Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Казталов ауданы білім беру бөлімінің «Ақпәтер жалпы орта білім беретін мектебі»



бет2/7
Дата30.11.2023
өлшемі48,29 Kb.
#194217
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
тыйым сөз

Тақырыптың өзектілігі: Қазақ халқының көне заманғы ұлттық тәрбие құралының бірі ырым-тыйым сөздер ХХ ғасырда халық санасынан біртіндеп шыға бастады. Қазақ ырымдыры мен тыйымдарын жинақтап, зерттеп, жас ұрпақтарға жеткізудің жолдары мүлдем қарастырылмады. Осының нәтижесінде қазақ ырымдары мен тыйымдарының ұлттық мәні біртіндеп жойылуға шақ қалды. Сондықтан да қазіргі таңда ұлттық тәрбие беруде тыйым сөздердің бүгінгі таңдағы маңызын айқындау тереңірек зерттеуді қажет етеді.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Ұлттық тәрбие беруде тыйым сөздердің адамды әдептілікке, қайырымдылыққа, имандылыққа баулитын, табиғатты қорғауға жетелейтін түрлері, астарлы мағынасы туралы айшықтай отырып, өзіндік ерекшелігін зерделеу.
Зерттеудің міндеттері:
- Тыйым сөздердің түрлеріне шолу, астарлы мағынасына тоқталу;
- Тыйым сөздердің салт-дәстүрден таралатын тұстарын айқындау, өмірмен байланыстыру.
- Тыйым сөздердің түрлеріне жаңаша баға беру;
Жұмыстың ғылыми жаңалығы: Халқымыздың тыйым сөздердің түрлерінің кешенді түрде зерттелуі.
Зерттеудің теориялық, әдістемелік негізі:
Жұмысты жазу барысында қоғамдағы тәрбие процесіндегі соңғы кезде орын алған озық теориялық және әдістемелік еңбектермен танысып, оларды салыстыру, жүйелеу, жинақтау және саралау әдістері пайдаланылды.
Зерттеу әдістері:
- педагогика мен психология, мәдениеттану саласындағы қолданбалы еңбектер;
- тәрбие құралдары негіздері бойынша жазылған зерттеу жұмыстары;
- тәрбие мәселелеріне қатысты қолданбалы еңбектер мен туындылар;
- Авторлық іс-тәжірибелер;
Зерттеудің әдіс-тәсілдері: Ғылыми жұмысты жазу барысында салыстырмалы-тарихи, сипаттамалық талдау әдістері пайдаланылды.
Зерттеу жұмысының негізгі кезеңдері:
Алғашқы кезең
- Ғылыми -педагогикалық зерттеулер мен еңбектер туралы ақпараттар жинастыру, ғылыми-танымдық басылымдармен, конференция материалдарымен танысу;
- деректер жинастыру;
- Зерттеу жұмысының тақырыбын нақтылау;
Негізгі кезең
- Зерттеу жұмысының тақырыбын айқындау және бекіттіру;
- Зерттеу тақырыбына қатысты ғылыми еңбектер мен материалдарды саралау және жинақтау;
- Зерттеу материалдарын жинақтау және аппробациялау, озық тәжірибелермен танысу;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет