп білемін. Қазақтың тыйым сөздері негізінде өз қатарластарыма тәрбие беруде маңызы зор деп санаймын. Тыйым сөздердің мән-мағынасын терең ұғындыруды ұйымдастыру барысында, танымдық шаралар мен сынып сағаттары , кездесулер өткізген тиімді деп ойлаймын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет