САБАҚ: Сауат ашу
|
Мектеп: КОЖББ мектебі
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты- жөні: Абуталина А. К
|
Сынып: 1 «А»
|
Қатысушылар саны: 20
|
Қатыспағандар:0
|
Оқыту мақсаттары
|
1.2.9.1 Әріпті тану, ажырату оны дыбыспен сәйкестендіру.
1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану.
1.2.5.1 Мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе қойылған сұраққа жауап беру(мұғалімнің көмегімен)
|
Сабақ мақсаттары
|
Оқушылардың көпшілігі: Әріпті танып дыбыспен сәйкестендіре алады
|
Көптеген оқушылар: мысалдар келтіріп, қ дыбысынан басталатын сөздерге сөйлемдер құрай алады.
|
Кейбір оқушылар: Аудио-видео жазбаларды тыңдай отырып, оқиғаның немесе ақпараттың қалай берілгені туралы өз ойын білдіреді
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар:
Өз ойын толық жеткізе алуы.
|
Негізгі сөздер мен тіркестер:
Қой- баран- sheep
Қоян- заяц- Hate
|
Сыныптағы жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
|
Тыңдалым, Айтылым
Қ дыбысынан басталатын сөздер.
Қ дыбысы неліктен дауыссыз дыбысқа жатады?
|
Оқылым, Жазылым:
Жаңа сабақ бойынша «Жүгіртпе диктант» жазу.
Қ дыбысының жазылу үлгісімен танысып, жазып үйрену.
|
Осыған дейінгі меңгерілген білім
|
Дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырату.
|
Сабақ барысы
|
Сабақ кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басталуы
5 мин
Сабақтың ортасы
|
(МК:Ұ) Шаттық шеңбері: «Ыстық лебіз»
Қайырлы таң,көздерім!Ояндыңдар ма?
Қайырлы таң, құлақтарым!Ояндыңдар ма?
Қайырлы таң,қолдарым!Ояндыңдар ма?
Қайырлы таң,аяқтарым!Ояндыңдар ма?
Қайырлы таң, Күн! Мен ояндым!
Балалар, қазіргі сабақ басындағы көңіл-күйлерің қандай?
Өте жақсы! Көңілсіз!
Оқушылар өз көңіл-күйлерін айтады.
Ал менің көңіл-күйімді білгілерің келе ме?
Мұғалім өз көңіл-күйін айтады.
Ал енді сабақтың соңында біздің көңіл-күйлеріміз өзгеруі мүмкін,оны сабақ соңында білетін боламыз!
Өткен сабақты қортындылау.
«Серпілген сауал»
-Дыбыс дегеніміз не?
-Әріп дегеніміз не?
-Дыбыстар нешеге бөлінеді?
-Дауысты дыбыс дегеніміз не?
-Дауыссыз дыбыс дегеніміз ше?
«Сөз ойла, тез ойла» ойыны (Өткен дыбыстарға 3 тілде сөздер айту)
Ой қозғау.
(МК:Ұ) Жұмбақтарды мұқият тыңдаңыз.
Аяғы бар, жүрмейді,
Аузы бар, күлмейді .
Айнымайды бөпемнен
Тек сөйлеуді білмейді.
Бұл не?
Шешуі: ( қуыршақ)
Аласа ғана бойы бар
Айналдырып киген тоны бар
Шешуі: ( қой)
Құлағы ұзын, қорқақ аң,
Секіріп, секіріп қашады.
Шешуі: ( қоян)
Қуыршақ, қоян, қой сөздерін қатыстырып сөйлемдер құрайды.
-Бұл сөздердің бәрі қандай дыбыстан басталып тұр?
Жаңа сабақ
Видеоподкаст «Қ дыбысы»
Айтылым:
Айтылуы арқылы Қ дыбысының дауыссыз екенін анықтау.
Оқылым:
Қар, қара, қора, оқу, құлыншақ, тақ, қала, қос.
Топтық жұмыс
Жазылым:
«Жүгіртпе диктант»
Аққу, қу, қара, аққала, құлын, қарақат.
|
Көңілді әуен қосу.
Стикерлер
Жұмбақ суреттері
Доп
Ата- аналармен түсірген видеоподкаст
Жұмбақ суреттері
Bilimlend.kz
Оқулық
Жарға ілінген сөздер.
Дәптермен жұмыс
|
|
Сергіту сәті. Ойыншықтар арқылы сөйлем құрастыру.
|
Ойыншықтар
Қуыршақ, қой, қолтырауын, қасық, қалам.
|
Cабақтың соңы
|
(МК: Ө: Қ) «Серпілген сауал»
-Бүгін қандай дыбыспен таныстық?
-Қ қандай дыбыс?
-Неге дауыссыз деп айтамыз?
Рефлексия «Менің сөзім»
Бағалау
«Көңіл күйім қандай?»
Стикер арқылы көрсету
|
Доп
Смайликтер
|