ҰОС қазақ халқына тигізген зардабы қандай болды?
Біз талдағалы отырған шығарманың тақырыбы ҰОС жылдарындағы ел басына түскен , әйел басына түскен қиын тағдырды суреттейтін Т.Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» романы.
|
Деректі фильмнен көрген үзінді бойынша өз ойларынт топшылайды.
Қазақ жеріне ҰОС жылдары әкелген қасірет пен қиындықтар туралы қысқаша түсініктерін жеткізеді.
Сөз шебері З.Қабдолов: «Тахауи Ахтанов кім?» – десе, мен: «Үлкен үшеу: «Қаһарлы күндер», «Боран», «Шырағың сөнбесін» дер едім», – деп бағалаған;
Соғыс суреттерін әйелдің, анығырақ айтқанда, әйелдердің көзімен суреттейтін, сол себепті де сол қанды қырғындағы әйелдердің психологиясын мұншалықты терең бейнелеп берген мұндай тағы бір роман, келіссеңіз де, келіспесеңіз де өзіңіз білесіз, қазақ прозасында басқашалай жоқ. «Шырағың сөнбесін» романы — қазақ әдебиетінің әскери жанрдағы санаулы жәдігерлерінің бірі.
"Шырағың сөнбесін" не айтады?
Кеңес офицері Қасымбек Нәзира атты ауыл қызына үйленеді. Соғыс басталып кетеді. Қасымбек мерт болған соң, Нәзира Абанға шығады, о да қаза табады. Баласын құшақтаған жас әйелдің көрген күнінің көбі қасірет, алғанының бәрі азап. Соғыс басталғанда эвакуацияға ұшыраған әйел, бала-шағаның қатарында Нәзира да бар. Нәрестесі қолында. Еңіреп еліне оралады. Романның ұзын ырғасы осы. Әрине, бұл бір сөзбен айтқанға ғана. Оқи, көре, аңғара келгенде көп-көп тағдыр, талай табиғат, характер қақтығыстары ашылады. Бұрын кітап бетіне, не театр сахнасына, кино экранына түспеген неше алуан деталь, қат-қабат тірлік. Оқиға Нәзираның ауызынан баян-далады. Бәрі соның көзімен беріледі. Соғыс, ел басына түскен ауыр жағдай әйел, бала-шағаның өзіне бейбіт күн кешуге мұрша бермейді. Жұрт қалай шегінсе де – алдынан соғыс шығады. Жағдайдың өзі кімді болсын, қақпалап апарып қан майданға салып жібереді. «Қайда барсаң – Қорқыттың көрінің» кебі.
|
«Қол белгісі» арқылы формативті бағалау
|
Негізгі бөлім
25 мин
|
Топтық жұмыс
|
1-топ –Т.Ахтановтың өмірі, шығармашылығы
2-топ – Эссе » Ошағымның сөндірмеші шырағын » (Минуттық эссе)
3-топ –Үзіндінің композициялық құрылысына талдау.
1. Басталуы: Назираның жат жерге аттануы.
2.Байланысы: Назираның әскери ортаға бейімделуі.
3. Дамуы: Соғыстың басталуы.
4.Шарықтау шегі: Тағдыр тауқыметі.
5. Шиеленіс: Үміт оты сөнбейді.
6.Шешімі:Туған жерге оралу.
Романның тақырыбы: Екіншідүниежүзілік соғыс.
Идеясы: Соғыс кезеңіндегі қазақ қызының көрген қиыншылығы арқылы соғыс қасіретін оқырманға жеткізу.
|
Топтар бір бірін бағалайды.Формативті бағалау.
«Смайликтер арқылы» (стикерлерді қажет деп есептеген орынға жапсырады)
|
Ноутбуктан аудиокітабы.
Оқулық, ресурстар
|