Кіріспе
Психологиялық дайындық
1.Білу
|
Ұйымдастыру
- Сыныптың санитарлық-гигиеналық жағдайын бақылау;
- Оқушылармен амандасу, түгелдеу.
- Топқа бөлу: Оқушыларды химиялық байланыстың типтерімен 3 топқа бөлемін. Әр оқушыға химиялық формулалар жазылған қима қағаздар таратылады .Солар бойынша:
І топ: Коваленттік байланыс
ІІ топ: Иондық, металдық байланыс
ІІІ топ: Сутектік байланыс
Әр топ өздерінің топ басшыларын сайлайды. Топ ережесін шығарады. Бағалау парағы таратылады.
Тапсырма № 1. "Ой түрткі" арқылы үй тапсырмасы сұралады.
І топ:
1.Коваленттік байланыс дегеніміз не? Түрлері қандай? Мысалдармен түсіндіріңдер.
2. Коваленттік байланыстың қандай сипаттамалары бар? (қанығуы, полюстенуі, бағытталуы)
3. Ковалентті байланыстың қанығуы деген не?
4. Ковалентті байланыстың полюстенуі деген не?
5. Ковалентті байланыстың бағытталуы деген не?
ІІ топ:
1.Иондық байланыс дегеніміз не?
2. Иондық байланыс пен коваленттік байланыстың ұқсастықтары мен айырмашылықтары қандай?
3. Металдық байланыс дегеніміз не?
4. Металдық байланыстың кристалдық торы қандай?
5. Металдық байланыс пен ковалентті байланыстың ұқсастықтары мен айырмашылықтары қандай?
ІІІ топ:
1.Сутектік байланыс дегеніміз не?
2. Сутектік байланыс түзіу үшін қандай жағдайлар қажет?
3. Тірі организмдер үшін сутектік байланыстың маңызы қандай?
Үй тапсырмасын қорытып, жаңа сабаққа көшемін.
|
Мұғаліммен амандасады.
Оқушылар химиялық байланыстың типтері арқылы 3 топқа бөлінеді. Топ басшысын сайлайды.Топ ережесін шығарады. Бағалау парағына топ басшысы өз тобындағы оқушылардың жауап беруіне қарай бағалап отырады.
Оқушылар үй тапсырмасы бойынша жауап береді. Флипчартта жазылған тапсырмалар орындалады. Топ басшысы жауап берген оқушыларды бағалау парағына бағалап отырады.
Оқушы тапсырманы жекелей, жұппен топпен орындайды.
|