2.2. Тыйым сөздердің күнделікті қолданыстағы түрлерін топтау
Адамгершілікке, әдептілікке байланысты тыйымдар
Ата – анаға қарсы сөз айтпа!
Дастархан қайырылмай (бата берілмей) тұрып кетуге болмайды.
3.Даулы мәселеде ұрыс, төбелеске бармайды, биге, ақсақалдарға жүгінеді.
4..Жасы үлкен адамдар отырған жерлерде жастар қисаймайды, жатпайды.
5.Ат үстінде тұрып сөйлеспейді. Дұшпандар ғана ат үстінде тұрып сөйлескен (онда да сақтық үшін).
6. Өтірік сөйлеме. Сөзді ынталы, анық тыңда. Үлкеннің жұмысына бөгет болма.Дөрекі сөйлеме. «Сен», «Мен» орнына «Сіз», «Біз» деген сөзді қолдан. Сөйлеп тұрып аңырап қалудан сақтан. Іштей дайындалмай сөйлеме. Ант-су ішіп сөйлеме. Олай сөйлеу ұры-бұзықтың әдеті.
Үй ішіне қатысты тыйымдар
Есікті теуіп ашуға болмайды.
Есіктің босағасын керілуге болмайды.
Есіктің табалдырығында тұруға болмайды. Бұл-жамандық шақырма деген мағынадағы тыйым. Себебі жау шапқанда ғана үй иелері табалдырықта тұрған.
Сыпырғыны төрге қоюға болмайды.
Үйді айналып жүруге, жүгіруге болмайды.Үйге қарай жүгірме.
Құлаған үй ішіне, қораға дәрет сындырма.
Үй ішінде ысқырма. Үйге жылан келеді деген ырым бар. Жалпы қазақ халқында жылан-дұшпан. Немесе қолыңдағы ақшаң ысқырған желдей ұшып кетеді деген мағынаны білдіреді.
Пышақты, ащы тағамды, ұшты затты сыйға беруге болмайды.
Күнмен таласып жатуға болмайды .
Төрт түлікке қатысты тыйымдар
Малды қу шыбықпен немесе қабығы түскен ағашпен айдауға болмайды. Жас шыбықпен айдау керек.
Малға дауыс көтеріп ұрысуға, балағаттап тіл тигізіп ұрысуға болмайды – иесі (пірі) өкпелейді.
Жатқан малдың үстінен атамайды.
Мал сауылып жатқанда иесімен амандасып, сауынның қасына келуге болмайды.
Түнде мал санамайды және ешкімге мал бермейді.
Малды біреуге сыйлағанда, немесе сатқанда, жүген – ноқта, бас жібі берілмейді.
Мал сауғаннан кейін қол жумай, бөтен адаммен қол беріп амандасуға болмайды.
Жас малдың тістерін санамайды.
Қой қырқатын қырықтықты иесіне бос қайтармайды, жүнге орап беру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |