Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Жалпы білім беретін Бұлдырты орта мектебі Физика және астрономия пәнінен



бет6/35
Дата14.05.2022
өлшемі4,97 Mb.
#143332
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
0003fb31-f50f0eb6

Күтілетін нәтиже:
А.Механикалық қозғалыс, жол және орын ауыстыру, жылдамдық сияқты физикалық ұғымдар мен шамалардың мағынасын түсінеді.
В. Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыс кезіндегі дененің жүрген жолы мен жылдамдығын есептеуге арналған формулаларды қолдана біледі.
С. Оқушылар өмірмен байланыстырып, физикалық ұғымдар мен шамалардың маңыздылығын айқындайды.
I- нұсқа
А. 1. «Физика» деген сөз нені білдіреді, қай тілден енген?
2. Физикалық денелерді мысал келтіріп, жаз.
3. Молекула деген сөз қандай мағынаны білдіреді?
4. Диффузия сөзін қалай түсінесің?
5. Заттың үш күйін атап шық.
В. Ұзындықтың негізгі бірлігі қалай аталады? Ол бірлікке еселік және үлес болатын бірліктерді атап шық.
С. Автомобиль 9 км жолды 10 м/с жылдамдықпен, ал келесі 27 км жолды 54 км/сағ жылдамдықпен жүрді. Автомобиль қозғалысының орташа жылдамдығы қандай?
II-нұсқа

А.1. Физика нені зерттейді?


2. Физикалық шамалар дегеніміз не?
3. «Атом» деген сөз қандай мағынаны білдіреді?
4. Температура дегеніміз не?
5. Қатты дененің молекулалары қалай орналасқан?
В. Өлшеуіш аспаптың бөліктерінің құнын қалай анықтау керек?
С. Велосипедші алғашқы 0,5 сағатта 10 км жол жүрді. Келесі 12 минутта ол 25 км/сағ жылдамдықпен қозғалды. Ол соңғы 9 км жолда 5 м/с жылдамдықпен жүрді. Велосипедшінің барлық жүрілген жолдағы орташа жылдамдығын табу керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет